Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Шетелдегі қазақтар» сериясымен жарық көрген кітап...

22.01.2014 5294

«Шетелдегі қазақтар» сериясымен жарық көрген кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті

«Шетелдегі қазақтар» сериясымен жарық көрген кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті - adebiportal.kz

IMG_7133.JPG

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығында 2013 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарыққа шыққан кітаптардың тұсаукесерін өткізді. Тұсаукесер рәсіміне кітап авторлары мен Қазақстандағы зиялы қауымның көрнекті өкілдері қатысты. Жыл сайын жүзеге асырылатын дәстүрлі шарада алыс-жақын шет елдердегі қазақтардың поэзия, проза жанрындағы көркем шығармалары мен әр елдегі қазақтардың тарихы туралы ғылыми-танымдық сипаттағы тарихи зерттеулер шығарылады. Биыл қауымдастық «Шетелдегі қазақтар» сериясымен Қытай мен Моңғолия қазақтарының әдеби жинақтарын және Моңғолия мен Ресей қазақтары туралы жаңа кітаптарды жарыққа шығарып отыр. Олар қазақстандықтардың назарына алғаш рет ұсынылып отыр. Шетелдегі қазақтар арасында есімдері біршама әйгілі бұл азаматтардың кейбірі өздері тұрып жатқан мемлекеттердің құзырлы органдары тарапынан мойындалып, шығармалары білім беру бағдарламаларындағы оқулықтарға да енгізілген көрінеді. Соның бірі – Қаусылхан Қозыбайұлы. Әртүрлі жанрда қалам тербеген оның «Ісләмнің құрдасы» атты әңгімесі және «Шағылған төсек» атты пьесасы Қытайдағы қазақ мектептерінің әдебиет пәні оқулықтарына енген. Қаламгердің таңдамалы шығармалар жинағы Меллат Рәметтің құрастыруымен шығарылып отыр. Онда жоғарыда аталған 2 туындысынан бөлек, «Жаңа жайлау» повесі мен 6 әңгімесі, 1 пьесасы және 30-ға жуық өлеңдері топтастырылған. Ал Ботагөз Уатқанның «Атажұртқа жеткен көш» кітабында ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында Моңғолияда атажұртқа бел алған алғашқы көш сөз болады. Жалпы 20 жылдан астам уақыттың ішінде бұл елден 100 мыңдай қазақ елге оралған болатын. Бұдан бөлек Арғынбай Жұмажанұлының «Балапан қаз», Арғынбек Апашбайұлының «Жыр-ғұмыр» өлеңдер жинақтары, Абданбай Бажаевтың «Күн өз кеудеңнен туады» және Өнерхан Өгізбайұлының «Тағдыр талқысында» повестер мен әңгімелер жинақтары шығып отыр. Сондай-ақ Моңғол қазақтарының азапқа толы көші туралы Сұлтан Тәукейдің «Арыстардың арманы» деректі романы мен Серікқали Байменшенің Ресей қазақтары туралы «Дәнекер» эссе-әңгімелер кітабы да бар.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар