Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
“XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы” атты жалпыұлттық б...

27.05.2016 3967

“XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы” атты жалпыұлттық байқауы мәресіне жетті

“XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы” атты жалпыұлттық байқауы мәресіне жетті - adebiportal.kz


27 мамыр күні “Ақ жол” демократиялық партиясының дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылуымен өткен “XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы” атты жалпыұлттық байқаудың қорытыларын шығаруға арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.


XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы байқауы.jpg


Байқаудың мақсаты – Қазақстан қоғамын жаңғыртуда “Алаш” қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын тарату. Ақтық кезеңге 30 сәуір күні Алматы қаласында өткен іріктеу кезеңіне жолдама алған, Алаш қызығушылық танытып, осы тақырыпта ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жүпген 18-35 жас аралығындағы 14 жас ізденуші қатысты.


XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы байқауы1.jpg


Биылғы байқау Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы құрметіне арналып, аталған көсемнің шығармашылық тұлғалық қырына арналған байқау 4 номинация бойынша өтті:


1. “Ә. Бөкейханның мемлекет құрылысына және демократиялық құндылықтарға көзқарастары, олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі” бойынша

І орын – Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушысы Гүлмира Уәлиева жеңімпаз атанды, ІІ орын – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 3 курс студенті Нұрболат Нышанбаев иемденсе, ІІІ орынды – Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 1 курс магистранты Наргиза Айсаева місе тұтты.


2. “Ә. Бөкейханның экономикалық көзқарастары, олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі” бойынша :

І орын – “Қазақстан тарихы” интернет-жобасының редакторы Заңғар Кәрімхан, ІІ орын – “Жастар үні”, “Болашақ” басылымдарының журналисі Асхат Қасенғалиев иемденсе, ІІІ орынға – Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 1 курс магистранты Беркімбаев Ардақ қол жеткізді.


3. “Ә. Бөкейхан жұмыстарындағы қазақстандық қоғамның әлеуметтік, рухани-мәдени жаңғыруы, еуропалық жолмен даму мәселелері және олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі” бойынша :

І орын – Ғ. Мүсірепов музей кешенінің ғылыми қызметкері Шынар Жеңісқызы, ІІ орын – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің оқытушысы Сұлушаш Құрманова мен Семей қалалық орталық кітапхана жүйесінің кітапханашысы Аяулым Шаймардановаға берілді. ІІІ орынға – балет өнері иесі Орынгүл Нұржанқызына бұйырды.


4. “Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз оқиғалар мен жаңа есімдер” бойынша :

І орын – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 1 курс докторанты Ермұхамет Маралбек, ІІ орын – “Қазақстан тарихы” интернет-жобасының журналисі Алтынбек Құмырзақұлы мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің докторанты Ұшқын Сейдірахманұлына берілді. ІІІ орынға – Бөкетов атындағы ҚарМУ 2 курс магистранты Назерке Әбікеева иемденді.


XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы байқауы3.jpg


Салтанатты шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері, алаштанушы ғалымдар, магистранттар мен студенттер қатысты.


XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы байқауы (2).jpg


Аталған іс-шараға “Қазконтент” АҚ ұжымы, “Қазақстан тарихы” интернет-жобасының қызметкерлері Заңғар Кәрімхан мен Алтынбек Құмырзақұлын шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейді!


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар