Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Поэзия аллеясы ашылады...

20.08.2019 4224

Поэзия аллеясы ашылады 12+

Поэзия аллеясы ашылады - adebiportal.kz

Бүгін "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алматы қаласы Жетісу ауданы Құлагер ықшам ауданындағы "Гүлдер" саябағынан "Поэзия аллеясын" ашатын келісімге қол қойылды. "Поэзия аллеясы" Жетісу әкімдігінің қолдауымен "Тұлға-достық" қоғамдық қоры қаражатына салынбақ.

«Поэзия аллеясы» жобасының мақсаты:

қоғамның рухани жаңғыруына, адамдардың рухани кемелденуіне әдбиет арқылы үлес қосу...

«Поэзия аллеясын» салуда атқарылатын жұмыстар:

1. «Поэзия аллеясы» көркем, ерекше дизайнмен көгалдандырылып жасалады;

2. «Поэзия аллеясының» төріне сахна жасап, сахнаға белгілі ақын, Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасында "Әдебиет әлемі" орталығының жетекшісі Мұратхан Шоқанның «Жаратылыснама» кітабындағы кемелденудің жеті шеңбері орнатылады;

3. Шығыс даналығынан үзік филосфиялық ой жазылған, еркін кітап алмасу бұрышы жасалады;

4. Адамдар отыратын орындықтар қойылады.

Жобаның басты ерекшелігі:

Сахнаға салынған "Кемелденудің жеті шеңбері" саябаққа келген адамдарға ой салып, оларды кемелденуге бастайды. Адамдар сахнадағы терең мағыналы әрі көркем жасалған «Кемелденудің жеті шеңберіне" суретке түсіп, оның мәніне үңіліп, жандарына азық алады. Бұл жерде әртүрлі іс-шаралар, кештер өтіп, ақын-жазушылар бас қосады.

Кемелденген адам отбасылық, туысқандық, рулық шеңберден шығып, ұлттық, діндік шеңберден көтеріліп, адамзат баласын, күллі жаратылыс дүниесінің қамын ойлайды.

Жобаны бастау іс-шарасына Жетісу ауданының әкімі Мақсат Сәкенұлы, Жетісу ауданының тұрғындары, "Тұлға-достық" қоғамдық қорының құрылтайшылары қатысты.

Осы аптада құрлыс жұмысы басталады.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар