Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің VII республикалы...

07.09.2015 3540

«Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің VII республикалық байқауы өткізіледі

«Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің VII республикалық байқауы өткізіледі - adebiportal.kz

 

 

 

pen.jpg


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті және Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың   2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында 2015 жылдың 11 қыркүйегінде «Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің VII республикалық байқауын өткізеді.

 

Байқаудың мақсаты – ұлттық  құндылықтарды бойына сіңіре отырып, білім деңгейін үздіксіз дамытатын, қазақстандық біртектілік идеясымен қаруланған көптілді тұлғаны қалыптастыру.

 




Байқаудың міндеттері:


 

қазақ тілінде оқитын жастардың орыс тілін меңгеруге деген ынтасын арттыру;

 

риторикалық дағдыларын дамыту, сөйлеу мәдениетін көтеру;

 

орыс тілін меңгерген дарынды жастарды насихаттау және оларға қолдау    көрсету.

 

Байқауға облыстық және қалалық (Астана, Алматы қ.қ.) іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары, 16-22 жас аралығындағы жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері және жалпы білім беру мектептерінің оқушылары қатысады.

 



Байқау төмендегі тапсырмалардан тұрады:

 


– бірінші тапсырма: жаңылтпаштарды өте шапшаң әрі анық айту.

 

екінші тапсырма: жазбаша және ауызша бөлімдерден тұрады:

 

а) орыс тілінде эссе жазу.

 

ә) берілген тақырыптар бойынша диалог құру.


 

– үшінші тапсырма «Шабыт жұлдызы»: орыстың халық әнін (заманауи әні) орындау немесе  театрландырылған интерпретациядағы  көркем шығармадан үзінді қою (пьеса, ертегі және т.б.). 

      

Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, дипломдармен, алғысхаттармен, сыйлықтармен марапатталады.


 

Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға хабарласыңыздар:


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті және Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы.


Байланыс телефондары: 8/7172/ 74-05-10, 40-83-97,40-83-67.

 


adebiportal.kz


 

 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар