Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Түркістан облысында жазушы Дулат Исабековтің кітап...

13.08.2018 3820

Түркістан облысында жазушы Дулат Исабековтің кітапханасы ашылды

Түркістан облысында жазушы Дулат Исабековтің кітапханасы ашылды - adebiportal.kz

Жуырда Ордабасы ауданында жазушы-драматург, қоғам қайраткері Дулат Исабековтің кітапханасы ашылды.

Кітапхананың ашылу салтанатында ҚР Жазушылар одағының мүшелері, елімізге танымал ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, заңғар қаламгерді қуанышымен құттықтады.

Атап айтсақ, Еркінбек Тұрысов, Бексұлтан Нұржекеев, Мархабат Байғұт, Құлбек Ергөбек, Қасымхан Бегманов, Қазыбек Иса және өзге де қаламгерлер жылы лебіздерін арнады. Кітапхана әрі мұражай ретінде салынған үйде Дулат Исабековтың кітаптары мен түрлі марапаттары, өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін заттар қойылған. Жазушының жұмыс істейтін және демалатын бөлмелері де талапқа сай. Сонымен қатар, қазақ және әлем жазушылары мен ақындарының кітаптары бар. Жалпы саны 2500 кітапты жазушының өзі тарту еткен. Алдағы уақытта бұл кітапхана әлемнің әдебиет жауҺарларымен толығады.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған іс-шараға ел ағалары мен оқырман қауым ризашылығын білдірді. Енді бұл кітапханадан тек Ордабасы ауданының тұрғындары ғана емес, осы ауданға келген қонақтар да рухани қазына алып, танымдарын кеңейтеді. Жиын соңында Дулат Исабеков өзіне құрмет көрсеткен жерлестері мен оқырман қауымға, облыс басшылығына алғысын айтып, қазақ әдебиетіне үлес қоса беретінін жеткізді. Осы шығармашылық үйінде түрлі шығармаларын жалғастыратынын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар