Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Шынарбек Жомартұлы: Тәңірдің тартуы...

22.03.2016 2958

Шынарбек Жомартұлы: Тәңірдің тартуы

Шынарбек Жомартұлы: Тәңірдің тартуы - adebiportal.kz


(Қазақтың қос батырына)


кос батыр.png

Кезбе ойды қуалап, қаңғырып,

Қаламым болдырған бейуақта.

Паң дала масаңда мәңгүдік,

Кірпігі жабылған кей – қақпа.

Мазалап аралар ызыңы,

Миымнан бал тасып ұшады.

Жүректе сүліктей күз үні,

Қайғырып болады құсалы.

Қоғамның осы деп отаған,

Кей сәтім күлгіндеп көмілген.

О, Құдай, күн шықты жотадан,

Күлкісі жарасып келінмен.

Ұсақтық жанымды билемей,

Күн нұры жүректі шарпыды.

Қазаққа қол жұмсау мүлде өгей,

Тәңірдің татулық тартуы. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар