Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
"Ұлт болмысы" әдеби сыйлығының иегері анықталды...

26.12.2016 3831

"Ұлт болмысы" әдеби сыйлығының иегері анықталды

"Ұлт болмысы" әдеби сыйлығының иегері анықталды - adebiportal.kz


МАРАПАТ.JPG

Республикалық патриоттық, әдеби-танымдық «Ұлт болмысы» журналы мен Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы бірлесіп, «Ұлт болмысы» журналының 5 жылдығына орай, Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап «Тәуелсіздік – тұмарым, Мәңгілік ел – тұрағым!» атты поэзия және проза жанрлары бойынша қаламгерлер арасында республикалық жабық байқау жариялаған болатын. 23 желтоқсан күні аталған байқаудың қорытындысы шығарылды.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы арнайы жүлдеге поэзия жанры бойынша «Ұлы ар» өлеңімен Нұртас Тұрғанбекұлы, проза жанры бойынша «Сынған терезе» атты туындысымен Әсем Құрманова ие болды.



Поэзия жанры бойынша ынталандыру сыйлығына:


1.Ұмтыл Зарыққанұлы «Желтоқсан деген алаң бар» өлеңі үшін;

2. Ерғали Бақаш «Тәуелсіздік толғауы» атты туындысы үшін

3. Қайсар Қауымбек «Жусаймын, анда-санда кісінеймін» өлеңдер топтамасы үшін;


Проза жанры бойынша ынталандыру сыйлығына:


1. Асхат Бақытұлы «Теңіз толқынындағы тағдырлар» атты шығармасы үшін;

2. Қуаныш Бажақ «Жалғыз қарағай» атты әңгімесі үшін;

3. Алмас Мырза «Астана мозайкалары» атты әңгімесі үшін ие болды.


Поэзия жанры бойынша 3-орынға


1. Наурызхан Ғазизұлы «Шекарашының монологы» атты өлеңі үшін;

2. Толқын Қабылша «Тәуелсіздік жайлы толғаныс» атты өлеңі үшін ие болды.


Проза жанры бойынша 3-орынға:


1. Есболат Айдабосын «Ұран» атты туындысы үшін;

2. Ерболат Әбікенұлы «Бүркіт ұя» атты әңгімесі үшін ие болды.


Поэзия жанры бойынша 2-орынға


Әскерхан Ақтай «Жұлдыздың асты біздің ел» атты толғауы үшін ие болды.


Проза жанры бойынша 2-орынға:


Мұрат Алмасбекұлы «Бөрібас белгі» атты әңгімесі үшін ие болды.


Поэзия жанры бойынша 1-орынға Сайрангүл Дахан «Ахметтің арманы» атты өлеңімен;

Проза жанры бойынша 1-орынға Анар Қабдуллина «Онлайн қыз» атты туындысымен ие болды.



1000 000 теңге тігілген бас жүлдеге Ерлан Жүніс «Жалғыз сөздің өмірі» атты туындысымен ие болып, «Ұлт болмысы» әдеби сыйлығының тұңғыш иегері атанды.


Жүлдегерлерді құттықтаймыз!



adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар