Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Темірбек Жүргенов - қазақ руханиятының көшбасшысы...

28.05.2021 2535

Темірбек Жүргенов - қазақ руханиятының көшбасшысы 12+

Темірбек Жүргенов - қазақ руханиятының көшбасшысы - adebiportal.kz

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Темірбек Қараұлы Жүргеновты еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуінде «ХХ ғасырдың 20-50-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастады. Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға «үлкен террордың» орасан зор қасірет әкелгені есімізде. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды. 100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды» деген болатын.

Іс-шараның мақсаты – Темірбек Жүргеновтың қазақ өнері, әдебиеті, мәдениетіне және білім саласына қосқан зор үлесін дәріптеу. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарын ұлықтау.

Жиынға белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қорының мүшелері және зиялы қауым өкілдері қатысты. Атап айтсақ, өнертану докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбекқызы, Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қор төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Аңсат Сәпен Әбдіқадырұлы, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, жүргеновтанушы-ғалым Бауыржан Сәбитұлы Иманғалиев және басқалар қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар