Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Республикалық «Аңсар–2015» әдеби байқауы жарияланд...

24.07.2015 2955

Республикалық «Аңсар–2015» әдеби байқауы жарияланды

Республикалық «Аңсар–2015» әдеби байқауы жарияланды - adebiportal.kz



9edaeb4a84872e56f16bc977cfaf7a91 (2).jpg




ҚР Білім және ғылым министірлігі мен «Инновациялық даму» ҚБ журналисттер клубы және «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталының»  ақпараттық қолдауымен республикалық  «Аңсар–2015»  әдеби байқауын жариялайды. 



Байқаудың мақсаты – қазіргі қазақ әдебиетін, отандық журналистика және басылымдарды дәріптеу және де жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және қолдау. 



Байқауға журналистикаға, поэзияға қызығушылығы бар, прозалық шығармалар жазатын 14 пен 29 жас аралығындағы жастар шақырылады. 



Байқау келесі номинациялар арқылы өткізіледі: «2015 жылдың үздік жас прозашысы», «2015 жылдың үздік жас ақыны», «2015 жылдың үздік жас тележурналисі». 



Байқау жұмыстарының жалпы талаптары:



  Байқау жұмысын мемлекеттік және орыс тілдерінде жазуға болады. 


  Бір автор бірнеше жұмыс жібере алады. 


● Материал мәтінінің көлемі 3 000 белгіден кем болмауы тиіс (аралықсыз, әріп - Times New Roman, 12 кегль, арақашықтығы -дара). 


●  «2015 жылдың үздік тележурналисі» номинациясына ұсынылған бейнематериалдың көлемі 5 минуттан артық болмауы тиіс. 


● Байқау жұмыстарын мына электрондық мекенжайға жіберу ұсынылады: konkurs_ansar2015@mail.ru (үлкен көлемдегі бейнематериалдар үшін гиперсілтемені файл айырбастау қорына жіберуге рұқсат етіледі). 



Байқау жұмыстарының міндетті талаптары мыналар: 



- материалдың актуалдығы; 

- қоғамдық маңыздылығы; 

- материалды ұсыну мәнері және ерекшелігі; 

- деректілік және фактографиялық нақтылық; 

- жанрлық өлшемге сәйкестік және ұсынылған мәліметтің толыққандылығы; 

- таңдалған мәліметтердің жаңашылдығы және бірегейлігі. 



Байқауға ұсынылатын барлық шығармалар www.adebiportal.kz «Әдебиет порталында» онлайн түрде жарияланып, оқырмандар тарапынан бағаланып отырады. 



Қосымша сұрақтар үшін байланыс телефоны:  8 777545 30 05 



adebiportal.kz



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар