Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Түркі дүниесі әдебиет институттары басшыларының жи...

06.10.2015 2035

Түркі дүниесі әдебиет институттары басшыларының жиыны өтті

Түркі дүниесі әдебиет институттары басшыларының жиыны өтті - adebiportal.kz


Түркі әлемінің Ұлттық ғылым академиялары одағы шеңберінде өткен жиынға Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті,Низами атындағы Әдебиет институтының директоры Иса Габиббейли, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Абдылдажан Акматалиев, Түрік тілі қоғамының төрағасы Мустафа Качалин, ҚР ҰҒА академигі Сейіт Қасқабасов, Татарстан Ғылым академиясы Ғ.Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институтының директоры Ким Миннуллин, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижан және бірқатар БАҚ өкілдері қатысты.


Алқалы жиынды Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Астанада өткен Түркі кеңесінің 5-ші Саммитінде берген тапсырмасы бойынша қолға алынып жатқан «Аталар мирасы» ғылыми жобасы, сонымен қатар «Ортақ түркі әдебиеті» оқулығының тұжырымдамасы талқыланды. Аталған жобаларды іске асыру үшін әдебиет институттары арасында әріптестік жөніндегі келісім жасалды.


Қатысушылар жиын барысында күн тәртібіндегі өзге де мәселелер жөнінде жан-жақты пікір алмасып, бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.


Айта кету керек, бұған дейін Халықаралық Түркі академиясы «Ортақ Түркі тарихы» оқулығын әзірледі. Оқулық үстіміздегі жылдың 11 қыркүйегінде өткен Түркі кеңесі Мемлекет басшыларының бесінші саммитінде жоғары бағаланды. Академия осы игі бастаманы жалғастырып, түркі халықтарына ортақ әдебиет пен география оқулықтарының жалпы нұсқасын дайындауда.  


Түркі дүниесі әдебиет институттары басшыларының жиыны өтті1.jpg


Түркі дүниесі әдебиет институттары басшыларының жиыны өтті2.jpg


Түркі дүниесі әдебиет институттары басшыларының жиыны өтті3.jpg


Түркі дүниесі әдебиет институттары басшыларының жиыны өтті4.jpg

twesco.org


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар