Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Тұрақты шешімдер қабылдайтын күн жетті...

09.04.2019 2095

Тұрақты шешімдер қабылдайтын күн жетті

Тұрақты шешімдер қабылдайтын күн жетті - adebiportal.kz

Әлемде қазір тұрақсыздық белең алып тұр. Осындай алмағайып уақытта уақытша дүниелермен отыруға болмайды. Тұрақты шешімдер қабылдайтын күн жетті. Қазақ деген халық тілек тілегенде сауатсыз болса да батасына, тілегіне «ел аман, жұрт тыныш болсын» деген тілек тілеп өткен. Біз үшін одан үлкен тілек жоқ.

Әлемде ақыл-ой аламаны басталды. Әр ұлт, әр мемлекет жанталасып қоғамда әлемдік үлкен айдында өз кемесінің, қайығының дұрыс бағытта жүруін тілейтін уақыт болды. Маған бүгінгі үндеуде ең ұнағаны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың адалдығына кепілдік беремін деп айтты.

Әр отбасы - кішкентай Отан, үлкен Отанымызды дұрыс адам басқарғанын жұрттың аман болғанын қаламайтын ұлт жоқ. Алдағы сайлаулардан бұл жолғы сайлаудың жөні бөлек. Тезірек Мемлекет басшысын сайлап алып, ары қарай бағдарламаларымызды жасау керек.


Ғалым Жайлыбай

«Жұлдыз» журналының бас редакторы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар