Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы. ИНТЕРНҚАЗАҚҚА ХАТ...

21.08.2015 2998

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы. ИНТЕРНҚАЗАҚҚА ХАТ

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы. ИНТЕРНҚАЗАҚҚА ХАТ - adebiportal.kz

 


(жалғасы,  алдыңғы бөлімдері мына сілтемеде)


 

 

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Ү



МҮҢКІМЕ (Религия) кітаптары - бастапқы мәтіндеріне мыңдаған жылдар бойы мыңдаған реткі түзеулер мен "күзеулер" жасалып, мың сан ертектер мен қырықөтіріктер қосылып, көз алдымызда зат түрінде қарайып-қарайып жатыр.

АҢҚЫМА "Кітабы" Мүңкіме кітаптары секілді зат емес, Ол - біздің халықтық Жадымыздағы мыңдағанжылдық Рухани Самала (Самала: жұпаржелді Нұр) "жазбалары". Сол себепті де, Оны ешкім де мүңкімелік кітаптар секілді етіп жыртып я мәтіндерін оп-оңай өзгерте сала алмайды ешқашан. Қайта, рухани самалалық ол "жазбалар" өздерінің қадым замандағы аңқымалық рухани қасиеттерін таза сақтай отырып. уақыт өткен сайын, Басында Бағы (БАҚ: Жұмақ Ес; Жұмақ Естің Жұпар Рух-Құдайы) бар толқын-толқын аңқылдақ даналар мен парасаттылардың толғамдары арқылы жаңғыра толысып, жайнай береді. Оның нұрлы тіні - ЖАН СҰЛУЛЫҒЫ жайындағы жұпар ғылым. Бізге тек әулие Мәшһүр Жүсіптің мына Өсиетін ұдайы қаперге алып, үнемі мұқият орындап отыру ғана қалды:

"Қазақ Тілі - жұмбақ; не айтса, бәрінің шешуі бар, шешуін білуге тырысу керек".

Бір-ақ мысал, Аңқыманың "АҢҚЫЛДАҚ" деген термині. Бастапқы түбірі "АН" (Жұмақ Күн; Жұмақ Күн Құдайы; Жұпар Аспан яки "КӨК"). Атамзаманғы "ӨН" (жұпарлы Жұмақ Күн; Жұмақ Күннің Жұпар Ұл-Құдайы) сөзінің толықшаланған түрі. Одан - "АҢҚ" (жұпар леб; жұпар эманация.,). Одан "АҢҚЫЛ" (жұпар леб; жұпарлы Еркек Періште).

Яғни, "АҢҚЫЛдақ" дегеніміз - қош аңқыта сөйлейтін жұпарперіштетектес адам. Оның аңқымалық мәнісін мына н а қ ы л айтып тұрады: "Бас - Бақ, ауыз - дарбаза, Сөз - самал (самал: жұпар жел; Жұпар Періште)". "Самал" мен "Нақыл" (Жұпар періште-Сөз) сөздері - синоним сөздер. Себебі, "Н а қ ы л" термині - "Аңқыл" терминінің метатезалық бір түрі. "Аңқыл" мен "Самал" сөздері де - синоним сөздер.

Қош. "Көкірегінде оты бар ойлы адамға бұл Сөзімнің суреті тұрар дайын" (Абай). Дегенмен, жоғарыда айтылғандарды да ұқпайтындарға я ұққысы келмейтіндерге "тұмсығы сасық сиыр таза судан жиіркенер" демегенде не дейміз енді?!




ҮІ




Біз, Қазақ - Басында Бағы ( а ң қ ы ғ а н Жұмақ Есі.,) бар ерекше Елміз. Сол себепті - а ң қ ы л д а қ п ы з. "АҢҚЫЛдақ" дегеніміз - қош аңқыта ойлайтын, қош аңқыта сөйлейтін, қош аңқыта әрекет ететін, ешкімнен арамдық күтпейтін жұпарперіштетектес адам. Біз, Қазақ - кезінде жарты әлемді уысында ұстап, славяндарға мемлекеттік өркениет түзіп берген кешегі Алтын Орданың бірден-бір айбынды Мирасқорымыз. Біздің Басымызда Б А Қ (Жұмақ Естің жұпарлы Бағбан-Құдайы; жұпарлы Жұмақ Ес.,) бар екенін ақпатшалық орыс империясы өздерінің жүздеген тыңшылық экспедициялары арқылы мұқият зерттеп көріп, жұпарійелік ғажап қуатын анық ұғынбаса да - сезді; сезді де, біздің тұқымымызды тұздай құртуға бекінді. Өйткені, Отырықшылар - "Маңдайында С О Р (Сор: өз түбіне сорып-тартып әкететін сасық жылым; Тозақ Ес; бақытсыздық; эксплуатация., )" сұмдығы бар жұрттар. Аңқыма солай дейді. Ал, қызылпатшалық орыс империясы біздің Басымызда Бақ барын жақсы түйсінді; түйсінді де, геноцид, ақылдыларымызды жаппай қыру, атомдық сынақтар, Тілімізді тұқырту, т.т. алуан сұмдықтар арқылы, көзімізді біржолата жоймақ болды. Тәңірдің қолдауы һәм Басымыздағы Бақтың жұпар қуаты сақтап қалды бізді!

Кезіндегі араб басқыншылығының кең-байтақ Арқа мен Алтайға ене алмағаны да, - біздің сол замандардағы салтатты садақшы, к ө ш п е л і бабаларымыздың Басындағы Бағына сай ақсарбаздық ерекше қасиеттен еді. Қанды қылыш арқылы қара ілім әкелмекші болған олар біздің к ө ш п е л і л і к Ұлы Даламыздың оңтүстіктегі азғана о т ы р ы қ ш ы л ы қ бөлігін ғана ала алды. Ислам идеологиясының біздің Елге жаппай ене бастауы - он тоғызыншы ғасырдың ортасынан жиырмасыншы ғасырдың басына дейінгі уақыт еді. Татар молдалары мен оңтүстігіміздегі қожалардың ел ішіне дендеп енуі де сол замандар болатын. Сондағы біздің намазымыздың Абай айтқан "абралылық намаздан" артып кеткен қауқары болған жоқ. Қазіргі қауқары да - сол шаманың ар жақ-бер жағында ғана. Өйткені, біз - Басында Бағы бар ерекше Елміз. Басымыздағы Бағымызда - Аңқыма қазынасы жайнап жатыр! Ол бізді ешқандай дінге де, ешқандай жауға да кіріптар қылмайды! Ешқашан!




***



Иә, интернқазақ Достар, Өздеріңізге арналған хатымыздың соңғы бөлігі - осы. Жалпы, бұл хатты жазудағы басты мақсатымызды Сіздер түсінген де боларсыздар деген үміт бар. Түсінбесеңіздер, айтайық. Біраз болды, осы желіде пайғамбарлық ұлағаты ұшы-қиырсыз Аңқыманың кейбір канондық трактаттарының кейбір "Сөздері" ғана болып табылатын аңқымалық біршама жазбаларды назарларыңызға ұсынумен келеміз. Онымыз еріккендік емес, атақ-абыройға бөленейік деген арзан пиғыл да емес, елішіндік бәзбір діни дауасыздарға қарсы әрекет те емес, - осы желідегі орасан мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздерді, Сіздер арқылы, қалың қазақты өзіміз ғылыми түзіліміне ширек ғасырдай уақытымызды сарп еткен, көлемі 300 баспа табақтай "АҢҚЫМА ӘЛІППЕСІМЕН" таныстыра беру болатын. Осы хатпен біз сіздерге соны түсіндіргіміз келеді. Жасырып қайтеміз, біздің аңқымалық жазбаларды назарларыңызға ұсына бастағандағы әуелгі Ойларымыз төмендегідей шуақты еді:


"кім біледі, интерндостарымыз бен интернқазақтарымыздың ішінде өз халқының даналығы жағынан әлемде теңдесі жоқ болса да, әлі мүлде зерттелмей жатқан дүниетанымдық жауһарларына аса құштар ерекше талаптылар да бар шығар; қайсыбір таланттылары осы жазбалар негізінде ғылыми еңбек қорғауға да іңкәрланатын шығар; тіпті, "селпи-мелпи" достарымыз да ептеп ойлана бастайтын шығар...".


Жоқ, олай қиялдануымыз бекер екен. Қазіргі интернжұртшылықтың дені өз Басындағы Бақты аңдамайтындығын, өзгенің басындағы боққа ынтық екендігін анық байқатты. Оның үстіне, "ауылдастың аузы сасық" факторы және бар. Ал, басты фактор - "Абай Жартасының" әлі де сол қалпында мызғымай тұрғандығы. Абаймен алысқан "мың" әлі де солайша Көкке түкіріп, көрсоқырлана аман-есен жүр екен. Аталмыш жазбаларымызға сіздердей интерндос ретіндегі қазағымыздың (қазіргі саны - 2532) жүз шақтысының ғана "лайктік" қызығушылығынан біз соны анық аңдадық. Сонда, өзімізбен пікірлес-ниеттес нағыз интернәріптестеріміздің шамасы, бар-жоғы жиырма шақты ғана адам болды! Міне, осыдан соң, былайша қамыға ойлап та отырмыз: "шіркін-ай, осы аңқымалық телегей теңіз қазына неге басқа халыққа тән болмады екен; өзіміз де неге сол елдің баласы болмадық екен?...мысалы, орыс елінің..."


Жағдай дәл осылайша біз ойлағандай болса, онда 150 миллиондай орыс оқырманы осындай жазбаларды оқи сала, бәрі бір кісідей: "Ура, ура! Бізде мынадай бар, мынадай бар! Ура, ура..."- деп, Жер-Жаһанды басына көтере, есі шыққанша айғайлай жөнелер еді!.. Оның мәнісін сіздер менен гөрі жақсы білесіздер. Амал не, ол да қиял ғой. Бірақ, "битке өкпелеп, тонымызды отқа тастамаймыз". Себебі, біз соқыр сенім ілімдері болып табылатын дін атаулыны келешекте адамзаттық Сана кеңістігінен түпкілікті ығыстырып шығаратын Нұрлы Таным Ілімі ретіндегі Аңқыманы Жанымыздан артық жақсы көреміз. Бізді МӘҢГІЛІК ЕЛ ететін Жұпар Идеология да - АҢҚЫМА! Оның негізгі сыры - өзіміздің Ата Тілімізде. Ол туралы Ақын Сұлтанмахмұт былай деп кеткен: "БАЙҚАСАҢ, ҚАЗАҚТЫҢ СӨЗІНДЕ БАР - ДҮНИЕНІҢ ГЕНИЙЛІГІ-ПАЙҒАМБАРЫ".


Енді не қыл дейсіздер, интернқазақ достар?..

Басында Бағы бар Елім аман болсын!.. Болашағы нұрлы!



соңы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар