Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Суретші бақыты – Еркіндік»...

14.12.2016 6131

«Суретші бақыты – Еркіндік»

«Суретші бақыты – Еркіндік» - adebiportal.kz

Бүгін Елордамызда 14 желтоқсан күні  Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Суретші бақыты – Еркіндік» атты көрме өтті.

25.jpg 
 

 Іс-шара ұйымдастырушылар - Астана қаласының әкімдігі, «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК, Астана қаласының Суретшілер одағы және Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері Жанұзақ Мүсәпір мен Әділғали Баяндиндер екен. 


 

«Қазақстан Тәуелсіздігінің формуласы - ол еркіндік пен жауапкершілік сияқты мәнімаңызды, бірдей екі тең ұғымның қосындысы»  

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев


 


 

Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлар бойы аңсаған орыналған арманы. Сондықтан Тәуелсіздікті мерекелеу - әр қазақстандық үшін ерекше маңызды және мағыналы екені даусыз. Осы күнгі ұрпаққа ерекше тарихи жауапкершілік жүктеліп отырғаны анық - ол Тәуелсіздікті сақтау және нығайту. 


 


 

Суретші үшін еркіндік тіпті қымбат. Сондықтан Жанұзақ Мүсәпір мен Әдәлғали Баяндиннің көрмесінің «Суретші бақыты – Еркіндік» атауы тегін емес. Суретші үшін еркіндік тек қана іс - қимылында емес, ойы мен бойы еркін болуы өте маңызды екендігі көрмеден анық байқалды. 


 

Суретшілердің қылқалам арқылы бізге жеткізгісі келген еркін ойын  50-ден астам (нақтырақ айтып өтсек - 57) көрмеге қойылған еңбектерінен көре аламыз. Қос суретші Қазақстанда және шетелдерде өткен көптеген көрмелердің, фестиваль және симпозиумдардың қатысушылары екен. 

  

Жанұзақ Керімбекұлы Мүсәпір - суретші, тележурналист, режиссер, Журналистер және Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикачсының «Мәдениет қайраткері», Қазақстан Республикасының Көркем Академиясының академигі. Жанұзақ Мүсәпір 1961 жылы 26 қазанда Алматы облысы Балқаш ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институттың көркемсурет факультетін бітірген. Жанұзақ Мүсәпірдің көптеген туындылары Ұлыбритания, Польша, Германия, Босния және Герцеговина, Біріккен Араб Әмірлігі, Марокко, Ауғанстан, Украина, Ресей, Қытай Халық Республикасы және тағы басқа мемлекеттердегі жеке коллекционерлердің қорында, өнер мұражайларында сақтаулы тұрғандығы көрме барысында айтылды. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар