Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ұлылар ұмытылмайды...

11.10.2018 5679

Ұлылар ұмытылмайды

Ұлылар ұмытылмайды - adebiportal.kz

Астанада белгілі ғалым, ҚР ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рымғали Нұрғалиұлына ескерткіш тақта орнатылды.

Астана астана болғанда алғаш қоныс аударған зиялы ретінде Ол Елорданың рухани-мәдени дамуына, әдеби ортаның қалыптасуына өлшеусіз үлес қосты. Сондай-ақ, өмірінің соңғы жылдары Л. Гумилев атындағы Еурази Ұлттық университетіндегі Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған болатын. Тиісінше қазақ ғылымына және атаулы білім ордасына еңбегі сіңген академикке осындай құрмет көрсетуді ұлттық университет ниет етіпті. Міне, енді академик өмірінің соңғы жылдары өткен Абылай хан даңғылы 6/5 үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.

«Көрнекті әдебиеттанушы ғалым, ҚР ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері Рымғали Нұрғали тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Рымғали аға - бірнеше буын ақын-жазушылардың, ғалымдардың ұлағатты ұстазы болған жан. Оның қазақ руxаниятынан алар орны ерекше. Алаш ұранды әдебиеттің туын көтерген тұлға», – деді Рымғали Нұрғалидың шәкірті, профессор Жанат Әскербекқызы.

Ал ҚР еңбек сіңірген қайраткері, телевизия ардагері Сұлтан Оразалы Рымғалидай замандасын «Ол көптің бірі емес, тобырдың бірі емес, бірегей еді» деп тебірене еске алды.

Айтулы шараға қатысқан Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е. Сыдықов, Астана қаласы әкімінің орынбасары, жазушы Ермек Аманшаев, академиктің құрдасы, академик Сейіт Қасқабасов, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы сынды ұлт зиялылары да Рымғали Нұрғалиұлының азаматтық болмысы, адами қасиеттері жайлы жылы естеліктерімен бөлісті.

Жиын соңында ақын Дәулеткерей Кәпұлы ұстазына арнаған «Соңғы Алаш ұлына» деген өлең оқыды.

Академик Р. Нұрғалиев есімін ұлықтау бір бұнымен тоқталмақ емес. Айтулы шараға жиналған ел ағалары ғалымға Алматыдан нап көше атауын беруді ұсынды. Әрі жуық арада Астанадағы мектептердің бірі қайраткердің есімін иеленбек.

Фотоларды түсірген: Нұрлан Нұрышов

Adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар