Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Таймас» журналының тұсаукесері өтеді

04.07.2014 1323

«Таймас» журналының тұсаукесері өтеді

10509203_488952634584539_514147868_o.jpg

Елорда күні қарсаңында қазақ мерзімдік басылымдарының қатары жасөспірімдерге арналған астаналық алғашқы журналмен толықпақ. Журналдың мақсаты – бүгінгі күннің рухы биік, мақсатшыл жас таймастарының басын қосатын ақпарат кеңістігін құру. Сондықтан журналдың атын «Таймас» деп атағанды жөн санадық дейді жоба авторлары!
Журналдың тұсаукесері барысында шоу-бағдарламалар ұйымдастырылып, оған БАҚ өкілдерімен қатар, Парламент депутаттары, білім және мәдениет басқармаларының басшылары, министрлер, халықаралық, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардан құрметті қонақтар қатысады деп күтілуде. 
Үстіміздегі жылы 9 шілдеде Тәуелсіздік сарайында «Таймас» жасөспірімдер журналының ресми тұсаукесер рәсімі өтеді. Көңілді кешті өткізіп алмаңыз!

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар