Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
РЕСМИ САЙТТАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

20.04.2022 942

РЕСМИ САЙТТАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛЕДІ 12+

РЕСМИ САЙТТАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛЕДІ - adebiportal.kz

2022 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасы аясында республикалық семинар өтті.

Бұдан кейін Орталықтың Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы мониторинг жүргізудің барысы туралы баяндап, басты критерийлерді түсіндірді. Оның айтуынша, «Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасы аясындағы мониторингтің қорытындысы бойынша талдаулар мен ұсынымдардан тұратын электронды жинақ шығарылып, мониторингке қатысқан мекемелерге жолданады. Қазір жергілікті атқарушы органдардың жекелеген басқармаларының, полиция департаменттерінің, ұлттық компаниялардың (акционерлік қоғамдардың), екінші деңгейдегі банктердің, әуе компаниялары мен әуежайлардың, қоғамдық тұтыну сервистерінің ресми сайттарына, мобильдік қосымшалары қаралып жатыр. Бұлар – халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын салалар. Яғни олардың әрбір сайты қазақ тілінде сөйлеген сайын ана тіліміз күнделікті тұрмысымыздың төрінде салтанат құрады деген сөз.

Іс-шарада таныстырылған критерийлер сайттағы қазақ тілі контентінің берілу көлемі, яғни үлес салмағы көп болуын көздейді. Мемлекеттік тіл мәртебесінің асқақ болуына үлес қосып жоғары балл жинағандар тексеру қорытындысы бойынша келесі жылы мониторингтен босатылмақшы.

Семинарға жергілікті атқарушы органдардың жекелеген басқармаларының, полиция департаменттерінің, ұлттық компаниялардың, екінші деңгейдегі банктердің, әуе компаниялары мен әуежайлардың, қоғамдық тұтыну сервистері мекемелерінің өкілдері қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар