Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Рахымжан Отарбаев шығармашылығы. Әдеби сын»...

02.03.2020 4489

«Рахымжан Отарбаев шығармашылығы. Әдеби сын» 12+

«Рахымжан Отарбаев шығармашылығы. Әдеби сын» - adebiportal.kz

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Рахымжан Отарбаевтың Руханият Қоры» жеке қоры ұйымдастырған әдеби сын байқауының ережесі

Атырау облысы әкімдігі қолдауымен «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» жалпыұлттық жобасы аясында «Рахымжан Отарбаевтың Руханият Қоры» жеке қоры драматургия, проза салалары бойынша сыншы, әдебиетшілер арасында «Рахымжан Отарбаев шығармашылығы. Әдеби сын» атты Рахымжан Отарбаев шығармашылығын насихаттау, зерттеу мақсатында әдеби сын байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • Рахымжан Отарбаевтың шығармашылығын талдау, насихаттау;
  • Әдеби құндылығын анықтау;
  • Жас сыншы-әдебиетшілерді қолдау;
  • Рахымжан Отарбаевтың шығармалары арқылы оқырманның талғамын қалыптастыру.

Қатысу шарттары:

  • Байқауға жіберілетін материалдар конкурс жарияланғаннан кейін жазылуы шарт әрі бұрын еш жерде жарық көрмеген болуы керек;
  • Рахымжан Отарбаевтың екі жанрдағы кез келген еңбегін әдеби сын тұрғысында талдап, бағасын беру;
  • Байқауға 18-45 жас аралығындағы кәсіби әдебиетші-сыншылар қатыса алады.
  • Байқауға жолданған жұмыстар мына электронды мекен жайға жіберілуі тиіс: Rahimzhanruhaniat@mail.ru
  • Жұмыстар 2020 жылдың 3 ақпанынан осы жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданады.
  • Байқауға келіп түскен мақалалар «Qalamger.kz» әдеби-танымдық порталындағы «онлайн байқау» бөлімінде ашық түрде жарияланып отырады.
  • Марапаттау рәсімі 2020 жылдың сәуір айында Атырау қаласында өтеді.
  • Порталда жарияланған жұмыстарды талқылау, пікір айту барысында этикалық нормалар сақталуы қадағаланады.

БАЙҚАУДЫҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:

ПРОЗА

I орын – 1 000 000 (миллион теңге)

II орын – 500 000 (бес жүз мың теңге)

III орын – 300 000 (үш жүз мың теңге)

Ынталандыру сыйлығы (екеу) – 100 000 (жүз мың теңгеден)

ДРАМАТУРГИЯ

I орын – 1 000 000 (миллион теңге)

II орын – 500 000 (бес жүз мың теңге)

III орын – 300 000 (үш жүз мың теңге)

Ынталандыру сыйлығы (екеу) – 100 000 (жүз мың теңгеден)


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар