Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СӨЗ ДАУЫСЫ
Сәбит Жәмбек. Көркем өнер қоғамдық құрылымды өзгер...

18.09.2018 3246

Сәбит Жәмбек. Көркем өнер қоғамдық құрылымды өзгерте ала ма?!

Сәбит Жәмбек. Көркем өнер қоғамдық құрылымды өзгерте ала ма?! - adebiportal.kz

Біздің бұрынғы социалистік құндылықтарға негізделген қоғамымыз неге шылпара боп ыдырады? Себебі неде? Кім түсіндіре алар екен? Идиологиялық аппараты, мықты күштік құрылымдары сайлы, әлемдегі супердержаваны құлатушы қандай күш болды екен, ә!

Оның ең басты себебі – қоғам мүшелерінің "затқа құмарлығы"("вещизм"). Сыртқы дұшпандар бұл ретте "молекулярлық революция" тәсілдерін шебер меңгерген. Итальян марксисі, философ Антони Грамши өзінің "Түрме дәптерінде" бұл туралы егжей-тегжейлі жазған. Грамши өз "дәптерлерінде" "Мемлекет дегеніміз – күштеу, тізеге салу мәжбүрлеу сауытын киген гегемония" - деп жазады. Бұл гегемонияның екі түрлі сипаты болады. Біріншісі – саяси гегемония, екіншісі – мәдени гегемония. Саяси гегемония – билеуші топтың мемлекеттің күштік, әкімшік ресурстарын пайдаланып бұқараға өз үстемдігін көрсетуі болса, мәдени гегемония бұқара халықтың толық өз келісімі арқылы жүзеге асырылады.

Билеуші топ бұқара халықтың қарапайым өкілінің санасына жер ететін тәсілдерді, ең бастысы психологиялық факторларды жақсы пайдаланады. Осылайша әр қоғамның билеуші топтар орнықтарған бұқара халықты тізгіндеп отыратын рухани - идиологиялық ұстындары, символы, өзіндік идеологиялары қалыптасады. Бұл тарапта билеуші топ кино, радио, телевизия, баспасөз сияқты ақпараттық құралдарды тиімді пайдаланады. Дұшпандары екінші бір қоғамды құлатарда осындай символдарды пайдаланады. Және бұл символдарды көбіне қоғамның орта топтарының тұрмыстық санасына (обыденное сознание) бағыттайды. Мұндай «молекулярлық революция» қоғамның «мәдени ядросын» күйрету мақсатын көздейді.

Грамши еңбектерінің марксизм теориясының негізін салушылардан ерекшелігі – ол бір қоғамды қарулы күшпен өзгертуді емес, осындай «молекулярлық революция» арқылы өзгерту тәсілдерін ғылыми тұрғыдан қарастыруы болатын. Грамши бұл «молекулярлық революцияның» «агенттері» ретінде зиялыларды атайды. Ол: «зиялылар (интеллегенция) билеуші топтың әлеуметтік гегемониясы мен саяси билеуіне қол жеткізетін құрал, қызметшілер» - деп қарастырды. Ақыры жарты әлемге жалын күдірейткен Советтер Одағы, айбарлы қоғам «молекулярлық революцияның» арқасында құлап тынды. Оны құлатушы осындай орта топтың, жеке адамның санасындағы гедонизм (дүние құмарлық, байлық мұраты). Басқа түк те емес. Әйтпесе бұндай ядролық державаны күшпен ала алмайсыз.

Бар пәле-сананы өзгертуде болып тұр. Ал енді осы Кеңестер Одағын ұстап тұрған кереметтей рухани, идеологиялық ұстанымдар болды. Бұл қоғамда қарапайым адамдардың ертеңгі күнге деген құштарлығы, сенімі орасан зор еді. Қандай қиыншылықтарды да осы сенім факторы арқылы елеп ескермеуі жеңіп шықты. Осы сенімді орнықтыруда сол қоғамның керемет композиторлары, музыканттары, суретшілері, жазушылары, өнер адамары жақсы жұмыс істеді. Керемет көркемдік дүниелер туғызды. Оларға қаржыны аяған жоқ. Міне, осы кездегі (кеңестік кезде) музыка адамның жан-дүниесін баурайтын, елжірететін. Ертеңгі күнге деген сенім, күш-қуат, жігер үстейтін. Осы қоғамның күйреуімен оған тән музыка да жоғалды. Ертеңгі күнге деген сенім де шайқалды. Кеңестік қоғамда өмір сүрген егде адамдар қазіргі кезде советтік фильмдерді көргенде ондағы музыкаға ерекше елжіреп, көңілдерін носталгиялық сезім билейді. Мұңға батады. Бір кездегі символдардың жоғалуымен бірге көңіл түкпірлері бос қалған. Кеуек дүние. Бұрынғы сенім ізім-қайым жоқ. Бұл ненің сиқыры? Әп-сәтте бәрі жоғалып кеткен. Сөйтсек негізгі психологиялық кілтипан – дәуірдің символ-белгілері, нышандары, рухани ұстанымдары, бәрінен де дәуір музыкасы эстетикасы жоғалғандығында екен. Міне, «мәдени ядроны» орнықтырудағы өнердің күші!


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар