Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Патигүл Махсатова. Түркі дүниесінің пайда болуы...

24.11.2018 4908

Патигүл Махсатова. Түркі дүниесінің пайда болуы

Патигүл Махсатова. Түркі дүниесінің пайда болуы - adebiportal.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екі бөлімнен тұратын «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын мұқият оқып шығып, оның руxани жаңғырудың жалғасы ретінде қазақстандықтарды терең жаңа ойларға, тарихи бастауларға жетелейтін бағдарламалық мақала екендігіне көз жеткіздім.

Ұлы даланың жеті қырын айқындап беретін бұл мақалада Президент Түркі дүниесі халықтарының, оның ішінде сақтар мен ғұндар және басқа түркі халықтарының дүние тарихында маңызды рөл атқарып, әлем өркениетіне және мәдени дамуына салмақты үлес қосқанына ерекше мән береді. Себебі әр бір халық өзінің ежелгі тарихын, қайдан, қалай пайда болғанын білмей тұрып, қазіргі тарихын біле алмайды. Сондықтан да бұл бағдарламалық мақаланың дәл кезінде жарық көргенін атап өткен орынды.

Мақаланың бірінші бөлімінде жылқы шаруашылығы, металл өндіру, аң стилі, ата-бабалардың алтын өңдеу техникасын ежелден меңгергені, Түркі дүниесінің пайда болуы, Еуропа мен Азияны жалғаған Ұлы Жібек жолының Түркі дүниесі мемлекеттерінің экономикасы мен мәдениетін дамытуда атқарған рөлі, Қазақстанның әсем табиғаты туралы сөз болады.

Мақаланың алдағы уақытқа бағыт-бағдар беретін «Тарихи сананы жаңғырту» атты екінші бөлімінде Президент түркі халықтарының ғасырлардан қалыптасып, уақыттан озып ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан тарихын ұлықтау, насихаттау арқылы өзімізді танып білуге, бай рухани мұрасын, әдебиеті мен мәдениетін, тарихы мен тілін зерттеп, бабалар дәстүрін жалғастыруға шақырады. Оны жүзеге асыру үшін маңызды 6 тапсырма: «Архив – 2025» бағдарламасын жасауды, «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуды, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алуды, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуды, «Дала фольклорының антологиясын» жасауды, Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізуді тез арада қолға алуды жүктейді.

Елбасы мақаласындағы бұл бағыттар мен бастамаларды қолдап, жүзеге асыру бүкіл қазақстандықтардың міндеті.

Патигүл Махсатова,

ақын, филология ғылымдарының кандидаты,

Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы

Ұйғыр әдебиеті кеңесінің төрайымы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар