Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Шығармашылықтың шадыман шаттығы...

18.09.2018 3467

Шығармашылықтың шадыман шаттығы

Шығармашылықтың шадыман шаттығы - adebiportal.kz

Семей қаласы қашанда зиялы қауымның ордасына айналған қастерлі мекен екендігін Қазақстан жазушылар одағы Семей өңірі филиалы тұрақты өткізіп жүрген мәдени-рухани сипаттағы түрлі басқосулардан, алаш баласын тәлім мен ғибратқа бөлейтін отырыстардан аңғарамыз. Шаһарымыздағы қаламгерлер қауымы жергілікті бөлімшеммен біте қайнаса бірлессе жұмыс істеп жатыр. «Рухани жаңғыру» аясында бірқатар шаруалар атқарылып, қала жұртшылығы разы бола бастады. Жазушылар қауымы да өз тұсау кесерлерін өткізетін отауы барлығын мақтан етеді.

Міне, осындай шығармашылық адамы үшін шуақты 18 қыркүйек күні Қазақстан жазушылар одағы Семей өңірі филиалында болып өтті. Шара барысында қаламгерлер басшысы Мерей Қарт белгілі әдебиеттанушы-журналист Әбіл-Серік Әбілқасымұлы Әліәкбарға Көрнекті дипломат, мемлекет қайраткер сенатор Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ әдебиеттануына Тәуелсіздік жылдары сіңірген еңбегі үшін сыйға тартқан алтын сағатын салтанатты жағдайда табыс етті.

Осы шара барысында Дулат Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің жетекшісі филология ғалымдарының кандидаты Айман Советқызы Ақтанова Семейден шыққан әдебиеттанушылардың орта буын өкілі Әбіл-Серік Әбілқасымұлының әдебиеттанудан жазған 5 аударма оқулығына қатысты өз пікірін ортаға салды. Өз кезегінде Қазақстан жазушылар одағы Семей өңірі филиалының төрағасы Мерей Қарт Мұхтар Әуезов негізін қалаған Семей әдебиеттану мектебінің заманауи ірі тұлғасы Тұрсын Жұртбайдың өкшесін басқан іні-қарындастарының бергенінен берері мол екендігін айтып, салиқалы басқосудың шымылдығын жапты.

Қазақстан жазушылар одағы Семей өңірі филиалы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар