Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЗЕРТТЕУ
Парасат Майданы хақында бірер сөз...

25.02.2023 2532

Парасат Майданы хақында бірер сөз 14+

Парасат Майданы хақында бірер сөз - adebiportal.kz

 

Қазақ әдебиетіне жаңашылдық пен өзгеше леп әкелеген жазушылардың бірі –  Төлен Әбдік. Оның психологиялық шығармалары әр қилы болғанымен, астарлы ойды үлкен парасаттылықмен сабақтастыра білген. Сондықтан, жазушыны парасаттылықтың шыңында тұрған қаламгер деп айтсақ қателеспейміз. Белгілі қаламгер Төлен Әбдіков киелі Сарарқаның төрінде, Қостанай обылысы Еңбек ауылында 1942 жылы дүниеге келген. Торғай өңірінде дүнинге келіп, туған жерімнің тумасы болғаны мен үшін үлкен мақтаныш. Өзінің бірбеткей көзқарасы мен шығармаларыда адамгершілік, ізгілік сияқты тағы басқа қасиеттер, ұлт тағдырына алаңдаушылығы байқалып, адамзаттың ақыл парасатының биіктеуіне, ой-өрісінің кеңеюіне  үлкен үлес қосып келе жатқан дарынды жазушылардың ең алдыңғы шебінде десем қателемпеймін. Әр шығармасында астарлы ойды білдіріп, оқырманға тікелей ой тастайды. Сол арқылы адамзат тағдырын түбегейлі өзгертіп, парасатты ойлауға, өзімшілдіктен гөрі адамгершілік қасиеттерді жоғары қою дағдыларын дәріптейді. Ал енді еңбек жолына үңілер болсақ, қазіргі «Ұлан» газетінде 1965-70 жылдары әдеби қызметкер және білім меңгерушісі болып жұмыс істейді. Жазушы 2002 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер атағын алады. «Парасат майданы» повесі  ПЕН-клубының сыйлығын алып, халықаралық Франц Кафка атындағы орденімен марапатталды. Осындай көптеген марапаттардың иегері болған Төлен Әбдіков адамгершілік, ізгілік, болашақтың жарқын болуы үшін  шайқасты ешқашан тоқтатқан емес. Өйткені бір қоғам қайраткердің берген сұхбатынан естігенім бар еді. Төлен алдына келіп тұрған адамның адамгершілік қасиеті төмен болса, мейлі ол билікте отырған адам болсын, мейлі ол қанша жерден сый-құрмет көрсетіп жатсын, кішкентай ізгілік қасиеті болмаса ол адаммен кездесуден бастартады екен. Міне осы жерден шығармаларының психологизмін кейіпкер мен автордың өзара байланысын аңғара аламыз.

Төлен Әбдіков шығармашылығының ерекшелігі - жеке aдамның идeялық жәнe aдaмгepшілік тұpғыдa қaрау пpоцeстepі мeн хapaктepдің философиялық мәнін aшудaғы тосын тaбыстapы. Жaзушы әуeл бaстaн бүкіл шығapмaшылығын пapaсaттылықты пaйымдaп, ізгілікті мaдaқтaуғa apнaды. Сондықтaн дa, біз жaзушыны үлкeн эстeт, интeллeктуaлды қaлaмгepлepдің қaтapындa тaнимыз. Өз дәуіpіндeгі әдeбиeттe кeң қолдaныс тaпқaн әдeби-көpкeмдік әдіс- тәсілдepді өзіндік өміp философиясымeн шeбep ұштaстыpып, шығapмaғa дa, кeйіпкepлepгe дe үлкeн жүк apқaлaтып, өз оқыpмaндapының сaнaсындa мәңгі сaқтaлap туындылap жaзғaн қaлaмгepлepіміз бapшылық. Жaзушылapдың қaй-қaйсысының дa шығapмaлapы eң aлдымeн, өзінің eшкімгe дe ұқсaмaйтын кeйіпкepлepімeн, олapдың тepeң психологиялық әлeмімeн, өзіндік дүниeтaнымымeн epeкшeлeнeді. Бұл кeзeңдeгі әдeбиeт aдaмның сaн қилы әpeкeттepін олapдың дүниeтaнымы мeн ішкі психологиялық әлeмі apқылы шынaйы суpeттeугe тыpысты. Aдaм бойындaғы тылсым apпaлыстap, aдaм психикaсындaғы ұшы-қиыpсыз ғaжaйыптap, aдaмгepшілік, aдaлдық сияқты қaсиeттep мeн пeндeшілік, apaмзaлық сияқты aлпaуыт күштep мaйдaны – қaзaқ әдeбиeтінің нeгізгі сapынынa aйнaлды. Қаламгердің қазіргі қазақ әдебиетін көтеруде, өз үлесін қосып, өмірдің шындығына көз жүгірту арқылы жазушылық мұратына жету жолында, тынымсыз еңбек етіп, талай кітаптың шаңын жұтып, ізденістер жетегінде болғанын көре аламыз. ХІХ ғaсыpдa пaйдa болғaн пpозaдaғы психологизм aғымын қaзaқ әдeбиeтіндe көpкeмдік дәстүpгe aйнaлдыpып оның кeң қaнaт жaюынa олapдың қосқaн үлeсі зоp. 

Жазушы шығармада өмірдің әр құбылысын, кейіпкердің жан толғанысы мен күйзелісін монолог, диалог арқылы ашып отырады. Шығарма желісі бойынша, кейіпкер «Бейтаныс құрбы» деп аталатын белгісіз жанмен хат алмасады. Осы хат арқылы қаһарманның жан толғанысы, өкпе-назы, қоғамға деген көзқарасы, ізгілік жолындағы ой сананың қарама-қайшылығына себеп болатын мәселелердің қозғалғандығын көре аламыз. Бұл жерде кейіпкедің мінез – құлқы толығымен ашылады. Автор күнделіктің иесін бұрын көргендігін, оның көп сөйлемейтін, мінезі жұмсақ адам екенін айта кетсе, күнделікте ойлау жүйесі қалыптасқан, ой-өрісінің жүйрік екені байқалады. Шыныменде, адам баласы ішкі жан дүниесімен сырласқанда құдды бір сөз өнерінің шебері деймісің. Осы орайда Т. Әбдіков шығармаларын зерттеп, саралы ойын білдіріп жүрген ғалымдардың өзіндік көзқарастарын ұсынуға болады. Төлен Әбдіков бір кезеңде өмір сүрген замандас достарының  шығармаларына  тақырыптық бөлініс  жасап, осы арқылы  автор, өз  зерттеуінің  маңыздылығы мен ауқымдылығын, қоғамда өзекті мәселелерді байқата  түскен.  Авторлық талданатын өз тұжырымдамасы қазақ прозасындағы жазушы ерекше орын алады, оның дәуірі, оның пікірінше, адамдарға көзқарасы әр түрлі болып келеді. Автор стильі, жазушы арқылы нақты мысал ерекшелігін көрсете отырып, борышты өтеуге алдын ала отырып, өз бетінше шығармашылық жазушылығын танытады.  Адам баласының ар-ожданы, адамгершілік жолындағы мұрат – мақсаты, адамзат үшін өз жанын құрбанға салу, мұнымен шектелмейді. Бұған осы бір адам бойындағы адамгершілік, ерлік ету, ниеттің тазалығы үшін күресетін Т. Әбдіковтың «Парасат майданы» повесі дәлел бола алады. Бұл шығарма, тосындылығымен ерекшеленіп, «Ф. Кафка» атындағы берілетін алтын жұлдыз белгісін жеңіп алған болатын. Алғаш рет «Таңшолпан» журналында жарияланған екен. Т. Әбдіков адамзаттық гуманизмнің қалыптасуына үлесін қосуы, көтерген мәселелерінің өзекті болу және жазушы идеясының биік шыңы осы «Парасат майданы» повесі десек қателеспейміз. Қандай туынды болмасын, оның өзіндік бір мәселеге түрткі болатын алғы шарттары болады. Сондықтан жазушы психологиясын, ой-өрісінің биіктігін аңғаруда, шығармаларындағы кейіпкер психологизмі яғни іс - әрекеті, мінез – құлқы т.б ерекшеліктері арқылы біле аламыз. Сол себептен жазушының оқырманға айтқысы келген негізгі ойын, идеясын түсіне отырып қабылдауға тырысамыз. Осы орайда жазушының берген бір сұбатында зұлымдықтың барлығы ет үйренуден басталады деген. Демек жамандыққа, зұлымдыққа, басқа нашар істерге еті үйренгенен кейін ол адамды тоқтату қиын. Мәселен, қарапайым ұрлықшыны алайық, ұрлықшылық қан мен де беріледі, бірақ бала күнінен еті үренген адамға бұл іс әдет болып тұрады. Сондықтан бұдан арылу оңайға соқпайды. Рухани азғындықтың көрінісі осы ет үйренуден болып, бойындағы жаман қасиеттердің қалыптасу дәуірі басталады. Бойы, болмысы үйренген адам,  жіркеніш сезімінен айырылып, азғындықтың жетегінде қалып қалуы ғажап нәрсе емес. Содан кейін қалғаны жеңіл қалыптасып, бойы үйрене береді. Олай болса ақпараттар толасып жатқан заманда адамның рухани тазалығынан гөрі адамдар арсында материалдық, ақша құндылықтары алға тартылып жатқанда бәрін ақылға салып ойлайтын маңызды мәселелер жетерік. Сондықтан бәрін тезге салып, сараламайтын адам санасына қазіргі уақытта ақыл айту, оны санасына құйдыру өте қиын нәрсе. Адам баласын тәубесіне кентіретін Парасат майданы секілді шығармалар тобыры көбие берсе, мүмкін ақылға қонар ма? - деген ой бар. Әрине мұның бәрі тек ой ғана, оны іске асыратын тек саналы адамның қолында.

Иә, жазушы ойы өте тамаша, жаман әдеттерге әуес болып, былыққа шетінен батып келе жатқан заманда, ойлануды қажет ететін нәрселерден гөрі бәрі тез шешіле салатып, ойланбастан шешім қабылдай салатынымыз бар. Кейін өкініп, ойлау керек еді дейтініміз тағы бар. Сол себепті де материялдық алғы шарттардан гөрі, сабырға келіп, рухани құндылығымызды дамытқанымыз жөн. «Парасат майданы» қоғамның айнасы. Өйткені қоғамның нақты проблемасы осы бір шағын повесте қамтылған. Сол арқылы жазушы, жаман пиғылды жеңу үшін парасат майданы алаңына шақырады. Қоғамның шындығына, өзекті мәселесіне ой жүгіртіп, парасатты көзқарасын қалыптастыратын шығарма «Парасат майданы» повесі. Повестін оқиғалар жүйесін ашу үшін, негізгі оқиғаларға шолу жасап, кеейіпердің ойын жеткізуге тырсамыз. Оқиғаның басталуы  13-ші наурыздан бастап жазылған жеке тұлғаның күнделігінен бастау алады. Кейіпкер өмірінде бір өзгерістің бар екенін, жүйкесінің тозып, ұмытшақ болып бара жатқанын, араға 3-4 күн салып жазбай кететінін жазып, мұның бәрі неге байланысты екені беймәлім болып көрінеді. Қаһарманнның жанын жеп, ойын таразыға салып, күйзелуінің бір көрінісі – жалғыздық. Психологияда жалғыздықты психогендік факторлардың бірі деп көрсетеді. Адам жалғыздық жағдайы ұлғайған сайын, тілдесуді, қарым-қатынасты қажетсініу ұлғаяды. Сондықтан жалғыздықты сезінген сайын қиял күшімен түрлі психологиялық ауытқылар пайда болады. Оның ішінде тұлғаның екіге жарылуы яғни қостұлғалық бар. Т. Әбдіков шығармаларының көбі дерлік осы бір адам жанының дертімен тығыз байланысты. Сондықтан да болар жазушының қаламынан туған туындылар оқырман жүрегінен орын алып, еріксіз адам жанымен тілдесіп, тұңғиық ойға баурап алады. 

Оқиға желісі бойынша күнделік иесі басынан бір түсініксіз жайттың орын алып, оны таңқалдырған осы бір оқиғаны баяндайды. «Бейтаныс құрбы» деп аталатын хат иесі, өз ойын білдіріп, жақсылық пен жамандықтың мәңгілік қақтығысын әлі де көп ойлануды қажет ететін тұжырым деп көрсетеді. Хатта «Бейтаныс құрбы» жақсы мен жаманды ажыратып, ара жігін талдаудың мүмкін еместігін айтып өтеді. «Үйткені, ол біреуге жақсы болса, біруеге – жаман; жауларына – жауыз, жарына – аяулы, достарына адал т.с.с». Шынымен де көшедегі алдамды ұстап, оның я жаман я жақсы екенін айыра алмаймыз. Пенде болғандықтан біруге жақсы біруге жаманбыз. 

 Тағы бір қоғамның актуалды мәселесі адамның не істесем де өзім білем деп ойына келгенді жасайтын адамдар туралы болмақ. Бұны кейіпер күнделігінің бас жағында айтып өтеді. Сондықтан оқиғаны ретімен талдау жасадық. Қоғамда қандай да болсын ақпарат көзін ашып қалсаңыз да, қазіргі кезеңде былыққа белшесінен батқан жандар мен адам шошырлық оқиғаларға кез боласыз. Повесте адам не ойласа соны істейтін, қазақтықтан безініп, ойны келгенін былықтырып, ұятсыздық пен бетпақтықтың ортасынды өмір сөріп жатқанымыз соншалықты ақпарат көзін ашып қалса, тек ылғи жайсыз оқиғаларды жазатыны белгілі. Қазіргі таңда күнделік иесінің айтып отырғаны қоғамда белең алған ең актуалды нәрсе. Заман өзгергендіктен бе, ақпарат беттерін тіпті ашқың да келмейтіні рас. Міні осындай заманның шынайы келбетін ашып, ақтарып көрсетін, парсатты көркем туынды деп қарасақ болады.   «Бейтаныс құрбы » хатында, жақсылық пен жамандықтың, ізгілік пен зұлымдықтың қақтығысын бірнеше мысалдар келтіру арқылы, оның үздіксіз жүретін процес екенін талдап көрсетеді. Философиялық ой қозғап, қайрымды күш – "Ян" мен қайрымсыз күш "Инь"- мен алмасу заңы тығыз байланысты болатынын, тіпті суретінен белгілі ақ пен қара бір біріне қарама – қарсы  болатынындай жақсылық пен жамандықтың адам бойында алмасып отыратын құбылыс ретінде суреттейді.  Бұл екеуінің арасындағы ойларының аз болмайтыңдығын, әңгіменің аяқталмағанын айтып, таныстыққа, сырласуға шақырады. Хатты коридордағы столдың астыңғы қабатына қалдырып отыруын өтінеді. Қаһарман хатты алысымен аң – таң күйде болады бұл хаттың қайдан келгенін, неге күнделікті сұраусыз оқығанын, хатсыз – ақ неге таныспайтындығын біле алмай таңырқаған күйде жүреді. Кейін өз - өзін   жұбатуға тырысып, енді бұл оқиғаға мән бермеуге бекінеді. Бірақ «Бейтаныс құрбы» тағы да хат жазып, адамгершілік, өтірік - өсек, шындық жайында өз ойын жазып, кейіпкердің назарын аудартады. «Күнделік иесі» бұл жайға бей – жай қарай алмағандықтан, «Бейтаныс құрбымен» кездесу жолдарын іздейді. Оған жауап хат жазып, кездесу орнын белгілейді. Бірақ екуі кездесе алмайды.

Пенденің рухани әлеміне бастауы болған әлеуметтік-ұждандық өлшемдерге қайта үңілу деп түсінеді. Туындыдағы кейіпкердің күйзелісі, адамзат алдындағы парызы, болашақ адамгершілік ізденістеріне бейкүнә шақтағы сәуненің нұр шашып, жарқын мақсаттардың көрінуі десе де болады. Бұл шығармадағы кейіпкер іштей ар азабына түсіп, парыз, борыш, мақсат талқысына түседі.       Повестің негізі адамгершілік ізгі ниеттерді дәріптеу болса, сол жолда бар ой күйзелісін, жанын, парасатты ойға түсінуінің де мәнісі қаншама. Ар - намысты араға салып, жанының тазалығы үшін өз - өзіні құрбан ету, кейіпкердің характерін психологиялық тұрғыдан талдауға жасалған көркемдік кеңдігіне терең бойлайды. Адам бойында болатын психологиялық құбылыс, қатерлі қауіп, қолайсыз эмоция қорқыныштың ең қауіптісі өз - өзінен қорқу. Ойдың сан саққа жүгіріп, лобиринт сияқты ішкі әлемнің шырмауынан қайта шығуың қиын. Санада алаңдаушылық туғызатын, шешілмей жүрген кейбір мәселенің салдарынан, ой қатпарына сүңгіп, үрей туғызатыны бар. Кейіпкер осындай ой тұңғиығында жүріп, бойында өзі түсінбейтін құбылыстардың бар екенін түсіне бастағандай. Бірақ психиатриялық ауруханада жатқан жындының өзі де аурумын деп ойламайды ғой. Дәрігердің қабылдауында жүріп, психика потологиясы жайында қанша лекция тыңдаса да, оған мысалдар келтіріп, тұлғаның екіге жатылуы жайында түсінік берсе де «күнделік иесінің» потологияға көзқарасы мынадай: «Ал менің ойымша: сіз әлемдегі құбылыстар араластыру және қалыпты жағдай кезінде шамадан тыс мидай, денсаулық және шекара ортада ауру емес. Мәселен, тісің болса кешіріңіз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және бір – патология, ал кеше ғана күйіп – достар ғашықтар, жанып жатқан астынан аяқ киім және көйлек қан бір-біріне, бұл сатқындық емес, патология, бұл тән қалыпты өмір сүру жағдайларын. Мен секілді ұғымдар пайдаланылады қағидаларға аяқталды. Әйтпесе, қандай патология болуы мүмкін адамгершілік мұратыңды сатудан?». Иә, кейіпкердің айтқысы келген ойы, адамгершілік жолындағы тұрақты көзқарасының пайымдауынан, өзімшілдік, қатігездік, ішітарлық сияқты әлеуметтік мінез – құлықтарды потология деп түсінетіндігі дұрыс шығар. Бірақ дәрігердің психопотология жайында айтып отырғаны, мүлдем бөлек емес пе?  

«Бейтаныс құрбының» хаттарын оқып, ойында түрлі сан саққа жүгірген ойлар маза бермей кейіпкердің мазасын алып, күдік туғызады. Оның жазған хаттарынан мені сыртымнан бақылап жүретін адам секілді, өйткені жазған жазбаларынан бұрын ойлаған ойларына дейін оған таныс көрінеді. Оны күні – түні ойлап, түс көреді. Түсті біз болашағың мен өтеніңді байланыстыратын құрал іспеттес. Ата – бабаларымыз түс жоу арқылы болашақты болжағаны сияқты, адамның ішкі жан дүйесіндегі көріністерді кішкентай детальдар арқылы көрсетіп отырады.Түсінде сол бейтаныс адамын көріп, тілдеседі. «Үстінде менің үстімдегідей сұр халаты бар, аяқ кейімі де тура менікіндей, теріс қарап тұрып:             

 - Мінеки, ақыры кездестік қой, - дейді маған. 

- Иә, кездестік, деймін мен кекесін үнмен.».

Жүйкесіне тиіп, мазалап жүрген ойларға одан әрі шамасы жетпей, коридарға шығып, медбикеге «- Сіз не бітіріп жүрсіз? – деп бажылдаймын оған өзімді - өзім тоқтата алмай. – Бөтен адамды неге кіргізесіз менің бөлмеме?» - деп медбикеге болған жағдайды түсіндірмек болып, қолындағы хаттарды көрсетеді. Бірақ медбике сабырға шақырып, дәрі беріп, тыныштандырады. Ой санасының түкпірінде не болып жатқанын түсіне алмай, біраз сергелдеңге түсіп, есін адастырған тылсым құбылыстың жетегінен шыға алмай қиналысқа түсіп, қатты қажиды. Осындайда адам есінен аусып, қажып, қалжыраған, жанына тыныштық бермей жүрген дерттен құтылудың бір амалы, повестегі кейіпкер секілді өз - өзіне қол жұмсау шығар деп ойлайсың. Бірақ өз - өзіне қол жұмсау, шариғатта жазылғандай күнә болып есептеледі емес пе? Сонда осындай ақыл парасаты толақсыған, ізгіліктің, адамгершіліктің жолында, өз жанын салып, жүйкесін тоздырып алаңдаған тұлға күнәға батты деген сөз бе? 

Адам баласы бұл дүниеге келеннен кейін өмірдің бұралаң жолдары болатынын, өмір бақи күресіп өтетінімізді біледі. Күнделік иесі: «Өмір — күрес. Алдымен адамзат бар күшімен күресетін болды. Кейін әр түрлі халықтар арасында қару-жарақ ойлап тауып, соғысқа шығып, жаппай қырғынға ұшыратты. Енді, соғыстан кем емес, адамның ішкі болмысымен шайқасып, ақыл – парасаттың жолында жанын құрбанға салатын Парасат майданы шықты. Бұл шайқаста ізгілк жеңіс таппаса, адамзаттың күреуі орын алады. Одан құтқаратын күш жоқ.» - деп «Бейтныс құрбы» бастаған екеуара шағын майданды, қабылдайды. Ізгілікке қалай сенім білдірсеңіз, зұлымдыққа да солай сеніңіз деген ойына, ізгілік жолындағы сенім жайында, жақсылық пен жамандықтың текетіресі мен адамгершілік қағидасы, ізгілікке қарсы бағытталған өлім, өтірік туралы айтылған тосын пікірлерге жалпы ізгілік пен зұлымдықтың  табиғаттағы арасалмағы бірдей емес екедігін алғашқы хатында тілге тиек етеді. «Жалпы өзі бұл кездесу неліктен керек?  Жекпе – жектің бір нәрсеге қатысы бар ма? Кім білсін...» Бұл екеуара соғыстың психологиялық дүниетанымында адам санасының арпалысы жатыр. Қай уақытта болмасын ой еркімен арпалысып, нәпсіңді өзіңе жеңдірмеу мақсатында талай белестерді бағындырып, соғысып келеді. Әлі күнге дейін шайқасын тоқтатпақ емес. Пенделік мүдде мен биік парасатты кейіпкер ойымен қарағанда рухани әлемнің бағыттары деп көрсетеді. Осы пенделік мүддені биік қойып, парасаттың биігіне жетуге талпынбайтынымыз тағы бар.

Шындығында пенделік мүддені алдыңғы қатарға қойып, бәрін өз пайдамызға жарататынымыз жалған емес.  Адамзаттың рухани дамып, ар ұят, парыз секілді ұғымдардың тікелей адам баласынмен тығыз байланыста болу керек екенін, бостандық алдым екен деп ойына келгенін істейтін жандар туралы хатта айқын көрінеді. Кейіпкер бостандық ұғымын түсіндіре кетіп, бостандықтың өз шегі бар екенін яғни бостандық алдым екен деп ойына келгенін істей беру деген сөз емес екенін тілге тиек етеді. Иа қазіргі қоғамның, шындығын ашып көрсеткені сөзсіз. Өз еркім өзімде деп ойына не келсе соны ойланбастан істей салатын адам көп. Абай атамыздың қара сөзінде ой кеселдері туралы, олардан қашық болу жөнінде жақсы бір адамға үлгі өнеге, ақыл – парасатын кеңейтетін ғақлияларынан белгілі. Кейіпкердің ойынша адамның азғындану, пайдасы жоқ зұлым пиғылды болуын, рухани тазалыққа қарсы жасалған рухани терроризм деп, «бейтаныс құрбы» ізгілікке қарсы шабуылдағысы келіп жүрген террорист ретінде көреді. Повесте рухани тероризиге қарсы күрес керек, - деп үндей салады. Көркем шығармада «Бейтаныс құрбыны» терорист ретінде санауы, терористтер қалай өзге елдерге зиянын тигізсе, солай сананның улануына қесірін тигізетінін байқатады. Қаламгер сол арқылы сананың улануына қарсы әрекеттер жасап, жол бермеу жолдарын іздейді. Автордың рухани терооризм туралы ойы, онмен күресу үшін адамгершілік пен ізгіліктің жолында жүріп, сананы уламақ болған түрлі террористік ойлардан аулақ болуды дәріптейді. 

Төлен Әбдіковты біз парасаттың шыңына жеткен адам ретінде білеміз. Ал сол шыңға жеткізген оның парасатқа толы шығармалыры. Сондай туындыларының бірі парасат үшін шайқасқа түсіп, үлкен ауқымда, адам жанының тазалығын сақтап қалу үшін қозғалған философиялық ойларға толы «Парасат майданы» повесі. «Өмiрдiң бapлық caлacында — iшетiн  тaмaқтaн баcтaп, бaсқa қонған бақ-дәулетте де, бәсеке-тартыста да, нәпсiде де қомағайлық пен ынсапсыздыққа бой алдырып, қабыланның күшiгiндей қатерде тұрмыз. Қабыланның күшiгiн құтқаратын күштi табиғат күнi бұрын ойластырған. Ал адамды құтқаратын өзiнен басқа күш жоқ.» Қанағатсыздық, ішітарлық, менмендік, өзімшілдік айта берсең бұндай кесапат қасиеттер, тек өзім өзім деп тұратын ішкі дауыс, адам бойындағы жақсы қасиеттер мен парасатты ойларды азғындап құртатыны сөзсіз. «Рас, арсыздау «Меннiң» арқасында өзiнiң ғана емес, өзгенiң де несiбесiне ие болып жүрген олжабайлар жетерлiк. Алайда «Мен» жүйесi қауым талабын орындауға жарамсыз. «Өмiр дегенiң қашан да — кеменiң апаты», — дейдi Х.Ортеге-и Гассет.» «Менге» қарсы соғыс ашу – тек өзіңді ғана емес өзгелерді ойлау. Атлант мұхитында апатқа ұшыраған «Титаник» кемесі туралы тамаша мысал келтіреді. Ажал құрсауында қалып, өзін ғана ойлаудан аулақ болып, сол жердегі көмеке мұқтаж адамдарға бару, тек парасатты адамның концепциясы. Француз ақыны Ш.Бодлер өзінің "Зұлымдық гүлдері" атты кітабы, Жапонның белгілі жазушысы Акутагава Рюнеско: "Адам өмірі Бодлердің бір жолына да татымайды" деген пікірі, Пикассоның Минотавр сериясынан "Арена" деп аталатын суреті туралы мысалдар арқылы зұлымдық жайында «Бейтаныс құрбы» кезекті хатында, осындай дәлелдемелермен ой пікірін  білдіріп, күнделік иесін жайына қалдырмағаны, оған енді қорқыншты болып көрінбейді. Бар ойын жинап, сабырлықпен жауап хат жауға бірден кірісіп, еш алаңсыз бастап кетеді. Хатта екеуінің сол баяғы ізгілік пен зұлымдық туралы қалыптасқан көзқарасы сөз болады.  Зұлымдық жайында бізден бұрын түсінген адам бар деп, ұлы адамдарды арқау еткен дәдел сөздеріне, кейіпкер ізгіліктің, адалдықтың туын тік ұстаған ұлы адамдар арқылы, тиісті жауабын береді. Кейін «Бейтаныс құрбы» жазған хаттарды тағы да оқып шығып, пейілінің зұлымдыққа жақындығана іштей ренжіп, ашынады. Осындай ізгілік үшін күресте, күйзеліске түскеннен болар, хат иесін күндіз - түні ойлаумен болады. Тіпті түсінде көріп, азапқа салады. 

Кейіпкер концепциясының берілуі шығармада өз орынын тиімді иірімдермен пайдаланған. Оқиғалар жүесі бойынша кейіпкер де, қаламгер де өз ойын айқын бере алды. Парасаты, ақыл – ой қалыптасқан қаламгердің кейіпкерге ой тастау арқылы оқырман ойынан шыға аладыдеген сенімдемін. Өзеше үлгіде, оқиғалары орын орынымен құрылып жазылған шығарманың оқырманға да өзгеше әсер қалдырары сөзсіз. Ал оқиғаның жүйелілігіне келер болсақ, дүниетанымдық бірбеткей көзқарастың адамы зұлымдықпен күресін тоқтатпақ емес. Төлен Әбдіковтың шығармаларының ойы әр кезде өз өзектілігін жолғалпақ емес. Өз елінің болашағына алаңдап күйзелген жазушының даралық жолы не? – десеңіз. Қазақ әдебиетіне өзгеше леп әкелген жазушы ретінде таныр едік.   Қарсыласыңды шайқаста ойсырату үшін, оның тактикасын, қандай қару қолданатынын білуің керек. Парасат майданы үшін шайқаста «Бейтаныс құрбы» қолданған Ш.Бодлердің шығармашылығымен танысу үшін кітапханаға барып, бұл кітапты өзінің алғанын білгенде есінен танып қалады. Келесі күні оянып кешегі оқиғаларды есіне түсіріп, өзіне беймәлім болған бұл жағдайдан кейін бір тыншымайды. Енді бұл тылсым құбылыс туралы дәрігері, жағдайдың неден басталғанын, өзіне маза бермеген «бейтаныс құрбы» жайында бар шындықты жеткізеді. Яғни адам психопотологиясы, тұлғаның екіге жарылуы жөнінде ой қозғайды. Дәрігер адам психикасын зеттеу, адам санасының  осы күнге дейін шешімін таппай келе жатқан жүмбақ сыр екенін айтып кетеді. Мейлі қанша ғасыр өтсін, адамның ұшқыр қиялын, ішкі сырын ұғу қашанда дәрігерлер үшін оңай болған емес. Сол себепті потологияда өз құпияларын толық аша алмай келе жатқан салалардың бірі. Жалпы потология дегеніміз мистикаға жақсын адамның ішінде бір не бірнеше адамның өмір сүруі. Әдеби термин бойынша тұлғаның екіге жарылуы деген ұғым. Бұл туралы дәрігер алдыңғы кездесулерде айтқанымен, поциентке түсінікті болу үшін түрлі мысалдар келтіріп, ақ, қарасын ажыратып көрседеді. Шынымен адам баласының барлығында екі тұлғалық болатыны рас. Ішімізден «иә» деп тұрғаныңмен, кей – кезде келісім бермей «жоқ» дейтініміз бар. Мұндай құбылысқа сенудің өзі әрине есі дұрыс адамға сендіру қиын. Дегенмен де шындықтың аты шындық. Мәселен, дәрігердің келтірген бір мысалында   Лев Толстойдың «Тойдан кейiн» атты әңгімесінде той үстінде зиялылығымен, мәдениеттілігімен жұрттың көзіне түскен полковник шенді азамат сол күні таң алдында белгсіз бір сиқырмен қатігез жендетке айналын жұрт назарын тағы өзіне аударады. Дәл осы мысал оқиғасы Парасат майданы повесіне көрініс табады. Негізгі кейіпкер таң ата араға төрт күн салып басқа адамға айналады.  Потология деген өзі бір шешімін таппаған тылсым құбылыс. Араға төрт күн салып басқа адам болып оянасыз деген  тосынан айтылған дәрігердің сөзіне, қатты үрейленіп, есінен танып қалады. Күнделік иесін билеген тылсым құбылысқа, берген жауабы тек өлім болды. Ізгілік үшін шайқаста өзін құрбан етуі, ішіндегі зұлымдықты жеңу мақсатында, майданда ерлікпен қаза тапты десек қателеспейміз. Дегенмен де батырлар жер үшін, отан үшін шайқасып батыр атанса, санамен, ішкі дауыспен, текетіреске шығып, жақсылық үшін шайқасып батыр атана алмайсың. Осы орайда тек жазушының оқырманға ұсынған үлгі - өнеге, өсиеті деп қараймыз. Кейіпкердің өз оқиғасынның шешуші шымылдығын М. Мақатаевтың ауыр өлеңімен аяқтауында да үлкен мән жатыр. Бұл өлең шумақтары арқылы кейіпкер жауыздық үшін күресте, табжылмай қарсы тұратын қасиетімен ерекшеленіп, тоқсан түрлі ойдың, тобықтай түйінін М. Мақатаев өлеңімен тамаша аяқтаған. Осы орайда Мұқағалидың шыңармашылығы, өлең шумақтарымен берілгенімен, қисынын тапқан өлеңдерінің өзекті тақырыптары, ақынның ішкі күзелісін ағынан ақтарып беретін, ол әриене жүрек жарды өлеңдері. Ал кейіпкердің осы өлеңді қолдануы, өте тиімді тәсілдердің бірі. Бұл жерде әрине автордың өзіндік қолтаңбасы бар. Сюжет, мүмкін болса, қарапайымдылыққа, күрделілікке ұмтылуы керек. «Парасат Майдан» әңгімесінің сюжеті күрделі, өйткені ішкі жанжал, тартыну, азғырулар, әдебиеттегі өте күрделі драмалық сюжеттерге негіз бола алатын адамдар бар. Сюжет, керісінше, күрделі және тиімді болуы мүмкін.

Әдебиетте постмодернизмнің белгілері байқалады, оларды келесідей бөлуге болады:

 - классикалық баяндау дәстүрін автордың қабылдамауы,

 - мәтіннің күрделі сюжеттік және сюжеттік ұйымдастырылуы;

- өткен дәуірдің әртүрлі діни, философиялық және әдеби тұжырымдамаларына бағытталған интертекстуалдық;

 - кез-келген көркемдік фактіні, моральдық құлдырауды немесе өлімді болсын, оның толық болмауында болатын ең анық емес оқиға ретінде көрсетуге мүмкіндік беретін түзетуші ирония;

- кейіпкердің психопатологиясы, әдеттілік пен ақылсыздықтың шекарасын жояды, архетиптік проблемалар мен қарсылықтарды, мысалы, жақсылық пен жамандық, жақсылық пен жамандық, жеңіс пен жеңіліс, өмір мен өлім сияқты қиындықтарды күшейтеді.

Мәтіндерді біріктіру принципі бір авторлыққа айналады және ортақ сюжеттің басым болуы - мәтінді бір сюжет кеңістігіне қосуға мүмкіндік беретін өлім жағдайы. 

Т. Әбдіков шығармалары осы орайда шығармаларының оқиғалар жүйесі, берілу үлгісі бір ретпен тиянақтылықпен орын алып жатады. Қай шығармасын алсаңыз да артық ауыз сөзге, көркемдегіш құбылыстарға кезікпейсіз. Шығармалары аз көлемде жазылғанымен, үлкен ойлы, парасаттылықпен жазылған. Әр шығармасы өзінше ерекше күйге бөлеп, оқырманның жадында ұзақ уақытқа дейін сақталады. Яғни Т. Әбдіков шығармалары арқылы, оқырман өмірлік рухани азық алады десек болады. «Парасат майданы» повесі сол парасаттылықты, оқиғада қозғалған әлеуметтік мәселені айқын көрсетіп, оқырман қауымға үлкен азық бере алды деп ойлаймын. Тыңғылықты ойдың иесі адамгнршілік, ізгіліктің үстем құруы үшінде де өзін құрбандыққа шалды емес пе? Мені алаңдатқан бір ой, ол қазіргі қоғамда адалдық, сөзіне берік болу, адамгершілік сынды адам бойындағы жақсы қасиеттердің жоғалып бара жатқандығы. Әрине қазір бәрі кейіпкер айтқанадай, өзімшілдік, не істесем де өмір өзімдікі деп артық кететіндердің салдарынан қоғамның әлеуметтік мәселесі нашарлағандай. Жазушының құлдыраудың шегінде тұрған қоғамға өзінің алаңдаушылық парасатты ойын қосып, азғантай болсын зұлымдық үшін күресте қосқан үлесі деп білеміз.

Т. Әбдіковтың қоғамның поблемасына айналған мәселелерді осы повестен шешімін таба алдық. Енді осы ар – намыс, зұлымдыққа қарсы айтылған ойларды топтастыруға болады. Осы орайда кейіпердің әр – түрлі мәселелерді қозғағанын мына ретпен көре аламыз:

1. Ізгiлiк жолындағы жанпидашылдықтың болуы;

2. Адамгершілік қасиеттің биік болы;

3. Рақымшылдық, жанашырлық, аяушылық, жақсы көрушiлiк;

4. Жақсылық пен мейірімділіктің қоғамдағы орыны;

5. Жаман әдеттерден аулақ болу;

6. Қоғамда адамдар арасындағы ішітардықтың, жауыздықтың, мейірімсіздіктің және тағы басқа адам бойындағы жаман мінез – құлық қасиеттерінің белең алуы;

7. "Ақылсыз сұлу адам, опасыз сұлу әйел, алдамшы сұлу сөз...", - демекші    сұлулықтың алдамшы көрінісі;

8. Ізгіліктің жеңіске жетуіндегі семділіктің болуы;

9. Адам бойындағы жақсы қасиеттердің қате қалыптасып, дұрыс бағытқа бұрылмай, шетте қалуы; 

10. Бостандықтың шегінен шықпау;

11. Парыз, обал,сауап, ар-ұят деген ұғымдардың болуы;

12. Адам баласының шындықты түсiнуге, сонымен қатар оны жүзеге асыруға деген ниетіміздің болмауы;

13. Ар – ұяттың  тазалығы;

14. Жалғыздық;

15. Менмендіктің ішкі әлемде өз жүйесін емес «Біз» деген жүйненің болуы;

16. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден жиіркену;

17. Ләззаттың шарабына құнықпау;

18. Рухани әлемде пенделік мүддеден, парасаттылық мүдденің биік болуы;

     

Міне парасаттылқ үшін майданда осындай әлеуметтік мәлелерді талқыға салған. Қай жағынан да алып қарасақ бұл мәселе қоғамда бірінші орында тұрған, әлі күнге дейін шайқасқа түсіп жүгенін байқаймыз. Бүгінгі күннің көрінісі тән құмарына билік беріп қойғаны өтірік емес. Ал оны жеңу үшін, біз атап өткен мәселелермен жұмыс жасағанымыз жөн. Осы өзекті мәселелерді қозғау арқылы, жазушының оқырманға берер үлгі  - өнегесі де, адам баласын ойландыратын тыңғылықты ой жүйесін қалыптастырудағы парастатылығының биік екенін байқаймыз. Сол арқылы оқырманды ізгілік үшін күреске, парасаттылықтың майданына шақырады. Ал бұл майданда жеңіп шығу, оқырманның өз еншісінде бола бермек. 

 «Парасат майданы » повесіндегі кейіпкер болмысы

Шығарманың қайсы бірі болмасын, автордың не кейіпкердің белгілі бір мақсатта айтқысы келетін ойы болатыны сөзсіз. Сондай шығармалардың бірі «Парасат майданы » повесі. Төлен Әбдіков шығармашылығы бір ізділікпен, ойдан ауытқымай, таза оймен жазатын жаушылардың қатарында. «Оң қол» әңгімесі мен «Парасат майданы » повесі  тұлғаның екіге жарылуымен тығыз байланысты. «Парасат майданы » повесінде кейіпкер болмысы кеңінен ашылып, кейіпкердің әр қадамы, ойлаған ойы, не істегені, мінез – құлқы, психологиялық ауытқулары, көрген түсіне дейін күнделікте айқын көрінеді. Күнделік иесінің қоғамға деген алаңдаушылығы, ізгілік пен зұлымдықтың, жақсылық пен жамандықтың, өтірік пен шындықтың өзара қақтығысы, кейіпкердің ішкі күйзелісі, «бейтаныс құрбы» - мен хат алмасу кезінде айқын көрінеді. Осы кейіпкердің ішкі күйзелісі арқылы автордың оқырмаға, негізгі идеяны ашып, үлкен ой тастайды. Адамның бойында болатын потологиялық құбылысты кеңінен ашып, оған қоса қоғамның проблемасын айқын көрсететін бір ден бір шығарма. Кейіпкердің ішкі монологы, күйзелісі ой ағымндағы шындығының көріністері, психологиялық ойлау деңдейнің бір көрінісі екені белгілі. Сондықтан ішкі болмысын ашудың негізгі құралы бұл күнделік. Күнделіте жазылған әр ой иірімдері, нақты детальдары анық көрініп ішкі толғанысын ағынан ақтарып береді. Шығарманың толақ қанды ашылыуы үшін бүл негізгі деталь ретінде қарастырылып тұр. 

Жалпы кейіпер болмысы деген тақырыпқа тоқталтын болсақ. Кейіпкер сөзінің мағынасы жазушының нақты ойын, идеясын оқырманға тікелей өз ойы ретінде жеткізуші тұлға.Ондағы кейіпкер болмысы, оның іс – қимыл, әрекеті, мінез – құлқы мен сөйлеу тілі, автордың қиялымен тікелей байланысты. Бірақ көркем шығарманың негізі оқиғасы автодың қиялынан туы мүмкін, сонымен қатар шындыққа негізделген болған жағдай желісінде де жазылуы мүмкін. Шынымен де «Парасат майданы» повесінде негізі кейіпердің күнделік жазып, қалдыр,ғаны рас дүние ма? Әлде автор сол күнделікті жазу арқылы өз ойын білдіргісі келді ме? Ол мен үшін бір жұмбақ болды. Дегенмен де бұл шығарманың негізі қиялдан тусын, шынайы өмірден алынған болсын, автордың блашаққа деген алаңдаушылығы көрініп, жас ұрпақты ізгі ниеттілікке тартады. Міне осы арқылы жазушы өз мақсатына жетпек. 

Көркем шығарманы ашуда, оның идесясын, кейіпкер болмысынның психологизмін диалог, монолог арқылы көруге болады. Бұл жерде көркем туындының кейіпкер бейнесін жасауда, кейіпкер тілінің әсері бар. Сондықтан кейіпкердің тілі, психлогиялық ойлауына тікелей ықпал етеді. Бұл жайлы Рабиға Сыздықтың пікірі бойынша кейіпкердің мінез – құлқын, білім деңгейін, оның образын ашуда кейіпкер тілі үлкен үлес қосады. Бұл – стилбдік тәсіл деп ұғады. Сондай ақ басты тұлғаның шығармада әлеуметтік тілдік құбылыстардың  қатсын, кейіпкер бейнесін толық ашуда байқалады. Тілдік ортада әлеуметтік бөліністің орын алуы әдеби тілде өз ізін қалдыратын көркем шығармада кейіпкердің тілін талдап көрсетуде, тілдік бөліністің терең қарастырылуы бола беретін құбылыс болып табылады. Диалог мәселесін зерттеуші ғалымдардың пікірінше диалогтың қызметі тек екі адамның әңгілесуімен шектелмейтінің, оның қамтылатын ауқымының, терең қарастырылатының атап өтеді. Сонда диалогтың кең көлемде қаматитын, көптеген мәселелердің шешімі бола алатынын байқаймыз. Сонықтан да шығармада диалогтың атқаратын рөлі ерекше. Диалог арқылы кейіпкердің тілдік нормасы, мінезі, жүріс - тұрысы айқын көрінеді. Кейіпкердің диалог арқылы берілген құбылыстары, қаламгердің ойы мен болмысын ашуға септігін тигізеді. Сондықтан диалогтың маңызы өте зор. Жалпы «Парасат майданы» повесінде кейіпкердің өзімен өзі диалог құруы, «Бейтаныс құрбы» арасындағы зұламдық пен адамгершілік үшін екеуара қақтығысуы диалог арқылы жүзеге асады. Оның көрінісі кейіпкердің күнделікке жазған жазбаларынаң айқын көрінеді. Осы арада қаламгердің әдеби дүниетағымға деген көзқарасы, идеясы әңгімелеуші ретінде көркем туындының сюжетің толық, айқын көрсетеді. Сондықтан да автор өзінің қоғамға деген көз қарасын, өзіндік ұстанымын повесте кейіпкер болмысы арқылы, тыңғылықты ойынның, бірбеткейлігін көркем туындыда айқын көруге болады. Шығармаға кіріспе, эпиграф, басталуы мен аяқталуы, арнау, авторлық ескертулерге қатысады. Жазушының шығармашылық мақсаты - дайын құрылымы бар дайын туынды жасау. Автор өзінің кейіпкерінің бейнесін таныстырады және оларға қосылады. Осылайша, автор эмоционалды, білім беру, тілдік деңгейден тысқары қалмайды және өзінің әлеуметтік ортасымен қатар жүреді. Мұндай тұжырымның артықшылығы - бұл бірнеше жағынан қарастырылады. Біріншіден, кейіпкерді суреттеуге кең мүмкіндік бар, екіншіден, автор оқырманға өз пікірін жүктемейді. Оқырман автордың әңгімесін өз көзімен көргендей. Бұл есепте оқиғалар көрнекі түрде көрсетіледі және автор түсіндіреді. Мұндай мәлімдеме уақыт бірлігін бұзбайды. Шығарма кейіпкерлері сюжетке тікелей қатысады. Қаламгердің образы ерекше орын алады, әсіресе прозада. Егер лирикалық шығармада лирикалық тақырыптың көңіл-күйі субъекті арқылы, жеке-жеке, драмалық шығармалар арқылы берілсе, онда іс-әрекет кейіпкерлердің өздері арқылы жүзеге асырылады. Ал прозада мұның бәрін біреу айтады. Кейіпкерлер туралы сөйлесетін және оларды әртүрлі шараларға қатысатын автордың айтуынша, оқырман автордың өзіндік бейнесі туралы идеяны дамытады. Повесте кейіпкер образы, адами болмысының негізгі арқау әрине автор. Сондықтан туындыдағы көркем сөздер, парасатты ойлардың қайнар негізі қаламгердің өзі екені белгілі. Жан дүниесінің сыры, толарсыз ағып жатқан ойлардың негізгі атқарушы фактор ретінде, қалмагер қолынан туған шығармалардың өзекті болуына үлкен үлесін қосады. Міне қоғамның шындығын ашу мақсатында, Т. Әбдіковтық осындай шыншыл, реалистік туындылары өзінің негізгі идеясын бұрмаламай, сақтап тұрары сөзсіз. 

Бір кезде ол бас кейіпкердің бейнесінде «жасырады» және «қалады». Кейбір өнер туындыларында автор шығармадағы басқа кейіпкерлермен қатар жүреді, басқа кейіпкерлер сияқты шараға қатысады. Мұнда ол жұмыстың басқа компоненттерінің бірі ретінде қарастырылады. Сіз автор туралы сөйлесуге не түрткі болғанына таңдануыңыз мүмкін. Автор осы туындының авторы екенін атап өттік, сондықтан автор қиялындағы бейнелер осы туындының кейіпкерлері болып табылады. Автор кейіпкерлердің сипаты, мінезі және тілі туралы айтуы керек және сөйлеуі керек.

Егер «Парасат майданы» повесіндегі кейіпкерді ішкі күйзелісіне тереңінен үңілмесек, біз оны жай ғана психологиялық ауруға шалдыққан жындыға санайтын едік. Ал бұндай психопотологялық ауруға шалдыққан жандардың жан күйзелісі ше? Оларды қоғамда есі ауысқан деп, адам ретінде қабылдамайтыны тағы бар. Бірақ олар да кезінде есі дұрыс, қоғамда беделді адамдарлың қатарында болды емес пе? Адамның жан күйзелісі, бір нәрсеге алаңдаушылығы және оны үздіксіз ойлаудың арқасында ауруға айналатыны секілді кейіпкердің жалғыздығы, өз - өзімен хат алмасу жағдайына жеткізіп отырады.  Ондай күйзеліс әр адамда бар, тіпті менде де кейде орын алып жатады. Мысалы, қоғамға алаңдаушылықты қойып, жай ғана шын ғашықтарды алтын болсақ, оларды бір не бірнеше жылға айырып жіберіп, араласпай қойса, шын жүрекпен сүйген ғашықтар бәрібір бір бірімен сөйлесудің амалын табады. Олар жалғыздықтың кебін киіп, сүйген адамы жанында жүр деп өз иллюзиясын құрып алады. Иллюзияның құрығында жүрген адам шынайы өмірі мен вируальды өмірін шатастырып алады. Егер сол иллюзиядан шығалмаған адамның екіге жарылыу синдромы пайда болып, адам психопотологияның бір түріне шалдығады. Автор кейіпкер ойының арғы жағына үңіліп, адам психологиялсының терең қатпарларына сүңги отырып, оқырманға адамгершілік тақырыбында ой қозғайды. Негізгі басты тұлғаның ішкі жан күйзелістерін, адами құндылықтарын көрсетуде философиялық астар беру арқылы кейіпкердің шын болмысын аша түседі. Соны арқау етіп шындықты тура қабылдауға шақырып, мойындауға үндейді. Автордың әлеуметтік мәселеге, адамгершілік қағидаға бей – жай қарамайтынын, күнделікке жазылған кейіпкердің монологтары арқылы айқын көрінеді. Кейіпкер болмысы арқылы ізгіліктің жолындағы бір беткей, шыншыл адам екенін көре аламыз. Бір жазушыдан: Төлен Әбдіков бір көзқарастың адамы, алдына қандай лауазымды адам келсе де, шындықтың бетіне тура қарайтын адам деп естігенім бар еді. Шыныменде ізгілік, адамгершілік, қоғамның шындығын шығармалары арқылы беріп келеді. Шығарманы оқып отырып, хат жіберген бейтаныс адамның ойына пенделік шарасыздығыңды көрсетіп оның ойының дұрыстығын құптап отырсаң, оған берілген жауапқа тағы ойдың дұрыстығына куә боласың. Осындай шым – шытырық ойдың жетегінде жүріп ақыры ізгілікті ақтап алады. Кейіпкердің іс - әрекеті арқылы адамзатқа ізгілік үшін күресті тоқтатпағанын, өз - өзіңді жеңіп намысты адамзатты қалыптастыру принципін ұсынғандай. 

Повесьте кейіпкер болмысы екі кейіпкердің, тектіресі арқылы берілген сияқты. Екеуі де шындық жайында парасатты ой қозғайды. (1кесте) Кестеде екі кейіпкерді бағдар арқылы бір-біріне қаратып, шығарманың негізгі оқиғасы екеуара текетірес арқылы берілгендігін айта өткім келді. Сол арқылы екі кейіпкердің де болмысы ашылмақ. Осы екі тұлғаның болмысы бір бірімен хат алмасу кезінде айқын көрінеді. Бірі негізгі кейіпкердің әлуметтік проблема туралы парасатты ойы болса, екіншісі зұлымдықтың үстемдігі жайында ойы. Әрине екіншісімен келіспеймін, бірақ зұлымдық, ішітарлық, өзімшілдік сияқты қасиеттердің қазіргі қоғамда үстемдік құрып тұрғаны тағы шындық емес пе? Кейіпкер айтқандай осы адамды тауып алып дереу бұл көзқарасын жоюым керек, әтпесе бір құмалақ бір қарын майды шірітеді демекші, бар бәленің бәрі осындайдан бастадады. Ал ондай адам қазір қоғамда қаншама. Қазір әр екінші адам өзім өзім деп өзінің бас пайдасын ойлап тұратыны шындық. Сонда біз құлдыраудың ең алдыңғы шебінде тұрғанымыз ба?

Повестегі кейіпкердің болмысы арқылы «Күнделік иесінің» өмірге деген өкпесі,  реніші яғни адамгершілік, ізгілік жолындағы ой – толғанысы айқын көрініп, жазушы ойымен тікелей байланыстырады. Зұлымдыққа қарсы қасқайып тұру үшін, ізгілік туралы дәлелің қарсыласыңнан көп болуы керек. Сондықтан «Күнделік иесі» ізденімпаз адам екендігі, өз ойның дұрыс екендігін дәлелдеу мақсатында, «Бейтаныс құрбыға» қарсы хат жазып, қатқан тұжырымынан ешқашан ауытқыған емес. Бұл жерде біз кейіпкердің ойынан еш айнымайтын, берік парасаттылығы қалыптасқан адам екендігін көре аламыз. Осы арқылы жазушы мен кейіпкер болмысы тікелей байланысты десек, Т. Әбдіков адамгершілік тұрғысында бірқалыпты қағиданы ұстанатын тұлға екендігі көрініп тұр.

Адамгершілік, ізгі қасиеттерге қарсы, кедергі жасайтын құмарлық, менменсу, қатігездік, әйелқұмарлық, ақшаға, атаққа деген құмарлық пен сараңдық адам бойынан табылатын жаман қасиеттердің, сол қасиеттерге үйренушілігінен тек өзін ғана ойлайтын, менмендік жатқаны құпия нәрсе еместігін білеміз. Қоғамның шындығы екені сөзсіз. Меннің үстеп құрып тұрған шағында, одан құтылуы екіталай. Осы кедергіні жеңу үшін әдебиетте шығармалар көлемі толққанымен, оны жеңудің амал тәсілдері көбейгенімен, тәннің қалауы орындалып жатқаны шындық емес пе? Осы орайда ғалым Г.Пірәлиеваның пікіріне сүене отырып кейіпкердің ішкі ойы арнасынан асып жатқан тасқын секілді ой иірімдерінің ұшқырлығымен, шығарманың көркемдігін бейнелеуде, өзін мазалаған ар – ождан, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезініумен қатар, адами құндылықтарды алға тартады. Осы орайда ішкі күйзелісінің әлеуметтік мәселеге ойлы көзқарасымен қарап, осы ілемге қанағатсыздық танытпай жан азабына жүреді. Осы орайда «Күнделік иесінің» характерін ашуда, оған тән қасиеттер арқылы, әлеуметтік мәселелерге алаңдаушы адам болмысын көре аламыз. Осы орайда «Күнделік иесіне» тән қасиеттерді топтастырып көрдік.(1 кесте)

Кейіпкерді бұндай жан азабына түсіп, ауруға шалдығып, күйзелуі жалғыздықтан деп ойлайтыны өте өзекті мәселе. Жалғыздық туралы ойлары, жаныңда жан сырын бөлісетін, қиналғанда жәрдем, қолдау беретін адам болмаса, өмір мәнін жоғалтатын секілді. Оны көркем шығармада кейіпкер күнделігінде жалғыздықты галактикадағы қара тесіктерге ұқсатады. Бойыңдағы күш – қуатыңды, ерік –жігеріңді, ғарыштағы қара тесік секілді сорып алады екен деп ойланадыда жалғыздықтың адам баласына тигізетін залалын көрсетеді.        Күнделік иесінің бұл дертке шалдығуының бірден бір себебі, ол әрине жалғыздық. Тұлғаның екіге жарылуы,  жанын жеп, бетпе бет тілдесіп, ішкі сырымен бөлісетін жанның болмағандығының себебінен туындаған ауру белгілерінің бірі, жалғыздықпен тығыз байланысты. Жалғыз қалу оңай, ал жалғыздықты сезіну қиын. 

Психологиялық шығарманың стильдік жанрлық ерекшелігін ашатын көркемдегіш құралдары: ішкі монолог, ішкі диалог, қиялдау, ойлау, еске алу, елес, елестету, түс көру, сандырақ, өзін - өзі бақылау, өзін - өзі талдау тағыда басқа адам бойында орын алатын психологиялық процестер арқылы,  шығармадағы кейіпер болмысын тереңінен аша аламыз. Повесьтегі күнделік иесі мен «бейтаныс  құрбы» - ның арасындағы текетірес хат арқылы, диалог ретінде көрініс тапса, кейіпкердің жан күйзелісі, бойындағы өзі түсінбей жүрген қорқынышы,  ішкі монолог арқылы көрініс табады. Кейіпкердің ойлау психологиясы, автордың алаңдаушылын, не айтқысы келгенін, парасаттылық жайындағы көзқарасы повесте айқын көрініп отырады. 

Тұлғаның екіге жарылуы, кейіпкердің түсінде айқын көрінеді. Кейіпкердің түс көруі, онда өз - өзімен бетпе – бет келуі тегін емес. Өткен түнде оны түсiмде көрдiм, - деп тура өзінен айнымай қалған егізін көргендей таңырқайды. Бұндай түстің орын алуы тегін емес екені байқалып тұралды. Адамның түсінде кім де кім екі адым саған жақын болса саған ол адам міндетті түрде келеді деген сөз деуші еді. Осы шындық болғанға ұқсайды. Кейіпкердің түсінде өзінің өзіне көрініп, жақындап жүргені, араға күндер салып басқа адам болып оянатынының белгісі. Тегінде түс арқылы жанына тыныштық бермеген нәрселердің шешімі осы болса керек. Түс адамның шындықты санамен бейнелеуіне тікелей қатысты психологиялық құбылыс болса керек. Ата – бабаларымыз түсті жорып алда қандай қуаныш я қатеркеле жатқанын жори алғаны секілді кейіпкер түсінде өзін өзі көруі бекер емес. «Көркем шығармада түс кейіпкердің іс - әрекетін психологиялық тұрғыдан (достоверности) нанымды әрі дәл беру үшін, әр кезеңнің өзіндің дүние танымына орай фантастикалық, мистикалық, лирикалық, комедиялық немесе гротестік эфекті, акцен береді» - деп ғалым Пірәлиева түс көрудің көркем шығармада наным – сенімнің кейіпкер болмысын ашуда, маңыздылығын атап өтеді. 

Шығармадағы психологизм «күнделік иесінің» санасының сан саққа жүгіріп, бұл азаптан қалай құтылсам деген ойлар арқылы беріліеді. Яғни, «әр бір суреткердің шығармашылық жаңалығы ол бейнелеген көркем шындықтың сонылығынан, сол арқылы әдебетке «таныс-бейтаныс» характер әкелуінен, қысқасы адам жанының диалектикасын өз көзқарасы тұрғысынан ашылуынан көрінсе керек» - деген  Б. Майтановтың пікірі повстегі таныс-бейтаныс кейіпкерлердің ішкі-жан тазалығын таразылауға дөп келер пайым-парасатының бергісі. 

Повестегі күнделік иесіне «Әлемдік жалғыздық» концепциясы тән. Ол адамгершілің, ізгілік, жақсылық, адалдық үшін күресіп, өз-өзімен күнделік арқылы күреседі. Жүйкесі әбден шаршаған, санасы екіге бөлінген тұлға. Т. Әбдіков өзінің замандастарынан, ерекшелігі психологиялық-философиялық тұрғыла жазылған шығармаларында Батыс әдебиетіне тән сипаттардың, ұшырасуы. Мәселен «әлемдік жалғыздық», Гетенің «Фауст», Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» т.б. шығармаларында кездеседі.  Біздің түсінігімізде сюжет пен сюжеттің айырмашылығы сюжеттің ойластырылғандығымен, сюжеті қалай ұсынылса, солай болады. Оның үстіне сюжет сыртта, ал сюжет ішкі, яғни сюжет бетінде, ал сюжет тереңірек. «Парасат Майдан» әңгімесіндегі сюжет келесідей: басты кейіпкер - № 10 палатадағы науқас, ол ауруханада емделуде. Жас кезінде ол әңгімешімен танысып, қалыпты өмір сүрді. Мұның бәрі оқиғаның «өткен жолы» деп аталады. Сыйлық жұмыста тағы бір маңызды кейіпкер - жұмбақ бейтаныс адам пайда болған сәттен басталады. Бас кейіпкерге таныс тағы бір кейіпкер, болып жатқан жағдайды оқырманның көзімен көреді, әңгімеші - әңгіме жүргізіліп жатқан адам. Әңгімелік композицияны таңдау әдеби шығарма авторы үшін маңызды сәт, өйткені ол болып жатқан оқиғаларға қатысты позициясын ғана емес, сонымен бірге кейіпкерлерді сипаттайтын тәсілдерді де таңдайды. Баяндамашы Парасат Майданның кейіпкерлерін, кеңістік пен уақытты бір назарға топтастырады. Ол біртіндеп кейіпкердің трагедиясының куәсі болған госпитальдағы кейіпкердің өмірін баяндайды. Кеңістіктік корреляцияға келетін болсақ, мұндай орын ақыл-есі нашар адамдарға арналған ауруханаға айналады - басты кейіпкер мен жұмбақ бейтаныс адамдар кездесетін орын.

Адами болмыс деген адам дүниеге келген сәттен бастап қалыптасатын фактор. Болмыстың қалыптасу көрінісі, бала кезден яғни өзінен үлкендерге қарап, оның мінез – құлқын, жүріс – тұрысын бағамдап соған қарай бейімделе береді. Соған байланысты өскен ортасы арқылы болмыс өз байланысын таба бермек. Ал тағы бір жағынан болмыстың қалыптасуы бір қоғамдық ортадан екінші ортаға сіңісуінен, алдыңғы қалыптасқан болмыс пен кейінгі қалыптасқан болмыстың арасы мүлде бөлек болуы мүмкін. Басқа болмыстың қалыптасыуы не қалыптаспауы әрине ол сол адамның санасына байланысты. Осы орайда «Парасат майданы» повесіндегі кейіпкер болмысы, шығармада кеңінен ашылады. Ол екіұдайылық (адамның екіге жарылуы) арқылы екі түрлі болмыстың қалыптасуының нәтежиесінде көрінеді. Ғалымдардың зерттеуінше адам бойында екіұдайылық емес тіпті көпұдайылық процесі де жүруі мүмкін. Сонда бір адамның бойында бернеше адамның болмысының көрініс табуы, ғажайып нәрсе емес деген сөз. Мұндай кезде мистикалық құбылыстарға сенуің екіталай. Дегенменде бұл құбылыс ғалымдармен зерттеліп, сараланып, дәлелденген нәрсе. Сондықтан осындай сарында жазылған шығармаларға шынайы көзбен қарағанымыз жөн. 

Повестегі кейіпкер болмысына үңілетін болсақ, үнемі өз - өзімен күрес майданында, өмірдің ағы үшін қарасымен соғыста, адамдық ары мен адамгершілігінің жолында жанын құрбан еткен қаһарман кейіпкер. Кейіпкердің болмысы нақ өзі және ішіндегі екінші адамның болмысы арқылы көрінеді. Бірі тек адамдершілік үстемтік құру керек десе, екіншісі адамгершілік пен зұлымдық екеуі қатар жүретін процес деп қарайды. Ойлап қарасақ екеуінің де пікірі қате емес. Қазіргі қоғамда бейтаныс құрбының пікірі сияқты зұлымдық пен ізгілік бірге алмасып жатқаны рас. Енді негізі кейіпкердің пікірі ізгілікті алға тарту тек адам санасына, қабылдауына байланысты. Егер ізгілік жеңіп шықпаса автордың негізгі ой орындалмағаны. 

Т. Әбдіковтың ой ұшқыр, талатты жазушы ретінде жоғары бағалаймын.  Оның шығармаларының адами қасиеттері, кейіпкер болмысының берілуі өте тыңғылықты, сарапталған, ойы жинақы жазылған көркем туындылар деп білем. Нақты айтқсы келген ойын үлкен тиянақтылықпен, оқырман есінде қалардай етіп жинақы оймен жазатын қаламгер. Оның қаламгерлік талантына, парасаттылығына бас иемін. Астарлы ойды білдіріп, әр шығармасына ерекше зиянды қоспасыз бояй алған жазушының қаламынан туған әр шығарма, оқырман қауымның жадында қалары сөзсіз. Көркем туындыға, әсіре көлемі аз жазылған шығармаларға өңін беріп жазу, кез – келген қаламгердің қолынан келе бермеуі мүмкін. Ал Т.Әбдіков сияқты дара тұлғаның болашақтағы туындыларын оқырмандар тағатсыздана күтіп жүрген шығар бәлкім. 

Қаламдердің жастық шағында жазған көптеген әңгімелер негізінен алғашқы махаббат туралы әңгімелегені түсінікті. Оның ойымша, өз ойлары мен сезімдері, қуаныштары мен көңілдері, үміттері мен сенімі туралы жазу қиын емес. Бірақ өмір бойы сүйікті туралы ғана жазу мүмкін емес, басқаларды да жазу керек. Біреудің жан дүниесін ашу үшін жаттығу, іздеу, дайындалу керек. Бұл үдерісті үнемі сүйемелдейтін шығармашылық дағдарыс сіздің жеке жетілуіңізге ықпал етеді. Ол үшін шыдамдылық пен уақыт қажет. Өйткені бәрі жазылмайды.

 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар