Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Тарихқа тағзым» шығармалар жинағының беташары ...

04.06.2021 2825

«Тарихқа тағзым» шығармалар жинағының беташары 12+

«Тарихқа тағзым» шығармалар жинағының беташары  - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, танымал зерттеуші ғалым, тарих ғылымдарының докторы, професссор Өмірзақ Озғанбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай «Озғанбаев және тарихи ғылым» тақырыбында дөңгелек үстел және «Тарихқа тағзым» атты 5 томдық шығармалар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шара мақсаты – ғалымның қажыр-қайратқа толы тағылымды ғұмыры және қазақ тарихына қосқан үлесі, ғылым-білім мен руханияттың заңғар биігіне сай іргелі еңбектерін жан-жақты насихаттау. Аталған жиында Ө.Озғанбаевтың 2021 жылы қаңтар айында жарық көрген «Тарихқа тағзым» атты 5 томдық шығармалар жинағы таныстырылды. Іс-шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.

Бес томдық «Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан», «Тарих тағылымы», «Қазақтың шешендігі мен көсемдігі астасқанда», «Жарық жұлдыздар» және «Тағзым» атты жинақтардан тұрады. Еңбектерде халқымыздың тарихына, қазақтың тарихи тұлғаларының, атақты көсемдері мен шешендерінің ел еңсесін көтеру жолындағы жанкешті іс-әрекеттеріне шолу жасалған. Сондай-ақ, бес томдықта оқырман қауымға кезінде Ресей Мемлекеттік Думасына Қазақстаннан депутат болып сайланған қазақ қайраткерлері өмірінің бұрын-соңды аз зерттелген қырлары ұсынылған.

Еске сала кетейік, Өмірзақ Озғанбайұлы 1959-1994 жылдары мектепте тәлімгер, бастауыш сынып мұғалімі, мектеп директорының орынбасары, аудандық оқу бөлімінің инспекторы, аудандық, қалалық партия комитеттерінің бөлім меңгерушісі, облыстық «Білім» қоғамының басшысы, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының директоры, облыстық кәсіптік-техникалық оқу орындары басқармасы бастығы, республикалық оқу-әдістемелік орталықтың директоры, облыстық білім беру басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 1995-1999 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, комитет төрағасы, 1999-2001 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясының президенті, 2002-2004 жылдары Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің проректоры қызметтерін атқарған. 2004 жылдан «Қазмұнайгаз барлау және өндіру» АҚ бас директорының кеңесшісі, 2007 жылдан Маңғыстау облысы әкімі жанындағы ардагерлер кеңесі төрағасы, облыс әкімі кеңесшісі болып еңбек еткен.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар