Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
"Таймас" журналының тұсаукесері өтті

09.07.2014 1506

"Таймас" журналының тұсаукесері өтті

IMG_3462.JPG

Бүгін, яғни 9 шілдеде елордамыз Астана төрінде, Тәуелсіздік сарайында "J-Group Production" ЖШС қолдауымен республикалық "Таймас" ғылыми-танымдық жасөспірімдер журналының тұсаукесер рәсімі өтті. Аталған шарада келешекте жастарға рухани тәрбие беруде ерекше рөлге ие болатын "Таймас" жасөспірімдер журналының бағыт-бағдары, көздеген мақсаты, әлеумет үшін маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар мерекелік шара өзінің бағдарламасымен ерекшелене түсті. 

Республикалық көлемде жарыққа шыққан "Таймас" журналының тұсаукесер рәсіміне ҚР Парламент депутаттары, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің өкілдері, БАҚ басшылары, астаналық ақындар мен жазушылар қатысты. Журналдың тұсаукесер рәсімін белгілі ақын Қалқаман Сарин мен жас әнші Мұхаммедәли Жүгінісов жасады. 

"Таймас" журналының тұсаукесер рәсімінен фоторепортаж


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар