Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым

14.12.2018 825

Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым

Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» және «Елім менің» атты патриоттық әндер кеші өтті.

Шара барысында Ұлттық және мемлекеттік деңгейдегі елеулі мерекенің қазақ қоғамында маңыздылығы талқыланды. Сонымен қатар, Ұлттық академиялық кітапхана қорындағы Тәуелсіздік мерекесіне қатысты шыққан кітаптар, газеттер мен журналдар және сирек құжаттарға қатысты көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қызметі мен халықаралық саяси аренадағы рөліне қатысты баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар мен шетел сарапшыларының айтқан ой-пікірлері қойылды.

Жиын барысында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева қызметкерлерге ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің атынан «Алғыс хаттар» мен «Құрмет грамоталары», сондай-ақ, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерін табыс етілді.

Іс-шараға белгі зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, Астана қаласындағы ЖОО-ның студенттері, мектеп оқушылары, мұғалімдер мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Аталған танымдық кеш ҚР Тәуелсіздік күніне орай ұымдастырылды.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Көп оқылғандар