Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Республикалық «SEMSER» әдеби байқауы мәреге жетті...

02.07.2019 4864

Республикалық «SEMSER» әдеби байқауы мәреге жетті

Республикалық «SEMSER» әдеби байқауы мәреге жетті - adebiportal.kz

Биылғы «Жастар жылына» арнап «Мәдениет порталы» «Алтын қазына» ҚБ-мен бірлесіп жастар арасында республикалық «Семсер» әдеби байқауын жариялаған болатын. Байқау ережесіне сәйкес онлайн түрде өткен бәйгеге еліміздің түкпір - түкпірінен 300-ден астам шығарма түскен. Солардың ішінен 220-дан астам жас қаламгердің шығармалары талапқа сай деп танылып, порталда жарияланған. Байқау әдеби ортада үлкен резонас тудырып, 45 жасқа дейінгі қаламгерлер арасынан өзіндік стилін қалыптастырған, өз оқырманы бар танымал ақын-жазушылармен қоса, әдебиет айдынына енді қанат қаққан жас таланттар да бақтарын сынады. Оқырманның үздіксіз жүрген онлайн-дауыстары ескеріле отырып, қазылар алқасының шешімімен жүзден жүйрік шыққандар марапатталды. Арасында жаңа есімдер де көрініп жатты.

Конкурстың Бас демеушісі жыл сайын еліміздің рухани өмірін дамытуға өлшеусіз үлес қосып, әдеби-мәдени шараларға демеушілік жасап келе жатқан, табиғи ресурстарды өндіру, энергетика, логистика және маркетинг салаларында әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі - Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы.

Салтанатты кешке жазушы-ойшыл, белгілі ғалым, академик Ғарифолла Есім, Халықаралық спорт журналистері қауымдастығының лауреаты, жазушы Несіп Жүнісбаев, ақын Сұраған Рахметұлы, жазушы Жолтай Жұмат-Әлмашұлы, әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, ақын Бауыржан Қарағызұлы т.б. лауазымды тұлғалар қатысты.

Үздік проза, Үздік поэзия, Үздік әдеби сын аталымдары бойынша марапатталған жеңімпаздарға, белгілі қаламгер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алдан Смайыл бастаған қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде - 1 000 000 теңге, әр аталымның жеңімпаздарына 500 000 теңге, Алтын төсбелгі тағылып, «SEMSER» әдеби сыйлығының лауреаты деген атақ берілді.

Қазылар алқасының шешімі бойынша:

Гран-При Ақберен Елгезек,

Үздік проза - Нұрлан Хавдай,

Үздік проза - Қанат Тілеухан,

Үздік поэзия - Марлен Мәлікұлы

Үздік поэзия - Қуаныш Оспан

Үздік сын - Айнұр Найманбай

Үздік сын - Бағашар Тұрсынбай

Мағжан Жұмабаев атындағы арнайы жүлде - Олжас Қасым

Сағат Әшімбаев атындағы арнайы жүлде - Тұрсынбек Башар

Саттар Ерубаев атындағы арнайы жұлде - Мирас Мұқаш иеленді.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар