Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖОЛДАУ
Жастар жылы – өскелең ұрпақтың оқуы мен тәрбиесіне септігін тигізбек

06.10.2018 8401

Жастар жылы – өскелең ұрпақтың оқуы мен тәрбиесіне септігін тигізбек

Жастар жылы – өскелең ұрпақтың оқуы мен тәрбиесіне септігін тигізбек - adebiportal.kz

Бұған дейінгі экономикалық салаларға бағытталған жолдаулар да мемлекеттік әлеуетін, әлеуметтің әл-ауқатын арттыруға бағытталған-ды! Бұл Жолдауда Елбасы нақты бағыттарға ерекше тоқталып, қабылданған бағдарламалардың нәтижелі жүргізілуіне баса назар аударды. Мәселен: Бизнесмендерге өкілетті органдардан мезгілсіз жасалатын қысымын азайту, орта және шағын кәсіпкерлікке мүмкіндік жасау, сәйкесінше салықтан түсетін қаржыны қатаң бақылау.

- 7-20-25 тұрғын үймен қамту бағдарламасына сәйкес жергілікті бюджеттен алғашқы жарнаны өтеу үшін субсидия бөлу мәселесі. Бұған облыс әкімдері тікелей жауап беретін болды;

- Мұғалімдердің статусын көтеруге бағытталған Заң қабылдау;

- Отандық өнімдерге қолдауды күшейтіп оларды дайындап шығаратын кәсіпорындарды көбейту мәселесі.

Ең бастысы келер жылдан бастап ең төменгі жалақы 1.5 есеге көбейетін болды.


Ал, жастарымыз үшін жағымды жаңалық - 2019 жыл "Жастар жылы" болып жарияланды. Бұл Елге тұтқа болатын өскелең ұрпақтың оқуы мен тәрбиесіне, өмірге тезірек араласуына, қоғамдық ортаның айқындаушы күшіне айналуына септігін тигізбек.

Мирлан Сақтағанұлы, Маңғыстау облысының

Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар