Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» күй жинағының тұсау...

11.05.2016 3120

Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» күй жинағының тұсаукесері

Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» күй жинағының тұсаукесері - adebiportal.kz




14 мамыр күні сағат 12:00-де Астанадағы Ұлттық Академиялық кітапханада күйші, жазушы, зертттеуші, кинодраматург Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» күй жинағының тұсаукесері өтеді. Ол Байжігіт күйшінің (18 ғ.) мұрасын, Кет-Бұға (13 ғ.), Қотан-тайшы (13 ғ.), Тәттімбет (19 ғ.), Жүнісбай Стамбаевтың ұмытылған күйлерін біздің заманға жеткізген домбырашы.


Тұсауы кесілгелі отырған CD-альбомға 73 күй енді. Байжігіт пен Тәттімбет күйлерімен қатар, бұрын-соңды жарық көрмеген Қотан тайшы, Қасабай, Қызылмойын Қуандық, Ақай қажы, Аққыз, Жүнісбай Стамбаевтардың күйлері және Таласбек Әсемқұловтың өзі шығарған 8 күйі топтастырылған.


Жаңадан жарияланып тұрған күйлер Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының фольклор лабораториясынан (жетекші Саида Дәукеева), Таласбек Әсемқұловтың, Сәуле және Гсавье Аллестер (Франция), Мүслім Әмзе, Бақтияр Аманжолдың жеке мұрағаттарынан алынған.


Жинаққа Таласбектің нағашы атасы, ұстазы Жүнісбай Стамбаевтың 1965 жылғы аудиожазбасы енген. Жүнісбай Стамбаев (1891-1973, Айғыз, ШҚО) екі романның бас кейіпкерінің прототипы: М. Мағауиннің "Көкбалақ" романындағы Тоқсаба және Т. Әсемқұловтың "Талтүс" романындағы Сабыт. Жазба 2015 жылы Санкт-Петербургте қалыпқа келтірілген.


Жүнісбай күйшінің бұрын белгілі «Қоңыр қаз» күйіне енді тағы 6 күй қосылып отыр, жиыны 7 күй.


Тұсаукесердің құрметіне марқұмның ізбасар шәкірттері домбырашылар Сәрсенғали Жүзбаев, Қайрат Айтбаев, Рүстем Нүркенов, Айтолқын Тоқтаған, Ақжусан Иманғазықызы және қобызшы Ақнар Шәріпбаева ұйымдастырған концерт өтеді. Концертті ақын Ербол Алшынбай жүргізеді.

adebiportal.kz




Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар