Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ұлт руханияты ұлықталған күн...

12.12.2018 4501

Ұлт руханияты ұлықталған күн

Ұлт руханияты ұлықталған күн - adebiportal.kz

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Алда келе жатқан Тәуелсіздік мерекесіне орай «Руханият» орталығы мен Сәкен Сейфуллин музейі бірігіп, айтулы мерекені ерекше атап өтті. Ұлы мерекені ұлықтаған келелі шараға Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеттің студенттері қатысты.


«Отан – оттан да ыстық» деген халық даналығы бар. Бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздік өткен ғасырдың 90 жылдардың басында біздің бағымызға бұйырған еді. Осынау қадірі ерекше, қасиеті бөлекше Тәуелсіздік еліміздің әр азаматы үшін бағалы екені анық. Сәкен Сейфуллин музейінің директоры, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы: «Тәуелсіздік мерекесі әр қазақ баласы үшін аса қастерлі мереке. Халқымызда: «Отансыз – адам болмайды. Ормансыз бұлбұл болмайды» деген қасиетті сөз бар. Ата-бабаларымыз осынау тәуелсіздікті қаншама армандады. Ұлтымыздың үкілеген үміті болған бүгінгі жастар тәуелсіздіктің қадіріне жетіп, ел үшін еселі еңбек етуге құлшыну керек», – деген ізгі тілегін білдірді.

Айтулы шарада биылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мерей Қарт, «Әдебиет порталының» редакторы Біржан Ахмер бастаған жас ақындар Тәуелсіздікке арналған жалынды жырларын оқыды.

Бостандық деген қасиетті ұғымды әр қазақ баласы бойтұмардай жүрегіне сақтау керек екендігін жеткізген «Руханият» орталығының директоры Ержан Еңсебай таяуда ғана ашылған орталықтың қысқа уақыт ішінде атқарған келелі жұмыстарымен таныстырып, алдағы уақытта Сәкен Сейфуллин музейімен бірлесіп ұлт үшін еңбек еткен ұлыларды ұлықтаған іс-шаралардың көптеп өтетініне сенім білдірді.


Алаш ТҰРСЫНӘЛІ

Сәкен Сейфуллин музейі
Ғылыми-ағарту бөлімінің қызметкері


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар