Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖОЛДАУ
Жарқын болашақтың жаршысы...

06.10.2018 3943

Жарқын болашақтың жаршысы

Жарқын болашақтың жаршысы - adebiportal.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған жолдауы мемлекеттің әр тұрғынының көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, болашаққа деген сенімдерін бекіте түсті. Қазақстанды алдыңғы қатарлы дамыған отыз елдің қатарындағы қуатты елге айналдыру бағытындағы көптеген бағдарламаларды рет-ретімен жүзеге асыратын басты күш адам қызметі үшін жан-жақты жағдай туғызуға қыруар қаржы бөлінбек. 2019 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы мөлшері 1.5 есеге көтеріліп, 42 мың теңгеге жетуі және әлеуметтік сала қызметкерлерінің айлық еңбекақыларына 35 пайыз үстеме қосылатыны, қаншама отбасының тұрмыстары айрықша жақсарады деген сөз. Сонымен қатар үкіметке және жергілікті әкімдіктерге отандық өнеркәсіптердің өнімдерін пайдалануды жолға қою тапсырылып, сол үшін 500 миллиард теңге қаражат бөлінетіндігі белгілі болды. Астанада онкологиялық орталық салып, оны дүниедегі ең озық технологиялық қондырғылармен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы мемлекет басшысының халқына деген асқан қамқорлығы мен жанашырлығын тағы да айқындай түсті. Ұлт көшбасшысының өңірлердегі ішкі қатынас жолдарды жөндеу туралы тапсырмасы мен "Ауыл - Ел бесігі" атты бастамасы әр қазақтың жүрегіне жылы тигені анық. Өзім үшін биылғы жолдаудың мазмұны мен маңызы өте жоғары деп бағалаймын. Болашаққа беттеген елдің көшінің түзелгендігіне көзіміз жетіп, көңіліміз өсіп, шын марқайдық.

Мейрамгүл Шаяхметқызы,

мәдениет саласының қызметкері


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар