Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Сақшылар жыры...

15.05.2017 6121

Сақшылар жыры

Сақшылар жыры - adebiportal.kz

Құт қонған өлке, астықты алқап даламыз.

Тарихы терең ақиқат пенен әрі аңыз.

Тәуелсіз елдің тыныштығы үшін түн қатып,

Сап түзеп жүрген сақшысы біздер боламыз.

Бүгінге жеттік бәрін де жеңіп азаптың,

Келешек кемел, болашағымыз ғажап тым.

Отаны үшін оқ болып жауға атылған,

Жасай бер, жаса, батыр ұлдары қазақтың!

Еліме туған арналар талай жыр тағы.

Көз тігіп әлем, қызығып бүгін тұр бәрі.

Азаттық әнін, қазақтың әнін шырқады,

Ер Амангелді, Кейкі батырлар ұрпағы.

Сайыпқырандай сақшыларым-ай, айбарлым,

Ерлігің менен өр мінезіңнен айналдым.

Бейбіт өмірдің бесігі үшін бас тігіп,

Арпалыс пенен ішінде жүрген майданның.

Ертіс пен Еділ, Атырау, Алтай арасын,

Жәннатқа бөлеп асқақтай берші,Алашым.

Сақшылар жырыжүректен төгіп шырқаған,

Даламды кезіп, барша қазаққа тарасын!

Данияр Садуақасов, Арқалық қаласы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар