Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«ЖАС ЕКПІН» жас өнерпаздар конкурсы баспасөз конференциясы өтеді

04.03.2018 1749

«ЖАС ЕКПІН» жас өнерпаздар конкурсы баспасөз конференциясы өтеді

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы және «Кенен Әзірбаев атындағы коммерциялық емес қоры» 2018 жылдың 6 наурыз күні сағат «ЖАС ЕКПІН» жас өнерпаздар республикалық конкурсына арналған баспасөз конференциясын өткізеді.

Шараның мақсаты - ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа аманат мұра болып жеткен халқымыздың дәстүрлі ән-күй саласындағы асыл қазынасын жан-жақты насихаттау, халық композиторларының ән-күйлерін, терме-жырларын жас ұрпақтың санасына сіңіріп, бүгінгі күннің талабына сай тәрбиелеу.

Әсіресе, жас таланттарды іздеп табу, қазақ халқының әншілік-күйшілік дәстүрін, мектебін, орындаушылық ерекшілектерін дәріптей отырып болашақ ұрпақтың бойында туған елдің өнеріне, өткеніне деген құрмет, сезімін қалыптастыру болмақ.

Уақыты: 6 наурыз 2018 жыл, сағат 10.00

Орны: Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы,

Алматы қ., Панфилов к-сі, 127 үй

Қосымша ақпарат:

+7 707-307-81-82,

+7 702-350-40-67


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар