Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Жанат Ахмади. Барыс тон киген, барыс жүрек - Қалибек хакім

18.02.2019 1206

Жанат Ахмади. Барыс тон киген, барыс жүрек - Қалибек хакім

Өткен жылдардың бiрiнде (2004 жыл болса керек) «Қазақ әдебиетi» газетiнiң бетiнде, бала жасынан Шығыс Оңтүстiк Азияны көктеп өтiп айтарлықтай жаһанкез болған, өсе ке­ ле Мұстафа Шоқайдың жолын қуған, тағдыры талқыдан­ тұратын, Хасен Оралтайдың бiр хикаясы жарияланған-ды. Оқиға барысымен менiң есiмде мықтап орнап қалғаны – дөңгелек дүниенi дүркiреткен Қалибек хакiмнiң салт атпен түскен суретi болатын. «Ат кекiлiн кескен» демек­ шi, айбынды батырдың тақымында кекiлi шорт кесiлген, мойны құрықтай, талыс танау, салпы ерiн сәйгүлiгi. Үс­ тiндегi баласын­ алдырған барыстай ызалы иесiмен қоса күндiз-түнi жер кезген қаракер тұлпар да әлденеге қыжылы бардай,­ шатынаған шаралы көзiнен от шаша, құлағын да жымқырыңқырап­ алған. Жаугершiлiктегi сенiмiн ақтап жүрген­ бәсiре дүлдүлiне мiнiп, ат үстiнде тәкаппар отырған Қалибек хакiмнiң асқақ көрiнiсi көз тартады. Алақандай оймыш-оймыш теңбiлдерi бар, ақшұбар барыс терiсiнен тон киген құрыш жiгерлi қайсар адам, осы сұлбасының өзiмен-ақ, дауылпаздық мiнезiн байқатып тұр. Өзгеде жоқ, ерекше тұрпат. Үзеңгiнiң таралғысын кере, шiрей теуiп, атының басын қақита, тiзгiндi қымти тежеп, қамшы ұстаған қолымен бiр бүйiрiн таяна, әлдебiр биiк тау басына алыстан көз тiгiп айбаттана, құшырлана қараған. (Бұл 1953 жылы Үндiстандағы Кәшмiрдiң Сұнмарак тауында түсiрiлген сурет едi). Өз басын патша орнында бiлетiн жауына қар­сы жаужүрек адамның күмiс ер-тұрманы; өмiлдiрiк, жүген, үзеңгiбау, таралғысына дейiн күмiс үзбелермен айшық­ талғаны көрiнiп тұр. Сондай бес аспап ынсан дәл осынау жанпида қалпында ненi ойлап тұрды екен. Шықшытын тiстенiп, мағыналы көзiн ызалы оймен сығырайта, қысың­­ қырай қадап, айбаттанған барыс жүрек баһадүр жан өзiнiң осынау нұсқасымен дүниедегi ешқандай әулиеңiзден кем соғып тұрмағандай. Бұл өзге емес, қазақ саңлағының бiр бекзаттық, тектiлiк белгiсi едi. Қалибек хакiмнiң бұл суретi қаным қазақ дегенге дес бередi. Рухыңды жаңғыртып, жiгерiңдi жаниды.

Сезiмiң солғын, қарымсыз пақыр болмасаң, зердеңдi сiл­ кiп, зейiнiңдi қайрайды. Өмiрдiң күнделiктi күйкi тiрлi­гi­ нен шаң басқан момақан көңiлiңдi өрге тартып, намысыңды шабақтайды.

Мен газеттен қиып алған осы суреттi кiмге айтып, кiм­ ге дәрiптерiмдi бiлмей жүрдiм. Орайы келсе әдемiлеп, үл­ кейтiңкiреп үйiмдегi көрнеу бiр орынға көркейтiп сақтау талабым да жоқ емес-тi. Тек соның сәт-сағаты ендi келiп, қолыма уақытша «Елiм-айлап өткен өмiр» кiтабы түсе қал­ ған соң, сыртындағы суреттi компьютердiң көмегiмен ойым­ дағыдай шығартып, рамкалап, отбасымыздағы көзге ұрар ескерткiштiң бiрi ретiнде орнықтырып қойдым. (Тегiнде Қа­ либек хакiм мен Тәкiман батыр туралы менiң тарихи роман-дилогиямның екiншi кiтабы «Шырғалаңда» бiраз орын берiлген болатын).

Жасанған жауға жалаң аттың жалымен, жалаң жасақ қолымен қарсы тұрған Қалибек хакiмнiң бұл тұрпаты оның басынан кешкен нелер қанды оқиғаларға үйлесiп-ақ тұр. «Батыр» деп, «баһадүр» деп қазақ кiмдердi айтып жүр?.. «Елiм-айлап өткен өмiр» атты кiтапты былай қоя тұрып,­ әлгi «Қазақ әдебиетi» бетiндегi бiр ғана хикаяның өзiн оқып шыққан кiсi оқиғаның қақпанына қабылатыны даусыз. Гималай та­уындағы «Ыс» деп аталатын улы газ...

Кенеттен соның құрбаны болатын қайран ғазиз, жазықсыз жандар. Әсiресе, өмiрге көзiн ендi ашқан балалар, сәбилер! Ата қонысынан ауа босқандағы Қалибектей нағыз бiртуар батырларға, оның қасындағы жандарға қанат бiтiрген ат-көлiк малдардың, жүк артқан түйелердiң аяқ астында бақ етiп өлiп жатуы.

Мұздай темiр от қарумен бақайшығына дейiн жасақтала құрсанған жаумен қасық қаны қалғанша айқасып, атын шығарар перзентi бар екен, соған шүкiр. Қалибек хакiмнiң атын айдай әлемге паш еткен «Елiм-айлап өткен өмiр» атты том-кiтап рудың емес, ұлттың намысы десек болады. Бұл кiтаптың оқиғасына енген қазақтар бiздiң ұлтымыздың мына жалпақ жаһандағы ең қайсар, ең көнбiс, ең төзiмдi, ғажайып жұрт екенiн әйгiлеген. Адам баласының төзiмдiлiгi деген осыдан артық болмас. Жан бергенше тiрескен күрес атаулы осындай-ақ болар.

Қалибек көшiнiң Индияға жол тартқан адам төзгiсiз қиямет сапарындағы, Гималай шоқыларындағы улы газдан (1950 жылы) қаза тапқан отбасылардың күйзелiсi жан түр­ шiктiрерлiк. Қалибектiң өзi өте жақсы көрген кiшкентай перзентi, Мариямның өлiм алдындағы қайғылы көрiнiстерi жаныңызды жаралайды. Жүрегiңiздi сыздатып, ет бауы­ рыңды­ езедi. Осының алдында Мариямның ағасы Қапан­ ның, әпкелерi Шарбанның, Нұржамалдың және кiшкене iнiсi Iскендiрдiң улы газдан қасiреттi қазаға ұшыраулары отбасы мүшелерiнiң жан дүниесiн шайлықтырып, жүрегiн ұшырған. Олардың артында бауыр етi қан болып езiлген, Ханымша ана үн-түнсiз, өз iшiнен қан қақсап зарлап қалған. Бiрi артынан­ бiрi кетiп отырған перзенттер қазасы ауыр-ақ едi. Ол аз болғандай солардан кейiн, ендi тағы мына баласы жан үзуге айналған Қалибектiң жүрегi мүйiз болса да күйзелтпей қоймаған. Жазықсыз, кiнәсiз, арманды өлiмге беттеп бара жатқан қылығы тәттi, сүйкiмдi бүлдiршiнi, Мариям сол аға-iнi, әпкелерiнiң барлығын iштей еске алып жатып, әкесiне шерге толы соңғы ақтық арызын айтып:

– Аға! Бiздi неге осы жерге әкелдiң?! – деп өзiне ғана тән әлсiз, нәзiк наразылығын бiлдiредi. Өлiм қорқынышынан iш-өзегiн жегiдей жеген қайғысын арнайды. Әке көңiлiнде өмiрлiк айықпас арман-дерт қалдырады. «Аһ» десе, аузынан жалын шығарлық өкiнiш үрей арнаған. Наза мен налаға толы қасiрет арманын өксiткен. Балалық пәк қалпымен ақырғы рет осылайша жалынышты мүсәпiрлiкпен тiл қат­ уы – қайран әкенiң көзiне ерiксiз ыстық жас келтiрген. «Қасыйын десең қан шығып, қасымайын десең жан шы­ ғатын» кереғар iс өткен. Осынша бала-шағасын құрбан еткен Қалибек бұл әрекеттi кiм үшiн, қандай жағдайда iстедi. Ойлап көрiңiз. Бүгiнгi қарын тоқ, уайым жоқ заманда, мамырайхан-маңғаз заманда бiз жырлап отырған бұл ақуал тек айтуға ғана жеңiл. Жоғарыдағы суретке көп тоқталып, көп қадала айтып отырғанымыз, соншалық ауыр азаптың Қалибек тұлғасындағы­ қорытындысындай едi. Қалибектей адамның алмас қылыштай өткiр тұрпатының тартымы едi.

«Елiм-айлап өткен өмiр» кiтабында оқиға 1933 жылы Тарбағатайдың Майлы-Жайыр тауында дүниеге келген, Хасен Оралтайдың әкесi Қалибек хакiм 1935 жылы Манас-Сауан өңiрiндегi аты әйгiлi Қызылөзен деген жерге көшiп барып, тұрақтаған тұстан қозғалады. (Қалибек батыр Тар­ бағатайдан да аз ұлтты езушi гоминдан үкiметiне жақпай ауып келген). Арада оншақты жыл өтiп, 1944 жылдың күзiнде­ гоминданның езгiсiне қарсы, Iле-Құлжада ағайынды Әкбар-Сейiт батырлар бастаған ұлт-азаттық көтерiлiс бұрқ ете түседi. Бұған дейiнгi аралықта 1938–1939 жылдардан бастап Алтай аймағында Ырысқан Ноғайбайұлы, Есiмхан Иманбайұлы, Ақтеке, Сүлеймен мергендер бастаған көте­ рiлiстi ары қарай Оспан батыр жалғастырып, Шығыс Түр­ кiстандағы гоминдан үкiметiнiң төбесiнен жәй түскендей.

(Алтай көтерiлiсi әйгiлi жазушы Жақсылық Сәмитұлы­­ ның «Сергелдең» эпопеясында өте көркем, әрi тарихи нақты деректер желiсiмен суреттелген).

Аталған 1944 жылғы Iле көтерiлiсiнiң әсерi 1945 жыл­ дың көктемiнде­ Қалибек үкiрдай басқарып отырған Манас-Сауан­ ауданының Қызылөзен өңiрiне ұласқан. Бұл жердегi елден тыныштық кете бастайды. Сол көктемде 12 жасқа кел­ ген Хасен Оралтайдың, яғни Қалибек хакiмнiң отбасында қиянкескi тағдыр тауқыметi басталады. Басына күн туған­ Қалибек өзiнiң қарауындағы елiмен Қызылөзен яки «Қа­ либектiң дөң жайлауы» атанған мекеннен ауа көшiп, Көклік деген тауға, одан босқындарға Тибетке қарай жол ашып беретiн, Қарашәрi аймағына, одан Такламакан шөлiн көктей өтiп, арғы жағы Гаскөл, Гималай тауы арқылы қияметтiң қыл көпiрiн басып жүрiп, Тибетке, одан Үндiстанға жетедi. Қалибек елiнiң әр түрлi себеппен жолда өлгеннен қалған, тiрi жұрнағы пәкiстандатып жүрiп, арғы түбiмiз бiр – Түркияға жетiп iлiнедi.

Қалибектiң өкiнiшi де өз елiнiң бiразын шығынға ұшы­ ратып алуы едi. Бұл жағдай Жақсылық Сәмитұлы жазып отырған Ақтеке, Есiмхан, Ырысқандардың көтерiлiсiнде және Шәмiс Құмардың «Бөке батыр», «Көз жасы сар­ қылмайды» романдарында да осылай болған.

Қаһарман Қалибек хакiм етектеп жиып, ел еткiсi келген сол жұрттың ұрпағы қазiр Түркияда, Германияда жасап жа­ тыр. «Бесiктегi баланың бек боларын кiм бiлсiн» дегендей, жер кезiп босқан елмен Түркияға бiрге келген Хасен бала едi. «Азаттық радиосы» қазақ бөлiмiнiң негiзiн қалаған да, сол Хасен Оралтай десек артық болмайды.

Гималай

Тегiнде, осы Керей деген елдiң арғы-бергi жазба тарихына қарап отырсаңыз, қай-қай заманда да, басынан қызыл қыр­ ғын кетпеген ел екенi бiлiнедi. Тарихи деректерге сүйенген, Шыңжан Жазушылар одағын басқарып отырған, көрнектi жазушы Шәмiс Құмардың шығармашылығын алып қара­ саңыз да солай. Тарихи романдары «Бөке батыр», «Көз жасы сарқылмайды» атты кiтаптарында, осы мына Қалибек хакiмнiң елi босып өткен жерлерге мұнан бұрын тағы бiр дүркiн өз елiн бастап, Бөке батырдың да табаны тиген.

Манас Сауаннан шыққан қос батыр, Қалибек хакiм мен Тәкiман өз елдерi үшiн күресте құс ұшпас, құлан жортпас таулардың мәңгi мұзарт заңғарларында табан жолдарына киiз төсеп; үзiк-туырлық, текемет-сырмақтарының бiр бе­ тiн сулап, соны мұз тауларға бiртiн-бiртiн қатыра отырып, қияметтiң қыл көпiрiндей мимырт, қиын жол кешкен. Мұзарттарға тiрелiп, қарсы алдыдағы керме тастарға маңдай тiреп, тоқтап қалған жерлерде ат-көлiктерiнiң белiнен арқан байлап, өздерi ер, әйел демей, үстiңгi жағынан жабылып, тартып шығарып отырған. Шығара алмағандарын құз, арт­ қан мүлік-мүкәмал жүгімен шатқалға жiберген.

Әйел демекшi, қазақ әйелдерi сонау жоңғар заманынан бергi жаугершiлiктiң қай-қайсысында да ерлерi жаумен айқасып жатқанда, мына жақта үйiн жығып, жүгiн артып, дем арада дұшпанына көшкен жұрттарын сипатып кетiп отырған. Қалибек хакiманның соғысында да осы әйелдер бала-шаға қасында, еркектер жоқтығын бiлдiрмей, мен-мен деген азамат iстер iстi қылаусыз атқарған. Қалибек көшiнде де бiр шетi жаудан қырылып жатса, бiр жағынан табиғат апатына ұшырап, қақаған қыста Гималай тауының улы газының ысынан өлiп жатқан ұл-қыздарына қарай алмай, тiптi өлiктi жерлей алмай көлiкке артып, көштi алға жылжытқан. Тибет үстiртiне жақындағанда, соңынан жау қуалап атқылағанда адамды былай қойып, көп жылдан бергi жаугершiлiкте жүк артар көлiктiң басы болып келген, құтты жануар, ақ­бас атан үстіндегі жүгімен сазға батып қалып, Ханымша Ана жылаған тұста да, оқырман жаны құлазып кетедi. Дәл өзiңнiң шаңырағың қирап, сүйiктi жеке көлiк атаның оққа ұшқандай боласың. Көш адамдарының көрмегенi қалмайды. Адам баласына осыдан артық, мұнан асқан жапа бола ма?

Қалибек хакiмдi осыған жеткiзген қара басының қамы ма едi? Жоқ, ұлт намысы едi. Елдiң ертеңi едi. Айналасына деген әкелiк борыш, парызы едi. Соның бар азабына қасқая қарсы тұрып бас тiккен, Қалибек хакiмдей қаһарман ердiң қайталанбас, болаттай берiк серттiлiгi едi. Соның мына ХХ–ХХI ғасырларға ұласып, бүкiл Азия-Еуропаны жалт қаратқан нәтиженiң басы едi. Тiптi, мынау жұмыр жердiң сонау екiншi қабатындағы асқақ әлем – Әмерикаға үнi жетiп, азуын айға бiлеген Кеңес өкiметiн құлатуға күш қосқан әкелi-балалы, Қалибек хакiм мен Хасен Оралтайдың ұлтқа деген қайталанбас мұрагерлiк еңбегi, адал төккен маңдай терi едi. «Атадан ұл туса игi, ата жолын қуса игi» деген осы едi.

Мейiрiң қанша тас болса да, кiтапты оқып отырып, әке мен бала ортасындағы бiр сәттiк көрiнiске бажайлап қарасаңыз, адам жанын ауыртып, көзiңе жас келтiрерлiк жағдай ұшырасады­. Ол былай.

Қызылөзеннен шыққан босқын көш; Көклікке, одан оң­ түстiк Шыңжандағы ұйғырдың Қарашәрi аймағына, Так­ ламакан тандыр өлкесiне, Гаскөлге, Гималай тауына жеткен­ де жоғарыда аталған улы газдан көш жөнекей мал-жан, адам қырыла бастайды.

Арты жау, алды апат, анық қиын кезең едi. Сондай жағдайға кiрiптар болып кездескен, Қалибек хакiм өзi де өкiнiшке қалғандай едi. Жұрттың обалына қалдым ба? – деген сондай өкiнiштi сәтте, өз соңынан iлескен елге «қаламын десеңдер қалыңдар» деген шынайы тiлегiн осы кезде бiлдiредi. Әсiресе, алдыңғы жақта көпе-көрнеу ажалға кiрiптар еткен жағдайды көре тұрып, шынымен қайтқысы келген бiр бөлiм жұртқа ықтияр берiп, ақ тiлек тiлеп, жолға салады. Осындағы ең ғажабы, өзiнiң бiрден-бiр арқа сүйер, қиын жолында көңiлiне тiрек көрген, 16 жасар сенiмдi баласы­ Хасен Оралтайға да осы ерiктi берiп: «балам, қа­ ламын десең, сенiң де қалуыңа рұқсат қылайын, жассың ғой, Қытай сенi кешiрер» деп тығырыққа тiреледi. Бұл сөзге мүлде қосыла алмайтын сүйiктi перзентi: «әке, мен сен өлген жерде бiрге өлемiн!» дейдi... оқырманның кеңсiрiгi қақ айырылардай дуылдап кетедi. Оларға жеңiл болған ба?! Екеуiнiң де жүйесi босап, iшiнен егiле, мүжiлетiн анық бiр шерлi сәт осы болған. Бұл – әке мен бала ортасындағы шексiз трагедиялық қайғы сағаттардың куәсi едi. Өмiрдегi – әке, бала ортасындағы өлмес, өшпес классикалық қарым-қатынас деп осыны айтуға болар едi.

Қалибек хакімнің туған інісі Ілияс қытай құрсауында қалып, ал өзінен үлкен ағасы Әділбек жолда – Такламакан шөлінде адасып өліп, Қалибектің бір басына жалпақ жаһан құлап түскендей жалғыздық көрген кезі еді. «Жүрек іштен жыласа, ақыл іштен жұбатады» деген күн туған.

Осындай тұста «жығылғанға жұдырық» болып әрi күйеу, әрi жылқышысы мен тағы бiр ертеден сенiм артқан қуаяқ екеуi опасыздық көрсетедi. Қалибек ол екеуiн жылқыға жұмсап, баласы Хасендi қосып берiп, өзiнiң ең сенiмдi се­ рiк атын ертоқымымен соларға жетелетiп, «шылбырынан ұстап оттатыңдар, егер жау сыбысы бiлiне қалса, өзiме тез жеткiзiңдер» деп бередi ғой... Ана екеуi сiлелеп шаршап жүрген, Хасен балаға «сен екi-үш күннен берi ұйықтаған жоқсың, бiраз көзiңнiң шырымын ал», деп тiзеден келетiн омбы қарды тепкiлеп, астаушылап, қуыс орын шығарып берiп, қалың киiнген баланы қамқорсып жатқызады. Ха­ сен әрине, жамбасы жерге тиiсiмен қалың қар мамықтай көрiнiп,­ қатып ұйықтап қалады… Соны күткен ана екеуi жақсы аттарды таңдап мiнiп, зытып отырады. Қалибекке жасаған бiр қайырымы, оның ерттеулi атын бiр жерге байлап кетiптi. Тек бөктерiншегiндегi қоржыны толы қазы-шұжық тәрiздi жаугершiлiк тамағын шешiп әкетедi. Күнi бұрын жағдай келген жерде, пiсiрiп дайындап алған осындай құрғақ тағам болмаса, ақ қар, көк мұзда ас әзiрлеп алу да оңай емес-тi.

Тамақтан бұрын ең қиын болғаны, Қалибек хакiмнiң сонау Қызылөзеннен берi мұнан былай Тибет, Үндiстанға жол көрсететiн гео-картасы қоржынында екен, соның кет­ кенiне қатты күйiнген Қалибек «иттердi ұстап әкелiңдер, карта керек» деп, соңдарынан қуғын жiбередi. Бiрақ жыл­ қыдан жақсы аттарды таңдап мiнген қашқындар қарасын көрсетпей құтылып кетедi.

Хасен Оралтай

Мiне, осы сапарда Қалибек хакiм мен бәйбiшесi, Ха­ным­ шаның 8 перзентiнен Түркияға аман жеткенi Хасен Оралтай мен оның iнiсi Бiләл Хакiм ғана болады.

800 беттiк кiтаптың қай бетiн ашып оқысаңыз да, Хасен Оралтайдың өмiрлiк жиған-тергенiн көрiп, бiлгенiн дәл өз басыңнан өткендей қанық түрде жүрекке түйесің. Кiтап оқиғасы сiзге етене кiрiгiп кетедi. Тағы бiр сөзбен айт­ қанда, бұл ұзақ хикаяны өзiңнiң әлдебiр қандас, қимас жа­ қындарыңның басынан өткен оқиғадай қабылдайсың. Бұл кiтап мен қазақпын деген адамның барлығына да жат емес, қайта, әрбiр қандас, бауырлас дос-жаранның төрiнде тұрса қаныңды қозғап, намысыңды тасытарлық рухани қазынаң­ бола алатыны сөзсiз дер едiм.

ХI бөлiмге жiктелген томның қай тақырыбына көз сал­ саңыз да, соқпағынан адастырмай жетелеп тартып отырды. Ой әлемiңдi шырмап алады.

Сөз басында айтылғанындай, «Елiм-айлап өткен өмiр» кiтабын дүниеге келтiрген және көп жыл «Азаттық» ра­ диосының қазақ бөлiмiн басқарып, демократияға күш салған Хасен Оралтай қазақ халқының «елiм» деп өткен, кешегi Мұстафа Шоқайлары тәрiздi саңлақтарының бүгiнгi көзi, iзбасарының бiрi десе болғандай.

Осының барлығын қысқа түйiп айтқанда, бұл кiтап туған жерiнен ауа көшiп, шiлдей тозып босқан қазақтың рухани жетiмдiгiнiң энциклопедиясы десе боларлық. Тек осындай мұраларға иелiк етерлiк Егемендi елiмiздiң қорымал мұ­ рагерлерi болғайда.

Президентiмiздiң Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Еуро-Азия мәселесiн нығайтып, әсiресе айналамыздағы туыстас, қандас, дiндес елдердi бiрлiк-ынтымаққа шақырып отырған болса, «Елiм-айлап өткен өмiр» хикметiнiң де көздеп отырғаны сол ғаламдық мәселенiң өзi емес пе? Өйткенi, бұл кiтап Шығыс Еуропа мен Орта Азия көлемiнде бүгiнгi демократияның орнауына жеткiзген мәселенiң егжей-тег­ жейiне арналып отыр. ТМД елдерiнiң Тәуелсiздiк алуына «Азаттық» радиосының қазақ бөлiмiн ұзақ жыл басқарып, кеңестiк-тоталитарлық түзiмнiң жер бетiнен жойылуында, Хасен Оралтайдың еңбегi аз болмағаны зиялы қауымның бәрiне де мәлiм. Олай болса, бұл кiтаптың бүгiнгi қазақ қоғамында алатын орны да ерекше екенiн айтуымыз керек. Мұндай iстi мыңның бiрi, тiптi миллионның бiрi атқарып жатқан жоқ.

Атамыз қазақтың «мыңның қамын бір ойлар, бірдің қамын кім ойлар» немесе «мың адам жей алмаған қамыңды бiр адам жейдi» деген тәмсiлiне жүгiнсек, бiр өңiрден сыпырыла ауған қазақтың заманы қинаған кезiн, кәмүністік зұлмат табанына таптаған қанды кезеңін автор қапысыз еңбектенiп айтып бере алған. Әрi оны бүгiнгi ғаламдық толғақты мәселемен табиғи түрде ұштастырған.

Кiтаптың 323-бетiнде Американың бұрынғы президентi Билл Клинтонның Хасен Оралтайға жазған мына хатынан бiраз нәрсенi аңғаруға болады.

«Ақ үй, Вашингтон, Хасен Оралтай мырза, «Азат Еуропа – «Азаттық» радиосы, Мюнхен-Германияға».

Қадiрлi Хасен: «Азат Еуропа» мен «Азаттық» радиосы­ ның қызметкерi ретiнде атқарған қызметiңiз үшiн, қа­ йырымды бiр ел атынан рақмет айтамын. «Азат Еуропа» мен «Азаттық» радиолары Шығыс Еуропа мен бұрынғы Кеңес Одағында демократиялық күштердiң дамуында шешушi рөл атқарды және сiз оның мақсатына жету iсiне түрлi жақтан құнды үлес қостыңыз... Сiздiң адал қызметiңiз бен азаттық жолына шынайы берiлiп қызмет iстеуiңiз қол жеткiзген жағдайды әлем алдағы жылдар бойы есте сақтайды.

Тамаша iстерiңiз үшiн рақмет. Шынайы адалдықпен Билл Клинтон

* * *

...Бiр кезде сонау Майлы-Жайыр деген тауда ағаш кереге, киiз туырлықты көшпендi қазақ отбасында iңгәлап дүниеге келiп, аттың жалы, атанның қомында өскен қандасымыз, Хасекеңнiң ХХ ғасырдың соңы, ХХI ғасырдың басында тү­ йiсiп жатқан қыруар қызметiнiң шырқау шегi өмiрде емес, қиял болжамындай бiр әрекет болып елестейдi. Данышпан қазақ «қараша үйде туған баланың хан алдынан шықпасын кiм бiлсiн» дегенде, осындай өрлiк пен осындай өрелiлiктi айтқан болар. Немесе «лашықта да кемеңгер туады» деген болса, лашық емес, Қалибек үкiрдайдың ақбоз ордасында туып, сол қайсар әкенiң жысмани және рухи дүниесiнен, яғни соның асау қанынан жаралған, Хасен Оралтай шең­ гелiндегi жемiн ешкiмге жеткiзбейтiн ежелгi ор-теңбелдiгiн сақтаған.

Суреттер ғаламтордан алынды


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Көп оқылғандар