Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ПОЭЗИЯ
Тәңірге оқылар дұғалы сөзімдей – Ғайыптың жазуы...

20.01.2022 3055

Тәңірге оқылар дұғалы сөзімдей – Ғайыптың жазуы 12+

Тәңірге оқылар дұғалы сөзімдей – Ғайыптың жазуы - adebiportal.kz

Қанатым қалды екен тұсында қай айдың?

Жүз жылдық кешірген жанымды,

Жүз дәуір төгілген жанарды,

Жүз көше қалдырған жолымды

Аяймын.

Аяймын.

Қанатым қалды екен тұсында қай айдың?

Шашылып.

...Сатқындық танытқанда жапырақ,

Сатқындық танытқанда атырап

Кеттік біз...

Мейірім танытпай

Ұлы Әке,

Ұлы Ана

Жүзінде ойнаған ақырап.

...Тірліктің көздері мүсіркеп қарайды,

Талдар уақыттың шашын тарайды.

Ұмытып біз жайлы,

Біз салған ән жайлы

Қайрыла күз келер

маңдайын өбіп әр айдың.

Аспан да төгеді өзгенің қазасын бұлдауға,

Қалады бітпестей көрінген мұңымыз жылдарға,

жүрегімізді өзгенің жүрегіне жасырып

Айналып құрбанға,

Сәттерді ішеміз,

Еңсеміз езіліп, бөтеннің қайғысын бөлісіп.

Танымастай боламыз

қалсақ көрісіп

Құшағын паналап тағдырдың.

Саусағын сипалап,

Шаштарын қайырып,

Жанарын сүртеміз

Басқаның, өбісіп.

Алдаймыз уақытты, алдаймыз минутты, секундтың қолдарын

Тәңірден болмаған қорғаны.

...Біз сосын арқалап топыраққа сіңеміз

Жүректің обалын.

***

Құс ұшып жүрген жаныңды аңсадым,

Гүл өсіп тұрған жүрегінді аңсадым,

Көктемге асыққан кезінді аңсадым,

Көктеуге ерінген төзімді аңсадым.

Қақыратып біткен жүрегінді жыртып

жұрттан жабыққан азабынды аңсадым.

Кітаптың бетін аймалап ашқан

Саусақтарыннан төгілген демнің

Құштарын аңсадым.

Көзінде көшкен жұлдыз біткеннің

Айдан адасып төгілгенін көрдім.

Құштарын ауып құшақтай алмай

Жақында отырып

Жырақтағаныңды көрдім.

Көбелек ойлар миында адасып

Басыңнан ара бал тергенін көрдім.

Шегіліп біткен қайғының бәрі

Шашынды умаждап

Ағартқанын көрдім.

Көрген сезімді айыптай алмай,

Аңсағанымды жарға жыға алмай

Жайыққа келдім.

Тамшыларына хатынды ағызып,

Толқындарына тағдырды ағызып

Сіңгім келеді

ғайыпқа менің.

***

Сүйегіме батты үнсіз салмағы

дүниенің әлсіздеу,

Ауасынан жұтып барам көшенің

дымқыл әрі нәрсіздеу.

Бәрінен де жұқарған бұл жүрекке

Ғаламшардың бетін кезіп сізді ылғи

«Барсыз» деу,

Ауыр, ауыр, ауыр тиер ең мөп- мөлдір сезімге.

Жаназасын оқып кеткен өткен шақтың көзінде

Қалып қойған жүректі,

Беймезгілдеу

Тастап тұрған тауқыметке жараланғыш кезімбе?!

Сетінеп тұр солай мендік

бұлтты аспанның қабағы,

Көкке оқыған тілегімнен Тәңірге

назалы үн қалады.

Түн құшағы қойнына а(лы)п жатбауыр

Жастығыма жанарымнан тырс-тырс жаңбыр тамады.

Күйініштен әуен ойнап нотада

беймәлім бұл салтымен,

Жапырақ жан үзіліп кеп ағаштан

су бетінде қалқып ем.

Мен Құдайдың жалғыздығың аспани

Қасіретті тағдырдың маңдайына артып ем .

Әмір

Жоғалған ғасырдың жүзінен тіріліп,

Беймәлім сезімге танытып ірілік.

Сіз қайда кеттіңіз?!

...аяулы жүректің үмітін күл қылып,

жанына мұң іліп.

Сіз қайда кеттіңіз?!

...ғаламның сынығын,

Су түбі сақталған мөлдірлеу тұнығын,

Өзіңмен белгісіз жақтарға арқалап,

Сезімге тым бөтен сап қойып құрығын.

Сіз мүмкін кеткенсіз...тоналған шақтардың,

Мен әлі бармаған ғайыпты бақтардың,

маңдайын иіскеп, арқасын сипалап

жүрегін құшақтап

бастаған ақ қардың.

Ауырлау үкімін жанардың жолдатып,

Мұң кешіп өткерген қайрылмай жолға түк.

...Сіз бәлкім жұлдызға сіңген де шығарсыз

Аспанның әмірін орнатып!

***

Ғасырдың шеріндей

Тым ұзын маңдайдың қайғылы һәм мұңлы сызығы.

Керілген, кербездеу сұлудың ұстатпас беліндей,

Тағдырдың кигізген жұқалау жүзігі.

Ғаламның бетінен

Таппағам төбеме мәңгілік адаспай қонар бақ.

Жанынды шыдатпай ауыртар суық жел өтінен

Жанардан құлар жас тоналмақ.

Ғарыштың беймәлім

өзімді азапты тұтқыны сынайлы сезінген кезімдей.

Дертімді тануға тырысып жетпесе кейде әлім

Тәңірге оқылар дұғалы сөзімдей

Ғайыптың жазуы

Лайланған осы бір сезімнен мезетке мені де емдеші.

Сайтандай ойлардың жүрекке өз орын қазуы

Түн ауса түсіме енбеші,

Өтінем!

Асылай Ниязбаева


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар