Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» атты жас ақындар мүшәйрасы өтеді

16.10.2017 3650

«Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» атты жас ақындар мүшәйрасы өтеді

Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы 2017 жылғы 17 қарашада «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» жас ақындар мүшәйрасын өткізеді.

Мүшәйраның мақсаты: Ұлттың ұлы мұраты – Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің, сондай-ақ рухани құндылықтарды жаңғыртудың маңыздылығын көпшіліктің, жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы оларды отансүйгіштікке, елжандылыққа бағыттау. Тәуелсіз Қазақстанның елордасы – Астананың жарқын жетістіктерін паш ету. Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

Мүшәйра үш кезеңнен тұрады:

іріктеу кезеңі; дауыс беру кезеңі;

қорытынды кезең.

Мүшәйра шарттары:

мүшәйраға 14-29 жас аралығындағы республика аймақтарындағы ақындар қатыса алады;

қатысушылар өзі туралы мәлімет (аты-жөні, оқу/қызмет орны, байланыс нөмірлері) жолдайды;

үміткерлер Тәуелсіздікке, Астана қаласына арнаған өз туындыларын (әр тақырыпқа сай бір өлең) ұсыну керек.

Өтініштер (өлеңдер мен өзі туралы мәліметтер) 3 қарашаға дейін қабылданады.

Іріктеуден өткен үміткерлерге 6 қарашада хабарланады және олардың өлеңдері арнайы сайтқа салынып, 16 қарашаға дейін интернет арқылы дауыс беру кезеңі жүргізіледі. Қорытынды кезеңде үміткер ақындардың өлеңдері оқылып, көрермендер арасында да дауыс беру жүргізіледі. Жалпы әлеуметтің, кешке қатысушы көрермендердің және қазылар алқасының сараптамалық бағасының нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен номинация иелері анықталады.

Қорытынды кезең 17 қарашада өтеді.

Ақындардың мына ерекшеліктеріне назар аударылады:

сөз қолданысына, өлеңнің мазмұны мен тереңдігіне;

өлең ұйқасына, көркемдік ерекшелігіне, тақырыпты ашу сипатына;

шығармаларын оқу шеберлігіне (қорытынды кезеңде);

тіл тазалығына, сахна мәдениеті және киіміне (қорытынды кезеңде).

Жеңімпаздар бағалы сыйлық, диплом және алғысхаттармен марапатталады.

Мәліметтер мен өлеңдер (электрондық нұсқада) 3 қарашадан кешіктірілмей e.ensebaev@uya.astana.kz электрондық поштасына жолдану керек.



egemen.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Көп оқылғандар