Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ӨНЕР
Ұлттық музейдегі «Уақыттың шынайы сабақтастығы»...

13.09.2021 3583

Ұлттық музейдегі «Уақыттың шынайы сабақтастығы» 12+

Ұлттық музейдегі «Уақыттың шынайы сабақтастығы» - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстан Суретшілер одағаның мүшесі Дария Калимова-Қастееваның «Уақыттың шынайы сабақтастығы» атты жеке көрмесі ашылды. Көрмеге Дарья Калимова-Қастееваның әкесі, атақты қазақ суретші – Мұхит Калимовтың жұмыстары қойылады.

Мұхит Калимов – ХХ ғасырдағы қазақстандық өнер классиктерінің көрнекті өкілі. Үздік академиялық білім суретшіге әр түрлі пейзаждық, портреттік және жанрлық туындылар жасай отырып, өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Ол – портреттің сөзсіз шебері. Қазақтың атақты тұлғаларының портреттерін бейнелейтін тарихи тақырыптарға үлкен мән бере білген. «Бабалар», «Абылайхан», «Сырым батыр», «Исатай-Махамбет», «Мұрат ақын», «Құрманғазы», «Қайран шешем», «Ғани Мұратбаев», «Әуезов пен Ш.Айтматов» және т.б.

Оның портреттері ерлер, әйелдер және балалар – кейіпкерлерді зерделей отырып, белгілі бір үйлесімділік сарында диалог жүргізеді. Бұдан өзге, шебер жұмысының ерекшеліктеріне жұмсақ, пастельді түстер – інжу-сұрғылт, ашық қоңыр және құм тәрізді түстерді таңдау жатады.

Суретші 1996 жылы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлының портреттерін салғаны үшін Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты атанды.

Айта кетейік, Дария Калимова-Қастееваға қолданбалы суретші ретінде анасы Лиза Калимованың жұмысы үлкен әсер етті. Лиза Калимова – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері.

ПОРТАЛ АНЫҚТАМАСЫ:

Атақты қазақ суретшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Мұхит Ғалымов пен Лиза Калимова отбасында тәрбие алған Дария Калимова-Қастеева – шығармашылық дәстүрлердің жалғасы іспеттес. Өз жұмысында сәндік-қолданбалы өнерді, яғни гобеленді таңдады. Дарияның гобелендері тегістікпен, сызықтардың белгілі бір өтімділігімен және ашық, қанық түстермен ерекшеленеді.

Көптеген шығармаларда біз әйел бейнесін байқай аламыз. Әйел тағдырының философиялық жағы «Беташар» және «Ана» сияқты керемет туындыларда ашылады. Ал жастық пен сымбат бейнелері «Көктем», «Арфалы қыз» шығармаларында кездеседі.


Батик пен гобеленге тән декоративтілік дәстүрлі кескіндеме мен классикалық ұлттық мәнерде салынған суреттерде де көрінеді. Оның шығармалары тегістік гүл контрасттарымен үйлесіп, гүл, тауыс пен Алматы апортын көрсетеді.

Шығармалардың сюжеттері қарапайым, ал туындыларда, ең алдымен, жарқын, жағымды түстермен бейнеленген әйелдік энергиямен үндесетін аналық мейірім, махаббат, үміт пен сұлулық біріктірілген.

Мұхит Калимовтың көрмелері Швейцарияда, Австрияда және Венгрияда өтті. Тәжірибелі ұстаз республиканың шығармашыл жастарына білім беруде көп еңбек сіңірді. Атақты суретші Мұхит Калимовтың ұрпақтары оның ізін қуып, бүгінде тұтас бір әулет өз тағдырларын бейнелеу өнерімен ұштастырды.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар