Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт...

27.04.2016 5622

Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт

Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт - adebiportal.kz


2016 жылғы 26 сәуірде Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы болып өтті.






Президент Ұлт жоспары әлемдік дағдарысқа қарамастан, бизнесті дамыту үшін кең мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты. Сонымен қатар, сөз арасында Мемлекет басшысы Ұлт Жоспарындағы Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктелген үш негізгі бағытқа тоқталып, оның барлығы тұтастай Қазақстан халқы бірлігін, келісімі мен татулығын нығайтатынын атап өтті.


Сессияның жұмысына 1 500-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында барлық өңірлерден келген Ассамблеяның ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет елдердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.


Сессияда қазақстандық ғарышкер, шетелдік қонақтар, өңірлерден келген делегаттар, спортшылар, жұмысшы мамандықтарының, бюджеттік және жастар ұйымдарының, азаматтық қоғамның өкілдері және басқалар сөз сөйледі.




Жиналғандар алдында сөйле­ген Мемлекет басшысы Қазақ­стан халқы Ассамблеясы біздің Тәуелсіздігіміздің ұлы құнды­лық­тарының бірі екенін атап өтті.




«Біз достықты қазақ­стан­дықтар­дың барлық буынының бас­ты игілігі ретінде сақтай білдік. Біздің бірегей жолымыз – тең құ­қық­тылық, бір шаңырақ астында өмір сүретін барлық этностың бір­лігі мен келісімі халықтың тілек-қалауымен таңдалды. Қазақстан халқы Ассамблеясы – Тәуелсіздік жемісі. Ассамблея кез келген сын-қатер төнген кезде және Тәуелсіздіктің барлық кезеңінде әрдайым биіктен табылды. Оның тарихында біздің ұлттың өрлеу дәуірінің кезеңдері мен нақты нәти­желері көрініс тапқан», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Сондай-ақ, Қазақстан Прези­денті Ұлт Жоспарын жүзеге асырудың алғашқы қорытын­ды­лары туралы айтты.


«Бірнеше айда 59 заң әзір­леніп, қабылданды және күшіне енді. 400 нормативтік құқықтық акт бекітілді. Біздегі өзгерістерге қатысты тағы бір тәуелсіз баға жөнінде айта кетейін. Бүкіл әлем мемле­кеттеріндегі реформаларға мони­торинг жүргізетін Дүниежү­зілік банк Қазақстанды 2015 жылы өзге елдермен салыстырғанда мей­лінше көп реформа жасады деп есеп­тейді. Олардың әдістемесіне сәйкес, бұл – 7 бағыт бойынша 19 ре­форма. Басқаша айтқанда, біз бес емес, жиырмаға жуық маңыз­ды өзгеріс жасадық», - деді Мем­лекет басшысы.




Ассамблеяның XXIV сессиясының қорытындысы бойынша «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық актісі жария етілді.


«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін қабылдайық деп отырмыз. Оны жан-жақты талқылап, қолдау білдіргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Осы маңызды құжатты көптен бері дайындап, дәл биылғы мерейлі жылда қабылдануы айрықша маңызға ие. «Надан халық бір жылын, ақылды халық бір ғасырын, дана халық мәңгілік болашағын ойлайды» деген сөз бар. Біз бұл жолда мәңгілік болашағын ойлайтын дана халық болайық», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар