Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Жапырақ жауған күз

05.11.2020 1107

Жапырақ жауған күз 12+

Талдықорған қаласында Жетісудағы жеті ақынның театрландырылған поэтикалық әдеби-сазды кеші әзірленіп жатыр. Кештің өтетін жері - Б. Римова атындағы Талдықорған драма театры, өтетін күні мен сағаты - 9 қараша, 18:30. Алматы облыстық мәдениет басқармасы қолдап, Қазақстан жазушылар одағының сондағы филиалының атсалысуымен ұйымдастырылған поэзия кешінде өзіңіз өлеңдерімен сусындайтын жеті ақын: Сағыныш Намазшамова, Жұматай Оспанұлы, Айнұр Төлеу, Жангелді Немеребай, Гүлбақыт Қасен, Әмина Адайхан және Салтанат Құмархан. "Жапырақ жауған күзден" мөлдір жыр тыңдап, жақсы ой арқалап қайтарыңызға біз сенімдіміз, сіз - куә болыңыз!


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар