Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ОҚУШЫЛАР ПАРАҒЫ
Ұлттық музейдегі мәдени-білім беру экспозициялық ж...

06.09.2021 3362

Ұлттық музейдегі мәдени-білім беру экспозициялық жобасы 12+

Ұлттық музейдегі мәдени-білім беру экспозициялық жобасы - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Менің Қазақстаным» мәдени-білім беру және экспозициялық жобасының тұсаукесер рәсімі өтті. Мақсаты – Қазақстанның тарихы, мәдениеті және табиғаты бойынша балалардың білімін, сондай-ақ бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер саласында практикалық дағдыларын қалыптастыру. Халықтың рухани мәдениетін дамыту үшін балаларды ерте жастан тарихты, мәдениетті, қоршаған әлемді зерттеуге тарту арқылы оны дамыту қажет.


Экспозиция құрылымы 10 негізгі бөлімнен тұрады, барлық аталған бөлімдер Қазақстанның тарихы мен табиғатымен балаларға қолжетімді құралдармен толық көлемде таныстырылды. Ақпараттық аймақ Қазақстанның интерактивті географиялық картасымен, Ұлы Жібек жолының картасымен, мониторлармен және электронды дүңгіршекпен жабдықталған. Экспозиция «Қазақстан географиясы», «Қазақстан табиғаты», «Қазақстанның археологиялық ескерткіштері» және «Ұлы Жібек жолы», «Қазақстанның мәдениеті мен этнографиясы» сияқты тақырыптарды қамтыды.

Атап өтейік, аталған жобада балалар ойын ойнау арқылы Қазақстанның тарихы, мәдениеті, табиғаты туралы білім алып, өздері археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді, киіз үйде болып, қазақ халқының салт дәстүріне байланысты бейнематериалдарды көріп, ұлттық киімде суретке түсті.


Жобаның негізгі мақсатты аудиториясы – мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар мен ата-аналар. Экспозиция мәдени-тарихи дәстүрлерді сақтау, жаңғырту және дамыту жөнінде ұрпақтар арасындағы сабақтастық болып табылатын шағын зерттеу орталығы.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар