Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ПОЭЗИЯ
Перизат Алмазкызы. Қырғыз үшін бір күйініп, сүйінс...

13.07.2019 4481

Перизат Алмазкызы. Қырғыз үшін бір күйініп, сүйінсем, Қазақ үшін мың өртеніп жанамын! 12+

Перизат Алмазкызы. Қырғыз үшін бір күйініп, сүйінсем,  Қазақ үшін мың өртеніп жанамын! - adebiportal.kz

Нарын обласының Қошқар ауданында 1992 жылы туған. Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің «Филология» факультетін үздік дипломмен бітірген. Қазір Кырғыз республикасының Ұлттық ғылымдар академиясының Ш.Айтматов атындағы «Тіл және әдебиет» институтында ғылыми қызметкер. Аспирантурада оқиды. Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық Жастар әдеби сыйлығының лауреаты.

«Ырымдагы ырысым», «Руханият» атты жыр жинақтары жарық көрген.

А.Яссауи, Абай, Шәкәрім, М.Жүсіп, М.Мақатаев, М.Жұмабаев, Т.Әбдікәкімұлы және т.б. көптеген түркі елдеріне ортақ ақындарды қырғыз тілінде сөйлеткен.

Қазағым

О, Құдірет,

Құтты елім – қазағым!

Құдіретіңді жүрегіммен жазамын.

Меруерт-маржан, алмас, жақұт, гауһарым,

Базарым да, бағалайтын бар бағы

Жарқыраймын,

шырақ отын жағамын,

Өзің үшін күйіп-жанып барамын.

Көк жүзінен бір тамшың боп үзіліп,

Кең далаңнан дәрия боп ағамын.

Көл, дәрия толқып, тасып барамын,

Хан Тәңірім – қазақ менің қанатым.

Қырғыз үшін бір күйініп, сүйінсем,

Қазақ үшін мың өртеніп жанамын!

Аспан-жерге қатар тиер табаным...

О, Құдірет,

Құтты елім – қазағым!

Қасиетіңнен Періште мен

Пайғамбарды табамын!

Тағзым етіп, алтын басты иемін,

Ұлы Рухым, Баба жолын сүйемін!

Айналайын, жанжүрегім, қазағым,

Гүлдене бер, гүлдене бер, ғажабым!

Алла амандық, бақыт берсін,

Киелім!

Мен – мәңгілік

Мен – мәңгілік,

Мен – шексіздік!..

Судай тұнық,

Күндей жарық, жылумын.

Аспан, Жермін – «Періштемін», Сұлумын!

Әппақ қармын,

Терең көлмін, тұнықпын.

Көзімді ашып, жұмған сәтте

Ару таңда нұр тұрды …

Нұр дүниеме қош келдіңдер!..

Әй, өмірім, жыр өмірім,

Мен сен үшін құлпырдым!

…Құлпырдым мен,

Биіктерге ұмтылдым...

Ұлы Қазақ,

Ұлы Қырғыз жұртымның –

Тұлпарын да,

Сұңқарын да ұшырдым,

Қазақ – оң қол, Қырғыз – сол қол,

Мен екі Елдің құтымын!

Құндызымын, Жұлдызымын,

Туғанымын...

Шыным – үнім:

Ерке қызы – гүлімін!

Осы екі егіз Елдей Ұлымын!

Қос Ананың ақ тілеуі:

Үмітті ақта, құлыным!

…Мен, Мен – мәңгілік,

Мен – шексіздік!..

Кейде қармын...

Қара жердің мұзымын.

Тірлік-дәмнің тұзымын,

Тулап тұр ғой, тасып тұр ғой..

Толқып тұр ғой жүрегім!..

Мен өмірдің бал қаймағын табар ем...

Жанарыма сыйып кетер бар әлем!

Мен бақытты Адамдармен Ұлымын!

Бір Құдайдың құлымын!

Ұш!..

Ұш!.. Ұша ғой!..

Көкке шаншып, талмай қанат қағамын!

Көлді сүйіп,

Өртке күйіп табаным!

Аспан мен Жер ортасында барамын.

Нұрға оранып қас пен кірпік, жамалым,

Дүниенің балын ұрттап, саумалын...

Мен - Күн қызы!

Ұлы Күннен жаралдым...

Мен өлердей сүйем мына Өмірді!..

Сен де сүйгін,

Өмір Мен боп көрінді!

Қара жердің бұрқыратып аршасын,

Аластайын айна бұлақ, баршасын.

Сүттей ақ таң, жас жаныммен құмарттым,

Жұпар исі аңқып тұрар гүлбақтың…

...Ұш! Ұша ғой!..

Көкке шаншып, талмай қанат қағамын,

Бұйра-бұйра толқындатып барамын...

Айдың мөрі сүтке тамар сұлулық...

Өмір сүрем... Жарқ еткізіп...

Жарық Әлем қабағын!

***

Ақбоз үй,

Ақшаңқан үй – Алатау бір,

Түндігін өлең түрген, от алау- жыр.

Кереге ырыс-құтқа кенелгенде

Рух алып ықыласпен отауға кір

Уықтар ұлы көшпен теңелгенде...

Ақбоз үй,

Ақсұңқарын көкке шаншып,

Қондырар төбесіне. Неткен ғашық?..

Алысып ауыздықпен Арғымағы

Ғарышқа зулап ұшып, жеткен тасып.

Көшпелі елім,

Алтын тұмар тағынып,

Ақбоз үймен ғұмыр кешкен сағынып.

Айналайын, аруақты бабалар,

Басымды ием, мөлт-мөлт жасым ағылып...

Ақшаңқан үй

Алатауды жамылған,

Әлдилейсің, мен өзіңе бағынғам.

Сенде – Өмірім,

Сенде – Тағдыр-тәлейім,

Аластайсың киеңмен жан-рухымды –

Жарылайын ағымнан!

Жәннат, жұмақ – бағымнан...

***

Ұйқысы түннің - шашбаулым,

Күлкісі күннің сыңғырлап...

Жетіқарақшы, үркердей саулайды көктен жыр құлап...

Толқындар сұлу тоқтамай толқып тербелер,

Мөлдіреп тамшы мұхитқа тамса емделер...

Махаббат сезім - бұлқынар жүрек мұң құрап... жыр бұлақ.

Жыр бұлақ сұлу –

Сүйсінтіп көзі сүйдірген,

Аңсаған, асау

ынтыққан жүрек күйдірген...

Құлпырған жаным,

Көкке самғатқан жыр құсым,

Сиқырлымысың...

Аспанда, Жерде Сағынып мені жүрмісің?!

Пах, шіркін, Сүю!!!

Өмірге мəңгі ғашықпын!

Балқып та кетем,

шалқып та кетем,

от болып кетем!

Жүрегім,

Мені

тасыттың! Ғашықпын...

***

...Бас,

бас, жорғам...

Бас, бас, жорғам жорғалат!

Төк теріңді, ағыл-тегіл сорғалат!

Дүбірлеткін, аспан менен жерді айнал,

Құйрық-жалың бұлтқа ұласып көктегі,

Өмір-тұлпар адастырма жолдан ақ!

Көкте жұлдыз мұңаяды ,

ақпасыншы, ақпасын...

Тұяғыңды тағалайын,

Жетігенге жетті көңіл...тақпа сын...

Жер мен ғарыш арасына Өмір ізін салады,

О, Тəңірім өзің емін тапқансың...

Мұз құрсанам, ызғар қарып, суық жерде жатқасын...

Кім қорғамақ?...

Бас, бас, жорғам...

Бас, бас, жорғам, жорғалап,

озып шықшы!

Өлеңдерді аударған: Гүлбақыт Қасен

Суреттер ғаламтордан алынды.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар