Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СЫН
Талапбек Тынысбекұлы: Қазіргі қазақ поэзиясындағы ...

26.04.2017 10379

Талапбек Тынысбекұлы: Қазіргі қазақ поэзиясындағы сал-серілер бейнесі

Талапбек Тынысбекұлы: Қазіргі қазақ поэзиясындағы сал-серілер бейнесі - adebiportal.kz

Халқымыз тарихында қайталанбас ізі қалған сал-серілер өмірі бүгінде болмағандай аңыздар астарынан елестері ешкімге жасырын емес. Тірісінде есімдері ел арасына аңыз болып таралған елінің еркесі де, серкесі бола білген сал-серілердің өмір кешірмелері айтса таусылмас ертегідей. Әрине, бұл тақырып сөз болғанда көркі әсем көрінген, таңдайынан сөз маржаны өрілген ақын да өзі, әнші де өзі Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Жаяу Муса, Ақан сері бастаған мәңгілік есімдердің есімізге оралатыны сөзсіз.

Бұл шағын зерттеу тақырыбында сал-серілер тарихы мен тағдырын тармақтай тізіп жатпағанымызбен қазіргі қазақ поэзиясындағы көрініс тапқан бейнелеріне үңілуді жөн көрдік. Үйткені, сал-серілер өмірі мен шығармашылығы талайлаған құнды еңбектердің зерттеу нысанына айналып, әлде қашан ғылыми айналымға түсіп жүйеленген жұмыс. Ал, олардың бүгінгі қазақ поэзиясындағы обыразы туралы айтылған ойлар тым сирек кездеседі деуге болады.

Қазақ тариқындағы қайталанбас дара тұлғалар, серілер туралы сөз болғанда Сегіз сері есімі аталатыны ақиқат. Сегіз туралы бүгінгі зерттеушілер әртүрлі пікірде болғаны белгілі. Бірі мақтап, бірі даттап Сегіздің өмірін сергелдеңге салған таласты дауы да көз алдымызда өткен. Біздің мақсатымз Сегіз серінің тарихы мен тағыдырын дәлелдеу емес болғандықтан ол жайлы көп тоқталмадық. Қалай болған күнде де Сегіз серінің өз заманында асқан сері, беделді тұлға болғаны анық. Талайлаған серілер өзінің ұстазы Сегіз сері болғанын өз өлеңдерінде, әндерінде жиы айтатыны жасырын емес.

Біз тілге тиек еткен кейіпкеріміз туралы жазылған шығармалар аз емес. Бүгінгі қазақ әдебиетінің алдыңғы буын өкілі ақын Қадыр Мырза-әлидің «Сегіз сері Баһарамұлы» 1, 76-бет) атты өлеңі де сол ойымыздың бір дәлелі.

Неге сегіз?

Сегіз қырлы болмысы,

Қалай сыймақ тар қалыпқа ол кісі.

Алдыңғысы болса болар тұлпардың,

Емес бірақ сәйгүліктің соңғысы.

Шырқағанда ғашықтардың атынан,

Көкірекке ұялаған жатық ән.

Неге сегіз?

Иықтағы жалғыз бас,

Бір ғана бас сегіз басқа татыған.

Осыбір өлең шумақтары арқылы «неге сегіз?» деген сауал төңрегінде Қадыр ақында біраз бас қатырған сыңайлы. «Сегіз сері Баһарамұлы» деп ат қойылған осы өлеңнің тақырыбына қарап оқырман ойға қалмас үшін Сегіз серінің шын аты Мұхмет Қанапия Баһарамұлы екенін де айт кету орынды.

Ал оның Сегіз сері атануына Қадыр ақынның өлеңдері толымд жауап болса керек. Жоғарыдағы шумақтардың жалғасы мына бір тіркестерге көз салайық:

Құдай оған жүрек берген, көз берген,

Қырдан– құрмет, арулардан– сый көрген.

Дауысымен көк аспанды көтеріп,

Бес қаруды бес саусақтай игерген.

Шамырқанса,

Қайрат-күші тасты ма?!

Жұдырығы қақ айырған тасты да.

Күрескенін кілемдейін бүктеген,

Алысқанын алып ұрған астына.

Сегіз қырлы Серінің «көк аспанды көтерген» дауысы әлі де ел құлағын елеңдетіп келе жатқны жасырын емес. Айбынды әнімен әсерлі серілігін айтпағанда «бес қаруды бес саусақта игерген» ептілігі мен «жұдырығы қақ айырған тастыда» мықтылығына:

Күрескенін кілемдейін бүктеген,

Алысқанын алып ұрған астына,- алыптығын қосыңыз. Неге Сегіз атанғанын байыптай беру қиынға соқпайтын сыңайлы. Өз дәуірінің батыры да, палуаны, ақыны даәншісі бола білген Сегіз серінің айтылмай жатқан қай қыры бар екен, ақын өлеңінің жалғасына көз жіберейік:

Қазық қаққан жалаң қолмен қаруды,

Сондай ерге қорғансыз қыр зәру-ді.

Керек жерде таспа тіліп, қамшы өріп,

Керек жерде «арбай» білген аруды.

Іргедегі қамалдардың қауыбы,

Іші пысқан сары даланың сауығы...

Керек жерде қалың елдің қайығы,

Бола білген шипагері, тәуібі.

Біздің оқып білгеніміздей «жалаң қолмен қаруды қазық қылып қағар» қасиет қазақ тарихында Қадырдың айтқаны рас болса Сегіз серіге ғана бұйырар мықтылық. «Керек жерде таспа тіліп, қамшы өрген» сімердің «керек жерде қалың елдің шипагері, тәуібі» бола білуі де бекер адамның қолынан келмес кереметтілік екені көз жұмдырмайды. «Жігітке жеті өнер де аз» дейтін атам қазақтың дана қағидасын бір басынан үлгі еткен Мұхамет Қанапия Бақарамұлының Сегіз емес Сексен сері аталып кетсе де атағына аздық етері ақиқат еді.

Сегіз сері өміріне сегіз шумақ өлең арнаған Қадыр ақынның соңғы екі шумағын оқып көрелік:

Көмейіне құйып алған бал әнін,

Ә, дегенше өте шыққан бала күн.

Жендеттерге ертелі-кеш індеткен,

Ұстатпаған сағымындай даланың.

Маңдайға алып нағашы жұрт, батысты,

Өкшелеген өңкей итпен атысты.

Ел-жұрты үшін қуғын көрген қазаққа,

Құс төсектен қымбатырақ ат үсті.

Қазақ даласында қайталанбас өнерлерімен ізі қалған, атағы аңызға айналып, баяғыда бақилық болған Сегіз сері есіміне бүгіннің ұрпағы бас араздық жасап, бақастық танытып жатқанын ескергенде өз заманының күндестері мен күншілдерінің қылығына тәубә етіп, кешіріммен қарауға болады.

Жендеттерге ертелі-кеш індеткен,

Ұстатпаған сағымындай даланың» Сегіз серінің «өкшелеген өңкей итпен атысы» көз алдыңа келгенде бүгінгінің күшіктеріне аруағын талатқың да келмейді.

Қара халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап қуғынға түскен ерлерге қай ғасырда да «құс төсегі ат үсті болғаны» тарих көрсеткен дәлел. Болашақ ұрпақ баба мұрасын жалғастыра алса игі еді.

Қазақ ән өнерінің қайталанбас өкілі, әйгілі әнші, композитор Біржан сал Қожағұлұлы – ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақтың белгілі ақыны, атақты композиторы, асқан әншісі. Ол өнер жолына өзінің бүкіл өмірін арнап, Арқада әншілікті, ақындықты, орындаушылық өнерді тұңғыш рет қалыптастырған дарынды өнер иесі. Жастайынан өлеңге, өнерге құмар болған Біржан той-думанның, айтыс-тартыстың, көңілді кештердің қайнаған ортасында ән салып, өзінің талантты әнші, ақын екенін таныта түседі.

Бар өнерді бойына жиған Біржан айналасына бірталай ақын-әншілерді, өнерпаз жастарды жиып, қазақ даласын аралап, әндерін таратады. Халқымыздың мақтанышына айналған Жаяу Муса, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Иман Жүсіп сияқты атақты сал-серілер, әнші-ақындар Біржан мектебінен өркендеп, өнерге қанат жаяды.

Біржан – поэзияда да, ән әлемінде де өзіндік өшпес ізін қалдырған ұлы тұлға. Оның асқан әншілігін, талантты ақын екенін өлеңге қосқан С. Сейфуллин:

Ән салса арыстандай ақыратын

Әуені қалтыратып жапыратын.

Саңқылдап даусы кетіп алты белге,

Көркем ән маңдағы елді шақыратын

Қазақта кім білмейді Біржан салды

Ағызған қызыл тілден шекер балды.

Сан ақын жарысқанда талай тойда,

Үздік боп бәйгіні ақын Біржан алды, –

деп баға береді.

Азапты да, аңыздай, әдемі де әлекті ғұмырмен пәниден өткен Біржан сал өмірі кейінгі ақындар айтып көңіл жұбатар ертегідей болып қала берді.

Біржан сал туралы айтылған аңыздармен жазылған жырлар, шертілген сырлар аз емес. Соның бірі жоғарыда аты аталған белгілі ақын Қадыр Мырзаәлиевтің «Біржан сал» 1,79 б) өлеңі. Ақынның осыдан қырық жыл бұрынғы осы өлеңі оқыған жанға күні кеше жазылғандай ой салады.

Жыр мұхиты дөңбекшіп, буырқанып,

Жатқан үнге қашаннан иір қанып.

Бір ауылда шырқасаң бір ауылда,

Елеңдейді әніңе үйір халық.

Деп ақын жырлағандай ауылдар арасын әнімен жалғаған Біржан даусына қазақ халқы қай кездеде үйір. Қоңыр қаздай қалықтаған Біржан әніне әр кез елеңдеп тұратыным да шындық.

Өмір деген теректен өлең үзіп,

Сен айғайға басқанда дене қызып.

Аяғында қыл ескен жібек тұсау,

Арғымағың тұрыпты-ау елегізіп.

Домбырасын соққылап, ала қашып,

Дүлейлерді қалғанда қара басып.

Самалменен қоса жұрт ән жұтыпты,

Сенің үнің ауамен араласып.

Бұл шумақтарды оқығанда жасы келген шғында қыл арқанмен жазықсыз байлауда қалған Біржан салдың біз білетін «Темір тас» әні еріксіз еске оралады.

Салғаным ағаш үйге зботты пеш,

Жаратқан, мен пендеңнің күнәсін кеш.

Денеме кендір арқан жаман батты,

Қайдасың, Асыл, Ақық, қолымды шеш.

,- деп зарлаған Біржан бейнесін өз өлеңінде Қадыр ақынның:

Аяғында қыл ескен жібек тұсау,

Арғымағың тұрыпты-ау елегізіп,- деп көркем оймен айшықты жеткізгені анық аңғарылады.

Тұлпар жырдың суытып таң асқаны,

Той-думанда өзіңмен таласпады.

Сіңіп қалған тұп-тұнық ән мен даусың,

Содан мынау мөп-мөлдір дала аспаны.!

Міне, біз тамсана оқып, таңданып отырғанымыздай Біржан әнісіз бабасының да, баласының да, даласының да сәні кірмейтін қазақтың, серісін сетерлеп, оның өмірі мен мұрасын ғасырдан-ғасырға желісін үзбей жалғастыра беретіні ақын жырында бедерлі бейнеленген.

Бүгінгі қазақ поэзиясының бел ортасында жүрген Ақын Серік Ақсұңқарұлының «Біржан салды байлап тастап» 2) өлеңінен Ақанның азыбы мен Біржанның өрлігін аңғарғандай боламыз.

Біржан салды байлап тастап,

Почтабайға қамшы ұстақан қазақтан,

Ақын туса- көз ашпайды азаптан.

Шындығында бұл біз білетін, күллі қазақ көңілінде жатталған тарих. Соған қарағанда бұл жыр Біржан салдың «Жанбота» әнінің әсерімен болмаса соның желісімен жазылған өлең деуге болады. Осы жерде Біржан салдың атақты «Жанбота» әнін есімізге алайықшы:

Айтады Біржан өлең ентелетіп,

Біржан деп халқы қойды еркелетіп.

Есерге Почтабайдай көз алдыңда,

Біржанды қойғаның ба желкелетіп.

Міне, әніне аспандағы құс айналған атақты Біржан салды Жанбота болыстың жан төзгісіз қинауға салып, «почтабай есерге желкелеткенң жетесіздігі ғасыр қойнауынан жаңғырып көз алдымызға еріксіз оралады. Серімен салын сенделткен қазақ қоғамының бай-болыстарына кектене отырып Серік өлеңін тағы да бір еске аламыз. Қай қоғамда да халқының сөзін сөйлеген ақынның азабы арылған ба?. Бірақ Біржан азабы мен Ақан қайғысын аңғарған Серік Ақсұңқарұлы өлеңнен жерінбейді. Ол басына бұғау, тақымына бұрау түспегенімен.

Шермен шемен – шаңырақта, жонда да,

Ата-бабам арманда өткен бақыл боп.

Қасақана әкім болмай сонда да-

Кеттім менде ақын боп,-

Деп ағынан жарылады. Ақындығына азабы қатар жүктелген Серіктің осы өрлігі оны қазақ поэзиясының шыңына жетеледі деуге болады. Сондықтан да ақынның:

Біржан салды байлап тастап,

Почтабайға қамшы ұстатқан даланың,

Шаранасы мен деген,

Осы жұртта қаламын!

Не көрсемде көрем осы елімнен,- деуі әбден орынды. Еліне деген сенімі жасындаған, жеріне деген жерігі басылмаған ақынның көрер азабы көрер азабы көз алдағы көп күйбеңнің біріндей сезілмейде қалғандай.

Серік өлеңінде есімдері қатар аталған сал мен серісін қазақ қашанда қадірлеп келеді. Сондай дара туған тілсім өмір иесі Ақан сері Қорамсаұлы еді.

Тағдыры талайға аңыз болған Ақан кешірмесі айтса тауысқысыз. «Ерді ер ететін де, жер ететін де әйел» деген дана халқымыз сөзі Ақан өмірінде айырықша орын алғаны белгілі.

Бәтима мен Ұрқиядан өлідей, Ақтоқты мен Жамалдан тірідей айырылған Ақанға тағы бір қайғы жамалады. Алдымен қыран құсы Қараторғай, артынан жүйрік тазысы Базаралы қасқырға дайындалған күшаланы жеп өледі. Енді Ақанның жалғыз жан жұбанышы аңызға айналған Құлагер аты еді. Сері өмірінде сұлулар орны қаншалық зор болса Құлагердің де орны Ақан жүрегінде бөлекше еді. «Ер қанаты ат дегенде» осы емеспе. Осындай әлпештеудің бодауын терімен өтеген Құлагер серімен бірге аталып қазақ даласында ән болып айтылып, күй болып шертіліп кете берді.

Сүйгендері туралы айтылған серінің әні өз алдына бір мақала тақырыбы. Бұл жерде Құлагер ат туралы бір аз сөз айта кету ләзім. Алғаш Ақанның жүрегінен жарып шыққан Құлагер есімі:

Салбырап саптаяқтай төменгі ернің,

Баспа-бас қызға бермес жануарым...

Құлагер, жерді жарған дабысың-ай.

Өлгенше бұзылмаған шабысың-ай...

Ор болып қалушы еді шапқан жерің,

Шаттанып тұрушы еді қалың елің.

Атығай-Қарауылға олжа салған,

Бота тірсек, қыз сағақ сандал керім, –3)

Дейтін жолдармен қазақ даласына ән болып таралады. Онда “Ақын бұрынғы халық жырларының теңеу өнегелеріне, бай сөздік үлгілеріне сүйене отырып, өз Құлагерінің мүсінін жасайды 4)”.

Алаш қайғысына айналған Құлагер аттың өлімі ел арасында аңыз етіп әлі айтылып жүр. Керей руындағы атағы алты алашқа жайылған Нұрмағамбет деген бай әкесі Сағынайға ас береді. Сол аста ат сыншының Ақан серінің сәйгүлігіне жақсы баға беріп, бәйгеде бірінші келетіні туралы айтқан сөзін естіген ақынның дұшпандары Батыраш Құлагерді қастандықпен мерт қылады. Бәйгеге қатысқан үш жүз аттың арасынан қара үзіп келе жатқан Құлагерден көз жазып қалған Ақан бір пәленің болғанын сезіп:

Алдыңғы ат баран болмай қылаң болды,

Жығылмаса, Құлагер қайда деймін!

Отыз ат уәделі өтіп кетті,

Сол жерде тұра алмадым денем шошып, –3)

деп, Құлагердің дұшпан қолынан мерт болғанын түсінеді. Сәйгүлігінің басын құшақтап зарлаған Ақан бүкіл даланы күңірентеді:

Құлагер, айналайын шабысыңнан,

Атағың елге шыққан дабысыңнан.

Біліп ем өлеріңді, Құлагерім,

Шыңғырған түсімдегі дауысыңнан.

Өлді деп, жануарым, есіткенде,

Шықпады уақыт жетпей шыбын жаным...

Шынымен өлгенің бе, Құлагерім,

Салбырар саптыаяқтай төменгі ернің.

Баспа-бас қызға бермес жануарым,

Басылмас бір шырқалмай менің шерім.3)

Жанындай жақсы көрген тұлпарынан айырылған Ақан атының басын құшып қала береді. “Ақан Құлагерді тек мал еді деп жоқтамайды, оның өлімі Ақанның жанына жара салады. Сондықтан Ақанның жүйрігін айтып шығарған әні “Құлагер” атанғанымен ол әнді серінің жан ашуының туындысы деп қарау керек 4)”. Осылайша еш сүйеніші мен жұбанышы қалмаған Ақан елсіз даланы мекен етіп, тылсым табиғатпен тілдеседі. Оның қайғы-мұңын жүгірген аң, ұшқан құс үнсіз ғана тыңдайды.

Ақан сері туралы сөз болғанда есімізге атақты ақын Ілияс Жансүгіровтың «Құлагерің елестейтіні жасырын емес. Қазақ халқына мәшқұр болған бұл жырды мен талдап саралап жатпағаныммен осы дастан Ілияс Жансүгіровтың Ақан сері мен Құлагер атқа орнатқан мәңгілік өшпес рухани ескерткіші екенін айырықша атап айтуға болады.

Тұсында сері болсын, пері болсын,

Ұнайды өмірімен Ақан маған, –

деген Ілияс Жансүгіров Ақан сері өмірінің бір қыры болған сәйгүлік жүйрігі Құлагер туралы өте тамаша туынды жазған. Ілияс бұл шығармасы арқылы Ақанға тағылған жалған лақаптарды әшкерелейді, сонымен бірге басына түскен қиыншылықтарға қайғыланады. Ел-жұрттан аулақ кетіп, жалғыз қалғанын, өмір бойы сұлулық пен әділдік іздеп өткенін, айналасын ән мен күйге толтыруға тырысқанын атап көрсетеді:

Сезгір жан, нәзік көңілін азап алып,

Жабырқап жапан түзді жалғыз кезген...

Текті құс тазалықты қолына ұстап,

Арманы-ақ сұлулықты сүю деген...

Ән – азан, әдемі сөз намаз болып,

Кітап боп көңілін ашқан гүл-бәйтерек. 4)

Міне, Ілияс Ақан туралы осындай баға жетпес поэма туғызса, олардың замандасы Мағжан Жұмабаев та Ақанның өміріне, әсіресе шығармашылығына жіті көңіл бөлген. Сәкен Жүнісов Ақан серінің өмірге келгенінен бастап, көзі жұмылғанша көрген қуаныштары мен басына түскен қиыншылықтары туралы роман-дилогия жазды. Ал, Хангелді Айтбай ақын жайында көлемді поэмасын қалың оқырманға ұсынды. Сонымен бірге бүгінгі таңда Ақан сері туралы қалам тербеген ғалымдарымыз да баршылық. Олар Ақан өміріндегі зерттелмеген тұстарды қарастырып, қалың көпшілікке ұсынып жүр. Атап айтар болсақ, Ақан сері “Маңмаңгер” жинағын құрастырған Қ.Жүзбасов, Ақан туралы зерттеу жұмысын жүргізіп, оның шығармаларын жарыққа шығарған Ә.Тәжібаев, “Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері” атты кітабында С.Қирабаев оның шығармашылығын жоғары бағалаған, ал, Х,Сүйіншәлиев “Қазақ әдебиетінің тарихы” атты кітабында сегіз қырлы, бір сырлы, сал-серілердің атасы атанған Ақан туралы зерттеуінде көптеген тың да ұтымды пікірлер айтқан.

Бүгінгі қазақтың ақын қыздарының көшін бастаған Фариза Оңғарсынованың қаламынан да Ақан сері тағдыры жыр болып төгіледі. «Ақан сері аңыздары» деген ат пен жазылған желілес жеті өлеңнен құралған жырлардан Ақанға байланысты аңызға қаныға отырып ирімді ойларға бой лап кеткеніңді аңғармай да қалғандайсың. Алғашқы «Шешім» 5,67-б) атты өлеңінде:

«Құлагердің қазасынан кейін Бұрын Ақан серіге ағайын боп жүрген бір топ адам істің ақ, қарасын аш па боп ерейменге­- Батырақтарға жол тартады. Апта өтеді, ай өтеді. «Жанашырлар» үйді-үйіне тарап жатыр алса керек. Ақан сері осыдан баста ағайыннан да, достан да біржова күдер үзіпті деседі». Осы бір қиын жайды Ақан атынан сөйлеген ақын сері тағдырынан сыр шертеді.

Ақиқаттан бәрің де бездіңдер ме,

Бездіңдер ме бой беріп ез күндерге?

Қажеті жоқ сылтаудың, ақталудың,

Көздеріңнен барлығын сездім менде.

Осындайдан туады кете міне,

Озбырлығын жайып сап беттеріне.

Әділдігін айтуға, тым болмаса,

Біреуіңде батылдық жетпеді ме?-

Деп келетін ағайындарына деген Ақанның орталаған өкпесін өз өлеңінде өзгеше бедерлеген Фариза ақын:

Шындықты айтсаң шаба ма, сол тақсырлар,

Жорта шыншыл сендерде, жорта ақсыңдар!

Ақиқатты айтпаудың өзі қылмыс,

Сол қылмысқа сендер де ортақсыңдар.- дейтін шумақтармен серіні сатқан екі беткей «жолдастардың» жон арқасынан қамшы өреді.

Жалғандықтың айнасы жалтақ жанар,

Жалтақ жерде жол таппай ар қарманар.

Құртты ортаға инедей сәуле түссе,

Ыбырсыған тірлігі талқандалар.

Мен ешкімнің биігін құлатпадым,

Қарайсыңдар күмілжіп бірақ бәрің.

Тымырсыған тірліктер тыпырлайды,

Сіңіре алмай әнімнің шуақтарын.

Бағы мүлгіп тұрғанға шаң борамай,

Жүрдім жерді жұмақ деп таңдары арай.

Ұқтым енді шындық қат жерде өмір,

Сәуле түспес, жел қақпас мал қорадай.

Ағаш ексең қимылда тамыр қатпай,

Исі кетпес желдетпей, жауындатпай.

Бықсық тірліктерді де құртар ма еді,

Жердің шірік қабатын қалыңдатпай!

- деп. Ақан болып ақталған ақын көңілде сақталған сырын ағынан ақтарады. Заманы Ақанды қалай қабылдағанына атының аңызға айналып, ғасырдан озып бүгінге келгені куә. Ал,

Тымырсыған тірліктер тыпырлайды,

Сіңіре алмай әнімнің шуақтарын,- деген тіркестер нағыз ақындық шабыттан туылған Ақан сыры. Осылайша ортасына мұң шаққан ақын жырын ары қарай оқып көрелік:

Сенгендерім, самалым сендер едің,

Зәр боп шықты жаныма ем дегенім.

Қанды жерден шошыған аққудайын,

Шыбын жаным шырқырап сенделемін.

Сұлулықпен шарқ ұрып қарашығым,

Пәктік аңсап зарықты жан асылым.

Енді іздеймін даладан, су мен желден,

Жанталасқан жанымның жарасымын.

Ақынды ширықтырған бұл шумақтардың астарынан шындықты аңғару қиын емес. Заманена сыймаған заңғар талант иесі Ақанның шу тірліктен жерініп, ел өсегінен өзін аулақ салып, тылсым табиғат қойнынан қоныс іздеп кететін соңғы тағдыры бедерленгені белгілі.

Ақынның Ақан атынан жырлаған екінші өлеңі «Жан қуанышын іздеу» 5,68- бет) деп аталады. «Айырылдым тағдыр айдап бұлбұл құстан» деп келетін Ақан өлеңінің бір жолын жырының жолашары еткен Фариза ақын ары қарай былайша тербейді:

Қайда менің кішкентай бұла құсым,

Бұла құсым- балапан қуанышым?

Жазатайым жазым боп қалама деп.,

Көзден ұшса қылпылдап тұрады ішім.

Шарланғанда шырылдап м? нар ішім,

Сұр мергендер сұқтанса құлары шын.

Оралғанда кеудеме қуанышым,

Жақын тартан секілді мың алысым.

Тоқтатқандай болушы ем жыл ағысын.- деп келетін ұтымды ұйқастармен басталған өлең құсқа баланған Ақанның құпия сырларындай болып жалғаса береді. Сезімнің тамаша пернелерін тауып басатын ақын жырлары сенің де көңіл көгаршыныңа арналғандай әсерлі оқылады.

Бағы бір шаттықтар жоқ менделі,

Қайда кеттің көрінбей көптен бері?

Көк мұнарлы көңілім сені іздейді,

Жыл құсындай сиредің көктемдегі.

Екеуімізді айырған тағдыр ма екен-

Жауратты ма сені әлде жаңбыр-мекен?

Пәктігіңнің жазасын тартып әлде,

Қанаттарың қайрылып қалдың ба екен?

Махаббат жырларындай мәйектенген бұл шумақтар астарында арулардан жолы болмаған Ақанның жан сыры жасырын жатқандай.

Сенсіз менің көзім жас, мұңым қалың,

Өзіңді іздеп сенделдім, шырылдадым.

Жылы ұяңа түбі бір ораларсың,

Шықпай жүрсе кеудеңнен шыбын жаның.

Өзің жовта менделі ғұмырда - ақпан,

Қурап, ұшып кеткендей гүлім бақтан.

Бұл қандай күш- ұмытылған екеуімізді

Екі торға қамалап шырылдатқан?

Осылай аяқталатын, үкілеген үмітін ұясынан ұшқан құстан үзбеген Ақан болып ақтарылған ару ақынның бұл жыры «жан қуанышын іздеген» қай жүректі болмасын шымшылап әкететіні сөзсіз.

«Табиғаттан ғана сая іздеген Ақан серіні, оның қолында билігі жоқтығын білсе де, қолық-зорлық көрген халық өкілдері іздеп, жүздессе, мұңдарын шағып, арыз айтады екен. Елтай атты ауқатты адамның Сардарбек деген тентексал інісі қолы жеткен жерден жылқы ұрлап, Қоянды жәрмеңкесіне сатып әдеттенсе керек. жылқы иелері шағымданып, ұлыстық правитель Сардарбекті ұстамақ болса, Елтай өзінің жылқышысы Балғынды ұстап беріпті. Мұны естіген Ақан қатты күйінсе керек». осы бір әділсетсіз қоғамның ащы шындығынан туындыған Фариза ақынның үшінші жыры «Жылқышы жігіт хикаясы» 5,69-бет) деп аталады.

Аққу ғана аққуға серік болар,

Сенімімен, сезіммен көрікті олар.

Жарасымға жалғандық қол сұққанда,

Жараланған сезімдер семіп, солар.

Жер нәрімен- мейірім, ақыл, қайғы,

Адамзатта көрікті батыл сайлы.

Жалаңаяқ жер басса табаны енді,

Топырақтың қызуын жатырқайды.

Осылай басталатын өлең ары қарай заманының запыранын ақтарады. Қарапайым тілмен жазылған өлеңді жалғасты талдап жатудың өзі басы артық әңгіме.

Пенделіктің шырмалса арқанымен,

Адам мәңгі қоштасар жалқы әнімен.

Аққу - ғұмыр мазмұны билік болып,

Онсыз өмір айырылар бар сәнінен.- деп ақын тауып айтқан. Аққудың ары былғанса айдыннан абырой кететіні де түсінікті. Үйткені:

Алыс-беріс көбейіп есептелер,

Шешер ердің тағдырын өсек-селі.

Қадыры артып әншіден айғайшының,

Ауыз салды тұлпарға есектері.

Өмір кейде өзендей арнасы улы,

Таба алмайсың нәр болар жанға суды.

Бір –бірін қимылын аңдып, әлі

Адалдық пен зұлымдық арбасулы.

Осы шумақтар айғайлап айтып тұрған заман шындығы бәрімізге түсінікті. «құр айғай бақырған, құлаққа ән болған» заман тұлпардан есек озса таң қаларсыз болғаны белгілі. Осы шумақтардағы «өмір кейде өзендей арнасы улы» деген тіркес бар өлеңнің болымысын бекемдеп тұрғандай.

Бір-бірінен қызғанып айдың нұрын,

Құрбан етер халқының айбынды үнін.

Орман- жаудың ұртына өзі түсіп,

Орталарда күн кештім – қайғымды ұғын.

Арман – шырақ осылай жанып-сөнер,

Үміт шыбық нәр татпай талып, семер.

Озбыры да, зұлым да жаза тартпас,

Тақсыретті түбінде халық шегер.

Бұл Ақанға ғана байланысты айтылатын заман зары емес, бүгінгі қоғамымыздың да тамырын тауып басатын ұтымды шумақтар. Бүгінгі халқымызда «бір-бірінен айдың нұрын қызғанған» озбыр мен зұлымның тахсыретін тартып отырғаны жасырын емес. Олай болса өлеңнің өміршеңдігі де осында болса керек.

Ақынның «Наркүміс қыздың әңгімесі» 5-70-бет) өлеңі де өзгеше өрнекпен өрілген. Фаризаға тән даралықпен Ақанға деген жас қыздың қалтқысыз жүрек лүпілін бірге тыңдатады. «Зеренді маңындағы бір тойда Ақан серіні көрген Наркүміс атты қыз бала 5-6 ай өткесін ағаларына қолқа салып Ақанды шақыртады. 16-17 жастағы Наркүміс Ақан сері келгенде көкірек ауыруынан төсек тартып жатып қалған екен». Дастанға бергісіз осы уақиғаны бес шумақ өлеңнің иріміне бөлеген ақын жыры сырлы да ұғымды.

Күнім таяу ақырғы,

Сізді адам деп заты үлгі

Айтып кеткім келеді барлық сырымды,

Анама да айта алмайтын мұңымды,

Мәнсіз өткен ғұмырды.

Алдыңыз ба менің ащы хатымды?

Адамсыз ғой сезімі пәк, ақылды-

Көкірегімнің запыранын тек сізге

Кешірсеңіз мақұл –ды.

Мен өйткені кездестіре алмағам

Сізден асқан жүрегіме жақынды.-

Алаштың ардақтысына айналған аяулы Ақан серіні заманының сүймеген сұлулары тым сирек болса керек. Ақанға ағынан ақтарылып жан сырының жасырын құпиясын ақтарған Наркүміс періште де солардың бірі еді. Аруға тән назбен өрілген сезімді жырды тамсана оқи бересің.

Сінді көріп құлағам:

Бар екен деп мені ұғатын бір адам.

Көзіңізді мұң тұнған,

Өзіңізді сыр тұнған,

Жаныңызды тор астында бұлқынған

Елестетіп елжірегем, жылағам.

Жүрушы едім қирағандай бұғанам-

Содан бері аяғымнан тұра алам.

Сіз бар-ау деп

запы болған жанымды

Баурап алды тіршілікке құмар ән.

Өзіңізбен кезсем деп ем жағаны,

Ажал сұмның ашылғандай араны.

Қан ауыруы қылғындырып барады….

Мен рақат көрмедім,

Көзім жасы көлменің,

Мөлдірлікті бір көре алмай шөлдедім.

Сі здер өскен, мен сүйетін даланы

Залал қаптап барады-

Қасаңдықтың, топастықтың залалы.

Айқайымды естімейді адамы.

Ұтымды ойлары ұғымға жеңіл бұл шумақтардан «тор астында жаны бұлқынған» Ақан мұңын айтқызбай түсінген Наркүмістің, сенімді сырласын тапқандай көптен көңілге бүккен «анасына да айта алмаған сырларын» ақтаруын, сол арқылы өзінің және заманының келбетін көрсеткенін ұғынамыз. Бұл шумақтарды Фариза ақынның жан сыры деп те қабылдаса болғандай. Өйткені, өлеңнің соңғы шумағы осындай ойға еріксіз жетелейді, олай болса жалғасты оқып көрелік:

Көрдіңіз бе – күлемін:

Менің әлі жасыған жоқ жігерім.

Мен өмімнің ақтығымды біле мін-

Мансапқордың зары ма

Зұлымдықтың, көлгірліктің шаңы ма

Жуытқам жоқ тініме не жаныма-

Содан мүмкін а? тар түсті қаныма?..

Сізге жалғыз тілегім:

Түйгенімді түртіп, жазып жүр едім-

Соны оқыңыз…

Сырлас едім үкімен,

Сінді іздеп келгеніңіз..күтіп ем..

Күркілдеген өмірге енді түкірем.

Сінді күтіп жатыр еді жүрегім…

Сізден..іздеп..бір…емін…

Міне, осылай ақырласқан ақын жыры бәрімізді аһ ұрғызғанымен Наркүмістің арманы Ақанға кезігіп жан сырын ақтарып, жазғанын жеткізу емес пе еді. Олай болса оқырман іретінде арманымызға жеткендейміз. Наркүмістің назымен зарын айтып, басының мұңын шағуының сыры неде деген сұрақ туындауы мүмкін. Біді білетініміз серілігімен қоса заманының жоқшысы бола білген Ақанды қазақ қоғамының қасыреті болван әйел теңсіздігі мәселесі де толғандырмай қоймаған. Көңілінің сырын, басының мұңын, жазылған жырын жеткізген Наркүмістің басынан өткен бұл тағдыр соның бірі болса керек. Осы өлең жолдары арқылы Ақанды ардақтай отырып, ақын өткеннің өксікті күндерін де бір синап өткендей.

Біз Ақанның өткен өміріне болжам айта алмағанымызбен, желісі үзілмей жеткен аңыздар мен деректерден сері өмірінің сан қырына куә боламыз. Ақын Фариза Оңғарсынова да сон дай аңыздардың астарынан сыр тартып, қаламына жыр бітіреді. «Ажал» 5,71-бет)атты өлеңінде ақын мына бір қысқа аңызды қыстырама етіп алады. «Шабақты көлінің жағасына түнеп шыққан сері орман ара лап келе жатса, қақпанға түскен бөріні көреді. Ақан сері ойлана арап тұрғанда, үстіне аңшы жігіт те келе қалыпты. Аңшы Ақанның қанжығасына байлауға ниет еткенмен, сері рахмет айтыпты да, олжаны алмапты». Таудың жортқан тағысы арланға жеткен ажал адамды айланып өтпесін аңғарған ақын осы уақиғадан өзінше ой түйіп былайша толғайды:

Ой ласа, өмір- сұмдық тым,

Жетелер оған күндерің.

Өзінде осы шындықтың,

Әділдік жатыр бір керім.

Сұмдығы көп-ақ құрлықтың,

Тысқары жатқан санадан.

Көкесі-ау бірақ сұмдықтың,

Өлмейтін болса жан адам?!

Адам өлмесе әлемнің заңы бұзылатынын жырына тиек еткен ақынның «көкесі-ау бірақ сұмдықтың, өлмейтін болса жан адам?» деуі әбден орынды. Өйткені мәңгілікті аңсаған адамның аңкүдікті ой өзіне-өзі қас қыла беретінін сезбейде кетеді-ау пәниде. Он дәлелі:

Қорқаулар доптай ойнаған,

Адалдық, арды лақтырып.

Істері-бұзық, ой- қараң,

Жүрсе егер мәңгі шат күліп?

Өмірде мынау зар кем бе-

Қиянат, зорлық не талау.

Әділетсіз тірлік бар жерде

Ажал да қажет екен-ау.- дейді ақын. Сондықтан адамды ажалға байлаған жаратушының жазасына еріксіз бас иесің де тәубә етесің.

Ақынның «Түйін» 5,72-бет) атты алтыншы өлеңі де астарынан жоғарыдағы шындықтың қылаңын байқатады. «көл жағалап, орман кезген Ақан серінің бұл тірлігіне арланған ағайындары оған кісі жіберіп, ел қатарлы түтін түтетуіне, үй болуына ақыл береді». Осындай тағдырдағы серінің заманының бейнесін боямасыз елестеткен ақын жыры сонысымен де құнды.

Бұл заманның ауру – бала,шалы,

Бақ құсы деп билікке таласады.

Қия шабыс, айыру мүмкін емес

Терең, тайыз, биік пен аласаны.

Осындай қанталапай қазақ қоғамының жаныңды күйзелтер жәйсіз көрінісі бұл ғана мА?! Олай емес, оған жауап ақынның өлеңі. Жалғасты оқып көрелік:

Ағаға да қарамай, ініге де,

Сыйластықтың құрыды күні неге?

«Хан талапай» ойнаған балалардай,

Менша Талас тартыстың сыры неде?

Қарамайды құлай мА стріне ме,

Көзі шығып белдері бүгіле ме.

Биліксізді қоңыздай көретұғын,

Орталардан сескеніп түңіле ме?

Осы шумақтардан аңғарғанымыздай қай дәуірде де мүдденің соңынан ерген топтың бірдің бағы үшін мыңның тобырға айналатынын аяусыз шенеген ақын жыры Ақанның жан айғайы. Осындай ортаның озбырлығы мен опасыздығынан суынған серінің:

Осы жайлы ұға алмай миым же дім,

Кіме жетер бірақ та күйінгенім?

Қайда барсаң, ентігіп, жүген Альп,

Сайлап жүрген бір адам үйірлерін.

Үйірлерге сіңіуім қиын менің,

Көл тартылар тарылар қиыр жерімо.

Қашан, қалай япыр-ай, шешер екем,

Шиеленген жанымның түйіндерін?- деп жан күйзелісін жеткізуі әбден орынды. Ортасын әнімен де, сәнімен де өзіне қаратқан серіге «жүген ұстап үйір сайлаушылар» әрине көп болғаны анық.

«Абалай алаңындағы ой» 5,73 - бет)деген ат Ақан жайлы желілес өлеңдерінің соңғы қазығын қаққан Фариза ақын осы өлеңі арқылы бар қазаққа Ақан болып тіл қатқандай сезіледі. «Ақан серінің ең сүйікті орындарының бірі Көкшенің баурайындағы «Абалай алаңы» болыпты. Жылына екі-үш келіп, бір аз тыныстап, Жанна рухани нәр алғандай қуаттанады екен».

Тағыда мұң шағамын жырым саған,

Мұдасын межи берер түңілсе адам.

Жаныма, жабырқасам дем беру ден

Сен ғана жалықпайсың, құлыншақ - ән!

Мұңымды сен ұқпасаң, ақ шакалам,

Түсінбес, түсіне алмас, басқа надан.

«Бұл неге жылайды,- деп. Жазғырар да,

Жер аман, күн қадаған аспан аман».

Ақын тауып айтқан. Осылай сәнімен әнін әспеттеген Ақанның жан жұбанышы болван әсем әні бүгінгі бар қазақтың алданышы. Сері деп аты қалған Ақанның сергелдең өиірін ешкімнің де елестеткісі келмесі анық. Бірақ, аур тағдыр Ақннан да айналып өтпеген, оған дәлел ақын жырының мына шумақтары:

Көргенім көз ашқалы - құлама жар,

Бұл тағдыр мыңнан бірге мұра болар.

Жыбырлап Жер басатын амандықтың

Маған аз екендігін ұғама олар?!

Әніммен жанға дауа, дауыл екпін,

Шуақты жыр аспанын жауын еттім.

Ұғар ма нұр құшқандар, келетінін

Баласын бар қазақтың бауыр еткім.

Елімде шың тұрғанда ерен үнді,

Көрмедім ауылдағы төбені үлгі.

Кім ұғар қара жердің бетіндегі

Адамның бәрін достай көрерімді.

«баласын бар қазақтың бауыр санап», «адамның бәрін дос сезінген» айран Ақан-ай десеңші. Осындай алкен жүректі серінің соңғы тағдыры айтсаң сенгісіз трагедія екені бәрімізге белгілі. өлмес әнімен аңыз болван, Сімі ортамызда мәңгілік қалған Ақанның ақын жыры арқылы «Абылай алаңындағы» соңғы шумағын оқып көрелік:

Ұқпасын, ұға алмасын бүгінгілер,

Көп болса жанымды үгер, түрімді үгер.

Жеткізер жүректерге мұңымды жел,

Кетпесе төңкеріліп ғұмырлы Жер!

Ақан сері айтса да, Фариза ақын айтса да талассыз шындық. Ақындық сәуегейлік. Қазақ бар даладан Ақан атын ғасырлар желі жалғап әкете беретіні талассыз. Тек «ғұмырлы жер төңкеріліп кетпесе ғана».

Жоғарыда өлеңін мысалға келтірген ақын Серік Ақсұңқарұлы да өзінің «Біржан салды байлап тастап» 2) деген туындысында:

Тұраныңда туғасын,

Еншім осы енді өмір.

Құлагердің құшақтаған қу басын,

Ақан да - бір, менде - бір.

Не демейді ел шуласып,

Тезге сап көр, ал- онда?

Құлагердің жұртта қалған қу басын,

Перизат деп пері қызын сүйем мен,-

Деген шумақтардан өз өмірін сері өмірімен өзектес сезінген ақынның басындаы ауыр қалды азда болса аңғарғандай боламыз. Серікті басы мұңсыз болмаса «құлагердің құшақтаған қу басын,

Ақанда-бір, менде – бір» деп пәниден баз кешпес еді ғой. Осы жолдарды оқып отырғанда біздің көз алдымызға Батыраштың балтасынан опат болған дүлдүлінің басын құшып жапанда жалғыз қалған Ақынның айтуға төзімің жетпейтін ауыр халі елестейтіні шындық. Серісін сенделткен елдің Ақанды «пері соққан, перінің қызына үйленген» дейтін өсектің отына орап, ортасына сыйғызбағаны да ақын жырының «пері қызын сүйем менң дейтін жолдар астарында аңғарылып тұрғандай.

Ақан сері ақын ғана емес, әнші де сазгер болған жан. Бұл күндері оның “Сырымбет”, “Ақтоқты”, “Тер қатқан”, “Алтыбасар”, “Үш тоты құс”, “Ақ көйлек”, “Құлагер” т.б әндері қалың көпшіліктің сүйіп тыңдайтын әндеріне айналды.

Сөз жүйесі келгенде Ақанның атақты «Балғадишаң әніне де тоқтала кету орынды сыңайлы. Себебі ол төменде айтар оймыздың арқауы болмақ.

Жасы ұлғайған шағында кездескен сұлу қыз Балқадишаға арнап шығарған Ақан өлеңінің тармақтары дұрыс айтылмай жүр деген пікірді кейінгі кездері Ә.Тәжібаев, І.Жақанов сынды ғалымдарымыз айтып жүр. Әбділда Тәжібаев мұндай пікірді Ақанның елу жасынан өлгеңге дейінгі өмірін жақсы білетін Хамит Тілеубайұлының айтқан естеліктеріне сүйене отырып ұсынады.

“Дегенде Балқадиша, Балқадиша,

Күйеуің сексен бесте, шал, Қадиша.

Теңіңе әкең тауып беріпті ғой,

Амал не, арманым көп, бар, Қадиша, –

деп жырланып жүрген өлеңнің осы шумағы редакцияланған, өзгертілген. Әбділда Тәжібаев Ақан сері туралы кітаптың алғы сөзінде бұл әннің тарихы жөнінде Хамит ақсақалдың өз аузынан естіген әңгімесін берген: “Балқадиша Жыланды тауын қоныстанып отырған Қылды-Қарауыл Шәкейдің Ыбырай деген кісінің қызы еді. Ақанның жанында сақау баласы Ыбанмен сол елге барады. Ақан келді деп естіген соң оның түсіп отырған үйіне сәлем беруге Мәлік, Ғаббас, тағы сондай жігіт ағалары болып жүрген екі-үш адам барады, сол кеште болатын бір шілдеханаға шақырмақшы... Көрісіп, білісіп болған соң, Ақан жаңағы жігіттердің сөзін қимай шілдеханаға барады... Мәлік, Ғаббастар немере қарындасы Ыбырайдың қызы – Балқадишаны Ақанның жанына отырғызады. Өлең айтылып, ән аяқталып, жұрт тарқауға айналғанда отырғандардың алды шығып, арты тұра бастайды. Балқадишаның қалай тұрып кетуді білмей, оған жеңгелері де жүр деуге бата алмай отырғанын түсінген Ақан домбырамен бір ауыз өлең айтады:

Баласы Ыбекеңнің Балқадиша,

Есілді өрлей біткен тал Қадиша.

Жеңгеңіз қайтайық деп асығып тұр,

Рұқсат бізден сізге, бар, Қадиша, –

деген өлеңді осы күнде шумағын көбейтіп, күйеуін сексен бестегі шал Қадиша деп өзгертіпті 6)”. И.Жақанов зертеуінде Балқадишаның жасы туралы былай деген:“Балқадиша 1883 жылы, ал күйеуі Сүлеймен 1878 жылы туылған, Сүлейменге 1904 жылы қосылған. Екеуі тату-тәтті өмір сүріп, біраз перзент көреді. Солардың ішінде есейіп, жетілгені – екі ұл, үш қыз. Міне, Балқадиша сексен бестегі кәрі шалға емес, өз теңіне тұрмысқа шыққан. Өлең шырқалып жатқан кезде, “бұған өзге түгіл Балқадишаның өзі таң қалған. Соғыс жылдарында Зеренді төңірегінде гастрольде жүрген артистердің ішінде кейбір әншілер “Балқадиша” әнін осы сөзбен шырқаған. Сондай концерттерді көрген Балқадиша: “Мына жазған не деп отыр?” деп жымияды да қояды екен. Әннің бұл сөзіне жыны келген ақсақалдар:“Аққудың көгілдіріндей боп, он екіде бір гүлі ашылмаған Балқадиша өз сүйгеніне ұзатылып отыр еді. Сендер не көкіп отырсыңдар?” деп, әлгі әншіні сахнадан қуып шыққан көрінеді. Осыған куә көнекөз жандарды талай кездестірдім. Көзкөрген адамдардан өлеңнің дұрыс айтылмай жүргенін білген соң, Ақанның тамаша туындысын дұрыс қолдануымыз керек шығар. Бұлай әр адам өз жадынан қосып жырлай берсе, болашақта өлең өз мағынасын жоғалтуы мүмкін емес пе?. 7)

Біздің мақсатымыз әннің тарихын ашу мемес, сері өмірін бейнелеген өлеңдерді талдау.

Белгілі айтыскер ақын, «дарын» жастар сыйлығының иегері Дәулеткерей Кәпұлының «Сүтті іңір» атты кітабының алғашқы беті Ақан сері өмірімен астарлас «Сол кеште тарқатылып бір ән бұрым» 8) атты өлеңмен басталыпты. Өлең басында Ақан серінің «Басынан Жыландының құлағаным» деп басталатын аңызға айнлған әйгілі «Балқадиша» әнінің алғашқы жолы ситат етіп алынған. Мүмкін өлеңнің өмірге келуіне де осы әннің өзіндік ықпалы болғанда шығар. Ол жағы ақын жүрегіндегі жұмбақ. Дейтұрғанмен өлең өзінше өрнекпен өрілген.

Сол кеште тарқатылып бір ән бұрым,

Басынан құлады Ақан Жыландының.

Батқан күнге бата оқып, жүрек қалды,

Жайнамаздай жайып сап құмарлығын,- дейтін тамаша тіркестерден бастау алған ақын жыры Ақан тағдырын азғана шумақтармен жеткізуге барынша талпынып бағады. «Балғадиша» әнінің әуеніне елітіп отырған есті оқырманның көз алдына Жыландының басынан құлаған Ақанның «жәйнамаздай жайып сап құмарлығын бата оқым отырғаны» елестеп еріксіз жыр жолдарына елітіп кете береді.

Қыз кетті, қыдырлы ән жұртта қалды,

Ал Ақан өкініш у ұрттап алды.

Жүз арман жанын жалын өрттей жалмап,

Қызарған күн кірпігін бұлтқа малды,-

Осылайша оқыған сайын ойыңды жетелейтін орамды ұйқастар, Балқдша кетіп баз кешкен Ақанның құс жастықты құшақтап жылаған көрінісін көз алдыңа жайып салады. Бұл шумақтағы Қанға арман болып қыз кеткенде жұртта қалған қыдырлы ән, серінің сезімінің қыл пернесін қытықтаған атақты «Балқадиша» әні екенін барлығымыз аңғарып отырғандаймыз. Бұл шындығында қыдырлы да ғұмырлы ән болып ғасырлар бедеріне жалғаса беретіні сөзсіз. Осындағы «қызарған күн кірпігін бұлтқа малды» деген жолдар тек поэзия тілімен ғана айта алатын таптырмайтын тосын туған тіркестер екенін де айта кеткен жөн.

Есілді өрлей біткен ерке мүсін,

Кім тыңдар енді өмірдің ертегісін.

Бұлаңдап асау тайдай өсті ме екен?

Жүрегін жүз қайтара өртеу үшін.

Бұл шумақты оқып отырғанда Ақан зарының ақын жүрегіндегі жаңаша жаңғырығына куә болғандаймыз. Ақынның Есілді өрлей біткен ерке мүсінің Ақанның «өзенді өрлей біткен Балқадишасы» болып, расында «бұлаңдап асау тайдай өстіме екен? жүрегін жүз қайтара өртеу үшің кім біледі.

Кекілі сыланбады кербестінің,

Арманның аяламас енді ешбірін.

Ақаннан да адыра қалған дәурен,

Бақытты тапқан кім бар өлмес құнын?.

Ақын осылай жырлайды. Расында, алаштан Ақан сері кеткелі кекілін кербестінің кім сылады?. Серілік дәуренінде сетерленіп өткен Ақан өмірге бекер келіп кетпеген болар. Бірақ мәңгілік дәурен баста тұрған ба? Бағасыз келіп кететін баянсыз «бақыттың тапқан кім бар өлмес құнын». Бәрі де өлшеніп берілер өткінші дәурен екен-ау.

Қыз едің Балқадиша Ыбырайдың,

Неліктен шытынады шыны қайғым.

Сол кеште сәл төбемнен жұлдыз ағып,

Ақанның арманы-ау деп сығырайдым.

Олең осылай ақырласады. «Балқадиша» әні санасына сіңген қазаққа бұл жыр тосындық танытпайды. Бірақ шағын өлең арқылы ақан өмірін және бір көз алдымызға әкеліп, бәрімізді жүректен шыққан сезімді лириканың құшағына бөленгендей әсерде қалдырады. Құрлымы да, құрлысы да Ақан әнінен арқау алған жырдың авторы да өз заманының серілік дәуренін басынан кешіп жүргенін халық біледі. Тек әуелетер әні Ақанның зары болмасын дейік ағайын.

Ақан сері туралы аңыздармен жырлар көп. Бәрін тізбелеп жатпағанымы керегін сорттап алу мақсатымыз болды. Соның бірі қазақтың белгілі ақыны, мемлекеттік сыйлықтың иегері Қадыр Мыралиевтің «Ақан сері ескерткішінің жобасы» 1,81-бет) атты өлеңі. Біз Қадыр ақынды Серік пен Дәулеткерейден кейін атап кемсітіп отыру ойынан аулақпыз, қайта ақын өлеңі тақырыпты ашудың таптырмас кезеңіне дөп келгендей. Жоғарыда Ақан сері өмірі мен өнерін бір кісідей сөз еттік, енді сол ұлы тұлғаның ескерткішін сомдап шығу бәріміз үшін сын. Осы тақырыпқа келгенде еріксіз Қадыр өлеңіне жүгінеміз.

Көмейін бір кенесе,

Жаны кірген тастың да.

Маңмаңгері немесе,

Құлагері астында.

Көмейін бір кенесе,

Гүл жайқалған жолында.

Қара торғай немесе,

Көкжендеті қолында.

Тұрған жандай құлшынып,

Салғандай бір қондыра.

Қоржынынан тұр шығып,

Әшекейлі домбыра.

,- дейтін тамаша тіркесті шумақтармен Ақан өмірінде айырықша ізі қалған маңмаңгер, құлагер арғымақтары, қараторғай, көкжендет қырандары, үкілі домбырасын айта келіп:

Құлақ түріп айнала,

Күтіп отыр қырда аыл.

Омырауын аймалап,

Ойнақтайды бір дауыл.

Тартқан солай ақ жалын,

Алыс өнер шыңына.

Жүрегінде– от жалын,

Жанарында– шұғыла.

Ердің жыры, өлеңі–

Елім, сенің қазынаң.

Құйылғалы келеді,

Көмекейден нәзік ән.

Қызыл таңмен ұласқан,

Қызығы мол кеш еді:

Болғалы тұр көк аспан,

Әннің кндің шешесі.

,- деп Ақан өнерінің асқақ бейнесін суреттей отырп қайталанбас дарынның ғажайып өнеріне тәнті болады. Сол қуаныш, сол шаттығын қалың елмен бөлісуге асығады:

Ақан жанын, досым-ай,

Ақын болып түсінші.

Ескерткішін осылай,

Жасар түбі мүсінші.

Осылай түйіндеген шағын өлеңде ақын Ақан сері болмысын тұтас қамтумен бірге, ендігі ортамызда оралатын сері ескерткішінің бейнесін көз алдымызға мүсіншіден бұрын сомдайды.

Ескерткішті осылай,

Жасар түбі мүсінші,- деп Қадыр өзі айтқандай бұлнұсқадан бөлекше Ақан бейнесін сомдау мүсінші үшінде оңай сын емес екенін сезінгендей.

Қазақ серілерінің бірі алаш аспанында әні қалықтаған әнші Мұхит болғаны жалпыға мәлім. Мұхит әндері бүгінде өз биігінен төмендеген емес. Келешек ұрпақта оның әсерлі әнін әуелете берері ақиқат.

Бүгінгі қазақ поэзиясында Мұхиттың жарқын бейнесін өз шығармашылығында жарқырата көрсеткен қаламгерлердің бірі ақын Қадыр Мырзаиев болды. Оның «Мұхит» 1,78-бет) атты өлеңін оқып отырғаныңызда Мұхитты әнін тыңдап, сезіп білмеген жанның өзі үлкен мағлұматқа ие болады. Қадырға тән айтқыштық, айшықты сөздер әнші Мұхит болмысын көз алдыңа бірдемде алып келеді.

Сақараның сазгері олбір ақын,

Жер түбінен қолпаштап алдыратын.

Мына қырдан ән салса ана қырдың,

Құлағының құрышын қандыратын.

Шалқан шабыт құдайдан жасқанды ма?

Өтті дәурен, қызықтар бастан мына.

Көкжиекті итеріп төтен даусы,

Ысыратын әрірек аспанды да.

Әуелеткен әні алты қырдың астынан естілетін баяғының әншілері туралы сөз болғанда бүгінгінің микрофонның күшімен кішкентай залдың ішіне зорға жеткізетін әншілеріне жаның ашыйтыныда жасырын емес.

«Мына қырдың астынан ән салса,

Ана қырдың құлағының құрышы қанатын» Мұхит әншінің «көкжиекті итеріп, аспанды әрірек ысыратын» ән құдыреті тек өзіне ғана тән. Арада ғасыр өтседе ешкімнің оны қайталай алмй келе жатуы да соның айғағы. Өлеңінде осыны өрнек еткен Қадыр ақын:

Қай дарынды жек көрмес мақтағанды,

Қас жүйріктей ол өзін баптап алды.

Шығаратын ол әсте, өзгеге емес,

Көмейіне өзінің шақтап әнді.

Өткізсе егер думансыз бір түн ақын,

Айдынына көңілдің жұрт тынатын.

Әнін салса Мұхиттың, салмақ болса,

Біреулердің көмейі жыртылатын.

Таныс дауыс, даланың киігіне,

Күйік қосар іштегі күйігіне.

Мұхит қана салады Мұхит әнін,

Шырқауына жеткізіп, биігіне.

Бұлдай берсін біреулер бұлдағанын,

Сенің әнің– ғұмыры тыңдағаным.

Болмаса егер дауысың көкті кернер,

Іші пысып кетпеспе ет бұл даланың.

«Мұхит қана салады Мұхит әнін» десекте Мұхитты бүгінге және ертеңге жеткізу үшінде бабалар мұрасын балалар ұмытпас үшін осындай өрелі ойларын ортаға салатын ақындар өлеңі әмәнда жазыла бергей.

Бұл еңбегімізде Серілер өмірі туралы сарабдар пікір айта алмағанымызбен қазіргі қазақ поэзиясында бедерленген бейнелеріне шамамызша тоқталып, талдау жасадық. Біздің қолымыздағы бар мәтериялдар көлдей әдеи басылымдардың біразы ғана. Ал, тоқталған серілеріміз де қазақ қоғамының қасиетін арттырған арыс ұлдарымыздың санаулылары. Олай болса бұл тақырып әлі талай зерттеу жұмыстарының өзегі болары сөзсіз деп сенеміз.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қадыр Мырзаәли. Еңіреп өткен ерлер-ай. (өлең-тарих, өлең-портереттер).-Алматы, «Арыс» баспасы,2001.-112 бет.

2. Серік Ақсұңқарұлы. Адам-Ата – Һауа Ана. (рух кітабы),- Алматы, ЖШС «Қазақстан» баспа үйі. 2000ж, 220-бет.

3. Ақан сері. Шығармалары // Ә.Тәжібаев. Алғы сөз. Алматы, 1963. 37-бет.

4. Оңғарсынова Фариза. Екі томдық: ТАңдамалы шығармалар ( Өлеңдер мен поэмалар).- Жазушы,1987. 368 бет

5. А.Жұбанов. Замана бұлбұлдары. Алматы: Жазушы, 1975, 78-бет.

6. І.Жансүгіров. Бес томдық шығармалар жинағы. ІІ-том. Алматы: Жазушы, 1987 ж, 262-бет.

7. Илья Жақанов. Балқадиша. Парасат журналы, №5, 2002 жылы, мамыр, 13-бет.

8. Д.Кәпұлы. Сүтті іңір.- Алматы: «Арда», 2007ж, 9-бет.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар