Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Тұңғыш рет ҚР Президенті жанындағы Әдебиет бойынша...

31.01.2015 2685

Тұңғыш рет ҚР Президенті жанындағы Әдебиет бойынша ұлттық кеңес құрылады

Тұңғыш рет ҚР Президенті жанындағы Әдебиет бойынша ұлттық кеңес құрылады - adebiportal.kz

13.jpg


ҚР Президенті жанындағы Әдебиет бойынша ұлттық кеңес құрылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.


«Саланы институционалдық қайта құру, басқарушылық мәселелерді үйлестіру мақсатында елімізде алғаш рет Қазақстан Президенті жанында Әдебиет, өнер бойынша ұлттық кеңесті құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанында салалар бойынша көркемдік кеңес құру қарастырылуда»,-деді ведомство басшысы.

Осы орайда министр Ұлттық кеңес мәдени саясатты жүзеге асыру мәселелерінде кеңес берудің бас органы болатындығын атап өтті. Оның құрамына депутаттар, Үкмет өкілдері, шығармашылық одақтар мен мәдени ұйымдардың жетекшілері, қоғам қайраткерлері, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері кіретін болады.

Мұнымен қоса, салалар бойынша көркемдік кеңестер мәдениет бағытында бәсекеге қабілетті отандық өнімді құру мақсатында бірлестіктердің қызметін ынталандыру мен бағалауды, үйлестіруді қамтамасыз етеді деп күтілуде.


Strategy2050.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар