Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унив...

19.09.2015 5483

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде«Әдебиет порталының» таныстырылымы өтті

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде«Әдебиет порталының» таныстырылымы өтті  - adebiportal.kz

 


«Әдебиет порталы» интернет-жобасы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының студенттерімен кездесті. Ғұлама ғалым атындағы білім ордасының ұстаздары мен ғалымдары бізді ерекше ықыласпен қарсы алды.


IMG_4504.JPG


Портал таныстырылымында болашақ әдебиеттанушылар мен тіл мамандары қазіргі әдебиет әлеміндегі жаңалықтармен, порталда орналасқан электронды кітаптармен, аудиокітаптармен танысып, ақындардың бейнепоэзиясын тамашалады. «Әдебиет порталы» интернет-жобасының оқырмандары порталға онлайн түрде тіркеліп, біздің әдебиет әлеміндегі достарымызға айналды. 


IMG_4525.JPG



Порталда жүргізіліп жатқан қазақ поэзиясындағы мектеп қалыптастырған «Үздік он ақын» жобасы бойынша сауалнама жүргізілді. Көпшілігі бүкіл халықтық махаббатқа ие болған Мұқағали ақынды атап жатты. Қазіргі поэзиямыздың жаңалықтарын қалт жібермейтін жас оқырмандар осы құрметті тізімге ақын Қалқаман Сарин, Танакөз Толқынқызы, Ерлан Жүністерді қосып, ақындардың жырын жатқа оқып берді. Кездесу барысында білім ордасы студенттерінің білімді, жан-жақты екені қуантты. Өздері оқыған әдеби кітаптарымен, алғаш оқыған шығармаларымен бөлісіп, таныстырылым еркін әңгіме түрінде өтті. 



IMG_4480.JPG


IMG_4500.JPG


IMG_4482.JPG



adebiportal.kz



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар