Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
«Үркер-2017» Ұлттық сыйлығы...

05.05.2017 6019

«Үркер-2017» Ұлттық сыйлығы

«Үркер-2017» Ұлттық сыйлығы - adebiportal.kz

7 мамыр күні баспасөз, радио және интернет журналистика саласына арналған «Үркер-2017» Ұлттық сыйлығына өтініштер қабылдана бастайды.

Сыйлық құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.

Ұйымдастырушы - «Қазконтент» АҚ.

Сыйлықтың негізгі мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың журналистика саласын дамытуға қосқан үлесін саралау және көпшілік назарын журналистер мен шығармашылық ұжымдарына аудару.

Сыйлық мына аталымдар бойынша беріледі:



1) үздік фотосурет;

2) үздік репортаж;

3) үздік талдамалық материал;

4) үздік журналистік зерттеу;

5) үздік сұхбат;

6) Қазақстан туралы үздік танымдық материал;

7) үздік халықаралық талдамалық материал;

8) журналистикадағы дебют;

9) үздік радиобағдарлама;

10) үздік өңірлік радиостанция;

11) үздік өңірлік мерзімді басылым;

12) үздік мамандандырылған мерзімді басылым;

13) үздік жыл журналы;

14) Қазнеттегі медиасерпіліс;

15) үздік республикалық мерзімді басылым
.

Байқауға журналистиканы кәсіп еткен, баспасөзде, интернет-сайтта немесе радиоарнада жарияланып, немесе, еңбек етіп жүрген кез-келген маман қатыса алады.

Үміткерлер ұсынған дүниелерді белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен кәсіби маман журналистерден құралған қазылар алқасы сарапқа салады.

Лауреаттар естелік мүсінше мен қомақты қаржылай сыйлыққа ие болады.

Байқауға қатысу туралы өтініштер электрондық түрде (қосымшадағы формаға сәйкес толтырылып, қол қойылған скан-нұсқасымен) өзін-өзі ұсыну форматында el.kz интернет-ресурсындағы арнайы бөлімде немесе urker@el.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар