Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Сұңқар Сәкен» кітабы жарық көрді

04.03.2014 2198

«Сұңқар Сәкен» кітабы жарық көрді

Рисунок (76).jpg


Астана қаласы «Сәкен Сейфуллин мұражайы» қызметкерлері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 120 жыл толуына орай құрастырған «Сұңқар Сәкен» атты өлеңдер жинағының тұсаукесер рәсімін жасады. Тұсаукесер рәсіміне Оралбай Әбдікәрімов, Нұрғожа Ораз, Серік Тұрғынбеков, Әлібек Асқаров, Шәрбану Бейсенова, Дүкен  Мәсімханұлы, Серік Оспанов, Сүлеймен Мәмет және Ғалия Бөкейқызы ақынның туыстары мен астаналық заялы қауым өкілдері қатысты. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі атақты ақын, жалынды жазушы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткер Сәкен Сейфуллинге арналған  бұл жинаққа 1936 жылдан бергі Ілияс Жансүгіров пен Қасым Аманжоловтың арнау өлеңдерінен  бастап, қазіргі елге танымал ақын інілерінің өлеңдері мен толғаулары, поэмалары енген. Сондай-ақ, Астана қаласының  №69 мектеп-гимназия оқушыларынан құрылған шағын театрдың орындауымен «Еменнің бұтағы иілмейді» атты спектаклі қойылды.


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар