Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жанболат Башардың кітабы таныстырылады...

17.11.2016 2029

Жанболат Башардың кітабы таныстырылады

Жанболат Башардың кітабы таныстырылады - adebiportal.kz


Жанболат.jpg


19 қарашада Астана қаласынадағы Балалар кітапханасында (Ш. Құдайбердіұлы көшесі 25/3) сағат 11:00-де белгілі қаламгер, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жанболат Башардың «Қабір үстіндегі зұлмат» деп аталатын жаңа кітабының тұсаукесері өтеді. Оған ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Несіпбек Айтұлы, Еуразия Ұлттық универсиетінің профессоры, белгілі ғалым Серік Негимов, Астана қаласы әкімдігінің тіл басқармасының төрағасы Тілеуғали Қышқашбаев, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Абзал Бөкен, Мәдениет қайраткері, жазушы Қайырбек Садуақасов, жазушы, әдебиеттанушы, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Айгүл Кемелбаева, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, ақын Ілияс Мұқай және басқа да қаламгерлер мен БАҚ өкілдері қатысады.


Жанболат Башардың соңғы уақыттарда жазған «Қабір үстіндегі зұлмат» атты әдеби шығармасында, отызыншы жылдары қазақ халқының басына төнген қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының жантөзгісіз азабы, зұлмат жылдардағы халықтың қайғы-қасіреті суреттелген. Кеңестік дәуірдің отызыншы жылдарында болған саяси озбырлыққа қарсылық көрсеткен көтерілістер қазақ жерінде аз болмаған. Соның бірі - Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы аймағында, ел ішінде «уық көтерілісі» деп аталып кеткен, Тоқырауын көтерілісі. Бұл туралы кезінде ештеңе жазылмады, айтылмады. Еліміз тәуелсіздік алған соң шындықтың беті ашылып, көнекөз қарияларымыз там-тұмдап айтып, естеліктер жаза бастады. Автор сол бір зұлмат жылдарды шығарма өзегіне айналдырып, елдің еңсесін езген саяси озбырлыққа қарсылық жасаған Жабайдың Сәдуақасы сынды ел азаматтарының ақырып атқа қонуы, ел басына түскен аштық нәубетінің жантөзгісіз қасіреті, шынайы суреттеліп, оқырманды бейжай қалдырмайды. Сонымен бірге, кітапқа жазушының соңғы уақытта жазған әңгіме хикаяттары енген. «Пері мен Періште, «Айғана», «Аңшының ажалы», «Үрей», «Соғыстан қалған сыз» тағы басқа бүгінгі күннің өмір өрнегін қаузайтын жаңа туындылары бар. 




adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар