Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Тілді дамытып, рухты көтеретін тәрбие құралдарының тұсаукесері

10.04.2014 2427

Тілді дамытып, рухты көтеретін тәрбие құралдарының тұсаукесері

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Ұлттық академиялық кітапханада Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2014 жылы шығарылатын «Абайтану әліппесі», «Даналық әліппесі», «Электронды қазақ үй» және басқа да интерактивті өнімдердің тұсаукесер рәсімін өткізді. Тұсаукесер рәсімі Мәдениет министрі А.Мұхамедиұлының құттықтау сөзімен ашылды.

IMG_6047.JPG

Шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары,  филолог-ғалымдар, елімізге танымал қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және оқырман қауым қатысты.

IMG_6117.JPG

Шараның негізгі мақсаты – тіл мәдениетін жетілдіру, қазақ тілінің лексикалық қорын жүйелеу, «Тілдің үш тұғырлылығы»  ұлттық мәдени жобасын іске асыру негізінде шығарылған және ұлттық құндылықтарды халық санасына сіңіру мақсатында алдағы уақытта әзірленетін инновациялық өнімдерді көпшілік қауымның назарына ұсыну.

IMG_6098.JPG

«Абайтану әліппесі» кешені «Жақсы бала», «Жақсы ұстаз», «Жақсы ата-ана»,  «Жақсы құрбы-құрдас» деп аталатын 4 кітаптан тұрады. Кешендегі оқу материалдары инновациялық технология негізінде әзірленген сөйлейтін қаламның көмегімен дыбысталады.

IMG_6099.JPG

«Даналық әліппесі» оқу-тәрбие кешені қобыз үні, домбыра күйі, бесік жыры, халық әні, халық аңызы, халық ертегісі, халық тағылымы, халық жыры, нақыл сөз, билер сөзі, аталар сөзі, бабалар батасы енгізілген 12 кітап және сөйлейтін қаламнан тұрады. Олар баланы рухани құндылықтар арнасында тәрбиелеп, қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.

IMG_6075.JPG

«Электронды қазақ үй» – бүгінгі заман талабына негізделген балаларды тәрбиелеу құралы. Бұл өнім қазақ ертегілері, балалар әндері, күйлер, дәстүрлі әндер, терме-толғаулар, бесік жырлары мен Абайдың қара сөздерінен құралған.

IMG_6070.JPG

Сонымен қатар, осы шара аясында ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету үшін «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2011-2013 жылдары Мәдениет министрлігі тарапынан шығарылған оқу-әдістемелік құралдар, сөздіктер,  балаларға арналған әдебиеттер мен шығармалардың көрмесі ұйымдастырылды.
adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар