Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Республикалық «SEMSER» әдеби конкурсы жарияланды...

24.04.2019 4889

Республикалық «SEMSER» әдеби конкурсы жарияланды

Республикалық «SEMSER» әдеби конкурсы жарияланды - adebiportal.kz

Жастар қай кезде де, қай қоғамда да дамудың негізгі қозғаушы күші, жаңалықтың жаршысы ретінде алдыңғы шепте жүреді. Олардың бойындағы бұла күшін белгілі бір арнаға бұрып, игі мақсатқа, ізгі істерге бағыттап отыру алдыңғы буын ағалардың міндеті деуге де болады. Сол себепті де Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев былтырғы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Содан бері жастарға ерекше назар аударылып, әр салада өзін дәлелдеп жүрген таланттарға қолдау көрсеу мықтап қолға алынды.

Осындай шаралардың бірі ретінде «Мәдениет порталы» «Алтын қазына» ҚБ-мен бірлесіп жастар арасында Республикалық «Семсер» әдеби конкурсын жариялап отыр. Конкурстың Бас демеушісі табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі - Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы. Еуразиялық топ (ERG) жыл сайын еліміздің рухани өмірін дамытуға өлшеусіз үлес қосып, әдеби-мәдени шараларға демеушілік жасап келе жатыр.

Республикалық «SEMSER» әдеби конкурсы Үздік проза, Үздік поэзия, Үздік әдеби сын деген 3 аталым бойынша өтеді. Бас жүлде - 1 000 000 теңге! Әр аталымның жеңімпаздарына 500 000 теңгеден жүлде тігіліп отыр. Сонымен қатар, арнайы әдеби сыйлықтар да бар. Гран-при иегеріне «SEMSER» әдеби сыйлығы табысталады. Ал қалған жүлдегерлерге Алтын төсбелгі тағылады.

Әдеби конкурс ресми түрде жарияланған күннен бастап, 45 жасқа дейінгі барлық қаламгерлер өз шығармаларын «Мәдениет порталына» өздері орналастыруға барлық мүмкіншіліктер қарастырылған. Конкурс онлайн режимде, барша қазақстандықтардың көз алдында ашық түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, оқырмандар өзі ұнатқан шығармаларға дауыс бере алады. Мұның барлығы қазылар алқасының қорытынды шығару кезінде есепке алынады.

Әдеби бәйге тек мемлекеттік тілде өтетінін айта кету қажет.

Конкурс туралы толық ақпаратты «Мәдениет порталынан» оқи аласыздар!


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар