Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Рухы мықты Рабиға апай...

18.08.2016 3327

Рухы мықты Рабиға апай

Рухы мықты Рабиға апай - adebiportal.kz


1.JPG



Ол – академик! Ол – қазақ ғылымына өлшеусіз үлес қосқан ғалым. Ол талайдың тісі батпаған тақырыпты зерттеп, тыңнан түрен салып, өзіндік сүрлеуін қалыптастырған ғалым, қазақтың тіл маманы. Ол – қазақтың қайсар қызы Рабиға Сыздық. Ұстазы әйгілі Мұхтар Әуезов. Рабиға апайымыздың қай зерттеу еңбегін қарасаңыз да, қаншама қажыр, қайраттың, төгілген маңдай тердің ізін байқайсыз. Басқасын айтпағанда, ең маңызды мына 3 зерттеу еңбегі неге тұрады?!


1) Абайдың тілі

2) Яссауи хикметтерінің тілі

3) Қадырғали бидің «Жамиғат Тауарих» атты тарихы шығармасының тілі.


Тіл саласы мамандары бұлардың әрбірін жеке-жеке зерттесе де оңай шаруа емес. Бірақ, осының барлығын бір ғалымның зерттеуі өлшеусіз еңбек емей немене?!

Рабиға апай тектінің тұяғы, асылдың сынығы. Сондықтан болар, әкесі кезінде Алаш қайраткерлерімен байланысты деп халық жауы атанғаны. Қанша көрген қиындық қаршадай ғана қазақ қызын шыңдай түсті, намысын қайрай түсті.


Ұлағатты ұстаздың ғылым саласындағы қыруар еңбегін де, өмірдегі өнегесін де талай жақсылар айтып жатыр. Енді өзім көрген, маған айтқан әңгімесін жазғым кеп тұр. Осыдан 2 жыл бұрын Алматыда апайымыздың 90 жылдық мерейтойы болды. Астанадан алып-ұшып мен де бардым. Айтулы шара Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет институтында ғылыми конференциямен басталды. Кіл марғасқалар кезек-кезек сөз сөйлеп, ғылымға сіңірген еңбегін айтып, мақтап жатты. Апай асыра мақтағандарға тоқтау салып отырды. Құттықтаушылар көбейіп бара жатқанда «қалғандарың 95 жылдық мерейтойымда сөйлерсіңдер» деп жиналғандарды бір күлдіріп алып, конференцияны аяқтағаны бар. Өзімнің де әжем 90 жасағасын ба, маған Рабиға апай жылы әрі жақын көрінді. Сондықтан ба, бүгінде апаймен жиі хабарласып, амандық сұрап тұруға тырысам. Қай кезде болмасын ғылымға қатысты ақылын айтудан шаршамайды. Шаршап тұрмын десе де, кемі жарты сағат, бір сағат бағыт-бағдар беріп, жөн сілтейді. Апайымыз биыл 92 жасқа келіп жатыр. Алладан оған амандық тілейміз. Жастарға тәлім-тәрбиесін беріп, көңілі шалқып жүре берсін. 95, 100 жылдығына да осылай тілек айтуымызды жазсын!



Бекарыс Нұриман

Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, 
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша докторант


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар