Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Республикалық «Таласбек» сыйлығына шығарма қабылда...

09.09.2022 7026

Республикалық «Таласбек» сыйлығына шығарма қабылдау жалғасып жатыр

Республикалық «Таласбек» сыйлығына шығарма қабылдау жалғасып жатыр - adebiportal.kz

Аядай ғана Аягөзге қарасты Айқыз елді мекенінде туып өскен Таласбек Әсемқұловтың әлемі бізге әлі де беймәлім. Проза, сын, драматургия жанрларында қалам тербеген Таласбек Әсемқұлов қазақ сөз өнерінің эстетикасында өзіндік биік талғам қалыптастырды. Қазақ оқырманының интеллектуалдық деңгейін көтерді. Сондықтан да суреткер әлемін жан-жақты ашу – кезек күттірмейтін мәселе. Осы орайда біз жыл сайын өткізетін дәстүрлі әдеби байқауымыздың формасын өзгертіп биыл да жалғастырмақпыз. Форма өзгергенімен, мазмұн өзгермейді. Қазақ өнері мен мәдениетінің шырақшысына айналған Таласбек Әсемқұлов атындағы сыйлық төмендегідей 2 аталым бойынша жарияланады:

 

1-аталым: «Ең үздік зерттеу мақала»

 

Т.Әсемқұловтың «Талтүс», «Тәттімбет сері» романдарының терең қатпарлары мен онда жасырынған эксперименттік тәсілдерді ашып көрсете алатын, тарих, этнография, сыни бағытта жазылған шығармаларын, киноромандарын әр қырынан жан-жақты талдайтын танымдық деңгейі биік ең мықты зерттеу мақаласына беріледі. «Интеллектуалдық деңгей – көп оқығанды көрсету екен» деп бір-бірімен байланыспайтын мысалдарды баттастыра берген, көркемдік деңгейі төмен мақалалар қабылданбайды.

 

2-аталым: «Ең үздік әдеби шығарма»

 

Бұл аталымға қатысушы таланттарға қойылар талап – бейнелеу тілінің сонылығы, стиль мен шеберлік. Ұлттық нәрі мен мифологиялық қатпарының болуы. Көзде ұстайтын басты тақырып – адам құқығы мен шынайы құндылықтар. Ұлт мәдениетін жұтатын өркениеттер қақтығысы, қыршын өмірді жалмайтын соғыстың, ашаршылықтың кеспірі мен адам санасына салған сызатын, ұлт руханиятына жасаған қиянатын ашып көрсету. Әдеби шығарма аталымына жанрлық шектеу жоқ.

 

 

Әр аталым бойынша жұмыстарды қабылдау мерзімі 2022 жылдың 15 қыркүйегінен 20 қыркүйекке дейін ұзартылды. «Таласбек» сыйлығына ұсынылатын шығармалар talasbekasemkulov2022@gmail.com электронды поштасына жолдануы тиіс. Сонымен қатар, «Таласбек» сыйлығына ұсынылған әр шығарма «Әдебиет порталындағы» арнаулы парақшада жарияланып отырады. Нәтижесі 2022 жылдың 23 қыркүйегінде жарияланады. Ұсынылатын шығарманың бет санына, қатысушының жасына, тіліне шектеу жоқ. Қаріп – Times New Roman, мөлшері – 14.

 

Әр аталым бойынша үздік деп танылған шығармаларға 300 000 теңге сыйақы тағайындалған.

 

 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар