Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Шыңғысханнан Шахановқа дейін...

02.09.2014 3089

Шыңғысханнан Шахановқа дейін

Жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің кезекті еңбегі «Шыңғысханнан Шахановқа дейін» деп аталыпты. Бұл жинақта халық тағдыры, ұлт тарихына қатысы бар, елге еңбегі сіңген танымал тұлғалармен жүргізген сұхбаттары топтастырылған.
Сұхбаттар «Мәдениет» телеарнасында өткен «Кітапхана» бағдарламасының тақырыптары бойынша жинақталған. Телеарналардан көрермендерге ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттайтын мұндай бағдарламаның көрініс табуы қуантарлық жағдай. Бағдарламаның әр санында жазушылардың таңдаулы шығармаларын белгілі тұлғалармен бірге отырып талдап, таразылайды. Кітап оқуға аса құмарта қоймайтындардың осы бағдарлама арқылы талай шығармаларға қызығушылығы оянған болар. Жүсіпбек Қорғасбек сол бағдарлама қонақтарының айтқан ойлы пікірлері мен тұжырымдарын қағазға түсіріп, үлкен туынды ретінде оқырманға ұсынып отыр. 
Асқар Сүлейменовтің «Бесатар» повесі, Мұхтар Мағауиннің «Жармақ» романы, Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» атты ғұмырнамалық романы, Тұрсынжан Шапайдың «Қазақтың жаны» кітабы, Мұқағали Мақатаевтың жыр жинағы, Мұхтар Шахановтың поэзиясы, Бауыржан Момышұлының күнделігі жайында белгілі тұлғалар ой-пікірлерін ортаға салып, шығармалардың, авторлардың табиғатын терең түсінуге тырысқан. Телебағдарламаның жазбаша нұсқасын орынды әзірлей білген жазушының бұл туындысында қазақ әдебиетінде, оқырмандар арасында ойып алған орны бар жазушылар шығармаларының артықшылықтары мен ерекшеліктері, тіпті, кемшіліктері де сөз болады. Шығарманың әрбір бөлімі, негізгі идеясы, мағынасы, тәрбиелік мәні, автордың жазу стилі, өзіндік ерекшелігі, бәрі-бәрі сыншылардың, әдебиетшілердің көзімен сарапқа салынады. Танымал тұлғалардың шығарма туралы пікір қайшылықтары, әдебиет сыншыларының өткір сындары да толық жарияланған.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар